Депутаты Контакты Карта сайта
23.12.2016 г. прошла IX очередная сессия гормаслихата: был принят бюджет г.Караганды на 2017-2019 гг. и ряд других решений. Депутаты провели благотворительную ёлку для 80 детей с особенными потребностями.
img-board-1
img-board-2
img-board-3
img-board-4
img-board-5
img-board-6

1. Жалпы ережелер

2. Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер

3. Мәслихаттарды құру тәртiбi

4. Мәслихаттардың құзыретi

5. Мәслихаттың актiлерi

6. Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдері

7. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

8. Мәслихат регламентi

9. Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті

10. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

11. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

12. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

13. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары

14. Мәслихат сессиясының төрағасы

15. Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы (төрайымы)

16. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi




http://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Караганда и других городах Казахстана        

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?


VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттарының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.
Сенім мандаты «Нұр Отан» партиясының өкілдері болып келетін 30 халық қалаулысына табысталды. І сессияда мәслихаттың жаңа хатшысы сайланды және тұрақты комиссиялардың құрамдары бекітілді.

29.03.2016

Бүгін Қарағанды қ. жаңа сайланған мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сенім мандаттары сайлау алдындағы бәйгеде жеңгендерге табысталды. 9 халық қалаулысы ардақты белгілерін және куәліктерін алғаш рет алса, қалғандары өткен шақырылымдардың депутаттары болып келеді.

VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 30 депутатының үштен бірі - жаңа тұлғалар, көпшілігі – іс-тәжірибесі бар депутаттар.
Қазіргі депутаттардың 24-і - ер адамдар.
сайланған депутаттардың барлығы - билеуші партияның өкілдері, алайда ұлттары мен қызмет салалалры әр түрлі.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысын сайлау болып табылады. Нұра ауданының экс-әкімі Құдайберген Бексұлтановқа бірауыздан дауыс берілді. Бұл - хатшының алғашқы шақырылымы емес, бүгінгі күнге дейін Құдайберген Бексұлтанов үш рет қалалық депутаттар командасын басқарған (2-ші, 3-ші және 4-ші шақырылымдар). Демек, депутаттық міндеттерді шешуде тәжірибесі бар.

- Халқымыздың игілігі, қаламыздың көркеюі үшін жұмыс істейміз, - дейді Құдайберген Бексұлтанов VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланғаннан кейін. - Қарағанды Президентіміздің елімізде жүргізіп жатқан барлық реформалардың орындалуына өз үлесін қосады. Біз ауқымды, қызықты да, жауапты жұмыс атқарамыз. Қалалық мәслихаттың үйлесімді ұжымы, ең алдымен, қарағандылықтармен өзара байланыс орнатуда жақсы дәстүрін жалғастыратынына сенемін.

Жаңа тұлғалармен бірге қалалық мәслихатқа кейбір өзгерістер де келді. Тұрақты комиссиялардың жұмыс бағыты мен функционалдары қайта қарастырылды. Енді, бұрынғы төрт комиссияның орнына бес комиссия құрылды. Комиссиялар салалар бойынша бөлінді, ондағы депутаттар түрлі мәселелерді қарастыратын болады.

Бір топ қаланың даму бағдарламасы мен бюджетін зерттеумен айналысса, екінші топ еңбек және әлеуметтік сала мәселелерін қарастыратын болады. Үшінші комиссияны негізінен қаланың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызықтыратын болады. Тағы бір топ депутаттар қалада жергілікті өзін-өзі басқаруды және заңдылықтың сақталуын қарастырады. Ал жаңа бесінші комиссия кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуал мәселелерімен айналысады. Дауыс беру арқылы комиссиялардың төрағалары сайланды. Олардың барлығы - халық қалаулысы мәртебесіне көп жылдар бойы ие болған депутаттар.

Депутаттардың жаңа құрамы мен хатшы Құдайберген Бексұлтановты Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров құттықтады:
Қарағандылықтардың сайланған депутаттарға деген зор сенімдері мәслихаттың жаңа құрамына маңызды міндеттер жүктейді, - дейді қала басшысы. - Депутаттарымыз өз міндеттеріне бар жауапкершіліктерімен қарап, облыс орталығында маңызды реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосады деп ойлаймын.

Бесінші шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы, қазіргі уақытта Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесін басқарған Қабдығалы Оспановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді. Экс-депутаттар Қабдығали Нұрғалиұлына сыйлық табыстады.

Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының блогі

Қарағанды қалалық мәслихатының karmaslihat.kz веб – сайтына қош келдіңіздер!


Сенім телефоны
Қазақстан республикасының
мемлекеттік нышандары






Контактная информация
  Адрес: г. Караганда, Бейбiтшiлiк бульвары, 39А
Телефон: 8-7212-420234
E-mail: info@karmaslihat.kz
Создание и сопровождение сайта
Hoster.KZ