Депутаты Контакты Карта сайта
23.12.2016 г. прошла IX очередная сессия гормаслихата: был принят бюджет г.Караганды на 2017-2019 гг. и ряд других решений. Депутаты провели благотворительную ёлку для 80 детей с особенными потребностями.
img-board-1
img-board-2
img-board-3
img-board-4
img-board-5
img-board-6

1. Жалпы ережелер

2. Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер

3. Мәслихаттарды құру тәртiбi

4. Мәслихаттардың құзыретi

5. Мәслихаттың актiлерi

6. Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдері

7. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

8. Мәслихат регламентi

9. Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті

10. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

11. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

12. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

13. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары

14. Мәслихат сессиясының төрағасы

15. Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы (төрайымы)

16. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi




http://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Караганда и других городах Казахстана        

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?


ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ: ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

02.03.2016 ж.

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Н.Оспановтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы (қалалық мәслихаттың кезекті LVI сессиясы) сөйлеген сөздері.

Құрметті әріптестер, шақырылғандар!
2016 жыл өз бастамасын алды. Бұл жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен еліміз үшін аса маңызды.
Ағымдағы жылдың қаңтарында V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатына 4 жыл болды. Өздеріңіз білейтіндей, ағымдағы жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына VI шақырылымының кезекті сайлауы жарияланған.
Қарағанды қалалық мәслихатының өткен жыл бойынша жұмысын қорытындылауға рұқсат етіңіздер.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдық мерейтойымен және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығымен ерекшеленген 2015 жыл мерекелік іс-шараларға, сонымен қатар өздеріңіз үлес қосқан қызу жұмыстарға толы болды. Атқарған еңбектеріңіз үшін әрқайсысыңызға алғысымды білдіремін.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалалық мәслихат өз уәкілеттіктерін сессияларда және тұрақты комиссиялар арқылы жүзеге асырады. 2015 жылы 12 сессия,соның ішінде 7 кезектен тыс сессия өтті.

БЮДЖЕТ
Жергілікті өкілетті органның құзіретіне жататын маңызды мәселелердің бірі бюджетті, қаланың даму бағдарламасын және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту мәселесі болып табылады.
Есептік жылда Қарағанды қаласының 2015 жылға арналған бюджетіне 3 мәрте өзгерістер енгізілді. Бюджеттің бар кіріс көздеріне сәйкес, қалалық мәслихат депутаттарының ұсыныстары бойынша, әлеуметтік бағдарламаларға және қала тіршілігінің өзекті мәселелерін орындауға бюджеттік қаражат бөлінгенін атап өту қажет.
2015 жылғы 23 желтоқсанда қалалық мәслихаттың 54-ші сессиясында негізгі қаржылық құжат - 2016-2018 жылдарға арналған бюджет бекітілді, онда шығыстардың әлеуметтік бағыттары сақталған. Ағымдағы жылдың бюджетінде барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру қарастырылған.
Қала әкімдігі сайлаушыларымыздың тілектерін орындау бойынша іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін жоғары тұрған бюджеттен трансферттер алу үшін қажетті шаралар қолданғаны қуанышты.
Туындаған күрделі экономикалық жағдай бюджетте сайлаушыларымыздың барлық тілек- талаптарын толық ескеруге мүмкіндік бермейді. Алайда, мәселелер деңгейлеп шешілетін болады. Бұл міндетті біз бірігіп алдағы жылы және одан арғы жылдарда шешуіміз қажет.
Қосымша кіріс көздерін іздестіру өткен жылдың желтоқсанында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілген Қарағанды қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы бойынша іс-шаралардың іске асырылуына жол береді. Осы бағдарламада ағымдағы шешімдерді шешуге, сонымен қатар келешектегі ұзақ мерзімді бастамалардың іргетасын салуға назар аударылған.

