Депутаты Контакты Карта сайта
23.12.2016 г. прошла IX очередная сессия гормаслихата: был принят бюджет г.Караганды на 2017-2019 гг. и ряд других решений. Депутаты провели благотворительную ёлку для 80 детей с особенными потребностями.
img-board-1
img-board-2
img-board-3
img-board-4
img-board-5
img-board-6

1. Жалпы ережелер

2. Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер

3. Мәслихаттарды құру тәртiбi

4. Мәслихаттардың құзыретi

5. Мәслихаттың актiлерi

6. Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдері

7. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

8. Мәслихат регламентi

9. Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті

10. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

11. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

12. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

13. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары

14. Мәслихат сессиясының төрағасы

15. Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы (төрайымы)

16. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi




http://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Караганда и других городах Казахстана        

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?


«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Қарағанды қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 31 наурыздағы
№75 шешімімен бекітілген

«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі «Мекеме» деп аталады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, Президент мен Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Мекеменің ресми атауы:

«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Мекеменің заңды мекен-жайы:

100008, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау даңғылы, 16.

4. Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен штамптары, белгіленген үлгідегі бланкілері және де заңға сәйкес банктерде есеп-шоты болады.

5. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға енеді, өз атынан мәмілелер жасауға мүліктік және жеке мүліктік құқықтар алуға, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.

6. Мекеме өз құзырындағы мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіпте өкімдер түрінде актілер шығарады.

7. Мекеменің құрылымы қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

8. Мекеменің дербес балансы бар. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалалық мәслихаттың сессиясы бекіткен сомада және мерзімде жүргізіледі.

9. Мекеме өз міндеттемелері бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттармен жауап береді.

10. Мекеме жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Мекеменің қызметі, негізгі міндеттері мен құқықтары

11. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтерді жүзеге асырады.

12. Мекеменің негізгі міндеті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 25 бабына сәйкес мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

13. Мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

14. Мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқталынған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайда мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.


3.Мекеменің мүлкі

15. Мекеменің жедел басқаруында дербес мүлкі болады. Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен қалыптасады, негізгі қорлар мен айналыс қаржысынан, сондай-ақ мекеменің дербес балансында көрініс табатын басқа мүліктен тұрады.

16. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

17. Мекеме мүлікке өз қызметінің мақсаттары мен мүліктің қолданысына жедел басқару құқында ие болып, пайдаланады. Ол пайдалануға берілген мүлікті өз ыхтиярымен басқа біреулерге беруге құқығы жоқ.

4. Мекеме қызметін ұйымдастыру

18. Мекемені мәслихаттың хатшысы басқарады, ол қалалық мәслихаттың сессиясында сайланып, қызметінен босатылады. мәслихаттың хатшысы мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және оған есеп беретін лауазымды адам болып табылады. мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.

19. Мәслихат хатшысы сессия төрағасымен бірге қалалық мәслихат сесиясының шешімдеріне қол қояды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарға, қалалық мәслихаттың регламенті мен осы Ереженің негізінде және талаптарына сәйкес мекеме қызметінің мәселелері бойынша дербес өкімдер шығарады.

20. Мәслихаттың хатшысы мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның мүддесін аумақтық және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік атқарушы, бақылаушы органдарда, соттарда, шаруашылық субьектілерінде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қорғайды.

21. Мәслихат хатшысы мынадай құқықтар мен міндеттерге ие:

  1. есеп айырысу құжаттарына бірінші қол қою;
  2. банкте есеп айырысу және басқа шоттар ашу;
  3. заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасау;
  4. мекеме мүлкіне өз құзыры шегінде ие болу;
  5. мекеме қызметкерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жұмысқа қабылдауды және босатуды жүзеге асыру;
  6. қолданыстағы заңдарда көзделген сыйақылар мен тәртіптік жазаларды қолдану;
  7. еңбек қорғау нормативтерін, техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  8. мекеменің ішкі тәртіп ережелерін бекіту;
  9. мекеменің актілеріне қол қою;
  10. мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу;
  11. мекеме қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

22. Мәслихат хатшысы мекеменің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, Президент пен Үкіметтің нормативтік актілері талаптарының сақталуын қамтамасыз етуіне жауапты.

5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының блогі

Қарағанды қалалық мәслихатының karmaslihat.kz веб – сайтына қош келдіңіздер!


Сенім телефоны
Қазақстан республикасының
мемлекеттік нышандары






Контактная информация
  Адрес: г. Караганда, Бейбiтшiлiк бульвары, 39А
Телефон: 8-7212-420234
E-mail: info@karmaslihat.kz
Создание и сопровождение сайта
Hoster.KZ