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСТАРЫ
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингі аясында ең маңыздылары мен өзекті мәселелері бойынша 2015 жылы тұрақты комиссиялардың 92 отырысы ұйымдастырылды және өткізілді, соның ішінде 38 көшпелі отырыстар.
Қарағанды қалалық мәслихаты жылыту маусымына, соның ішінде шағын поселкелердің тұрғын қорларының нысандарын әзірлеу мәселесіне және оның өту қорытындыларына ерекше назар аударады. Кезекті сессияға осы мәселені әзірлеу аясында депутаттар қызмет көрсетуші-кәсіпорындардың нысандарына барып, кәсіпорындардың инвестициялық жобаларының іске асырылу барысымен, тұрғын үйлерде жылу қуатын есептеудің жалпыға ортақ есептеу құралдарын орнату барысымен, сонымен қатар квартал ішіндегі жылу желілерін жылу оқшаулау барысымен танысты.

Әріптестер, естерінде қалған болар, өткен жылы біз Ленин - Гастелло көшелерінің, Гоголь көшесінің, Н.Әбдіров даңғылының, Ленин көшесінің жылу желілерін қайта құру бойынша «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар бөлгеміз. Осы нысандарға бірнеше рет комиссиялық орынға шығу ұйымдастырылған, онда бюджеттік бағдарлама әкімшісіне және мердігерлерге қалада жылыту маусымының басталуына кедергі жасамау мақсатында жұмыстарды орындау мерзімдерін сақтау туралы міндет қойылған.
Ағымдағы жылыту маусымының өтуі оған дайындық бойынша жоспарланған іс-шаралар уақытында және толық көлемде орындалғанын куәландырады.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ
Мәслихат жұмысының негізгі бағыттарының бірі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойыша уәкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады, сондықтан, мен, қалалық мәслихат хатшысы ретінде сайлаушыларымыздың әрбір мәселесіне зерделі назар аударуға тырыстым.
Жалпы, 2015 жылы қалалық мәслихаттың құжат айналымы 1197 хатты құрайды, соның іщінде 568 - кіріс хат-хабарлар, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері - 155. 629 шығыс хат-хабар құжаттары әзірленген, соның ішінде 36 депутаттық сауалдар.
2015 жылы жеке қабылдау барысында маған 61 азамат өтініш білдірді. Өтінушілер негізінен тұрғын үй және жер мәселелерін, аулаларды көркейту және жолдарды жөндеу, сонымен қатар жұмыспен қамту мәселелерін көтерген.
Көтерілген мәселелер жергілікті өкілетті органның құзіреті аясында шешілген.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Депутаттық корпус, мүмкіндігінше, сайлаушылардың басқа өтініштерін шешу үшін шаралар қолданған, соның ішінде мұқтаж азаматтарға депутаттар өз қаражаттары есебінен атаулы материалдық көмек көрсетеді.

Жалпы, қайырымдылық жергілікті өкілетті органның ажырамас бөлігі болып табылады. Өткен жылы өткізілген қайырымдылық шараларының белсенді демеушілері ретінде келесі депутаттар ерекшеленді: Әшімов Төлеген Мұқатайұлы, Кравченко Татьяна Ивановна, Зорин Борис Викторович, Досжанов Бейбіт Сабырұлы, Сыздықова Сайран Бигалиқызы, Осин Шамиль Абзалетдинович, Кенжин Болат Маулетұлы, Крючков Владимир Алексеевич.
«Бақытты балалық шақ» республикалық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы бастамашылық жасаған «Болашаққа үлес қосамыз» қайырымдылық акциясы аясында Т.М.Әшімов, С.Б.Сыздықова, С.Н.Буранқұлова, Т.Зейнұлқабден, К.Н.Оспанов, Н.Ю.Мальчушкина, Ж.А.Мұхтаров, Ю.В.Бадина, Б.Ж.Толықпаев, Б.С.Досжанов, Б.М.Кенжин, Б.В.Зорин, В.Н.Мазитов, С.Т.Балкишев, Б.С.Исхаков, Т.И.Кравченко, Ш.А.Осин сияқты қалалық мәслихат депутаттары жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар үшін қаланың түрлі банктерінде Мемлекеттік жинақтау жүйіс бойынша обілім алу салымдар ашқан.
Қалалық мәслихат депутаттары жыл сайын «Мектепке жол» дәстүрлі Республикалық акциясына белсенді қатысады. Есептік кезеңде Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары есебінен аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп керек-жарақтары, мектеп және спорт формалары сатып алынған және Т.И.Кравченко, С.В.Ан табыстады.

Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушыларын құттықтау - Қараған қалалық мәслихатының дәстүрлі шарасы. Биылғы, мерейтойлық жылда депутаттардың өз қаражаттары есебінен соғысқа қатысушы Алексей Пичуговке - телевизор, Антонина Степановаға - кір жуатын машина-автомат, Мухаметшин Ситдикке - тоңазытқыш сатып алынды және табысталды. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың барлық депутаттары жыл сайын ҰОС қатысқан өз сайлаушыларын сайлау округтерінде құттықтайды.
Сонымен қатар, Жеңістің мерейтойлық жылында қалалық мәсдихат депутаттары «Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен тұлғалардың амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн кезектен тыс артықшылықпен пайдалануы туралы» сессия шешіміне бастама жасап, бекіткен.
Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттары егде жастағы қаланың 20 тұрғынын үйлерінде құттықтап, жаңа техника мен азық-түлік жинақтамаларын тапсырды. Жаңа 2016 жыл қарсаңында 4 көпбалалы отбасылардың 18 баласын тәтті сыйлықтар сыйлай отырып, құттықтады. Сонымен қатар әрбір отбасына асхана жинағы мен ыдыстар сыйға тартылды.

БАҚ-ДА АҚПАРАТ
Сайлау алдындағы міндеттерді іске асыру, сонымен қатар, жалпы, қалалық әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды орындау бойынша атқарылған жұмыстары туралы Қарағанды қалалық мәслихаты 2015 жылы БАҚ-да қарағандылықтарды тұрақты ақпараттандырып тұрды.
«Первый Карагандинский» телеарнасында «Бағыт» и «Репортер» телебағдарламаларында, «Шахар» ток-шоуында (мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде), сонымен қатар басқа БАҚ-да депутаттар көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, талқылады.
Мәслихат аппараты есептік кезеңде мәслихатты және оның органдарын ұымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етті, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетті.

Қорытындылай келе, мен, қалалық мәслихат хатшысы мен тұрақты комиссиялар қызметінің үйлестірушісі ретінде біз сессиядан сессияға, тұрақты комиссияның отырыстарында тәжірибе жинақтайтынымызды атап өткім келеді.
Мәслихаттың негізгі міндеті Қарағанды қаласы тұрғындарының тілектерін білдіру, оларды іске асыру үшін іс-шаралар анықтау және олардың орындалуын бақылау, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қала тұрғындары сайлаған қалалық мәслихат депутаттары өз жұмыстарында олардың мүдделерін әрқашан қорғайтын болады.
Қалалық мәслихат қызметі алдағы кезеңде атқарушы органдармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара келісімді қызметтері негізінде анықталып, Елбасының "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында аталып өткен негізгі қағидалардың және басқа бағдарламалық құжаттардың орындалуына бағытталады.
Назарларыңызға рахмет!

Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының блогі

Қарағанды қалалық мәслихатының karmaslihat.kz веб – сайтына қош келдіңіздер!


Сенім телефоны
Қазақстан республикасының
мемлекеттік нышандары






Контактная информация
  Адрес: г. Караганда, Бейбiтшiлiк бульвары, 39А
Телефон: 8-7212-420234
E-mail: info@karmaslihat.kz
Создание и сопровождение сайта
Hoster.KZ