Депутаты Контакты Карта сайта
23.12.2016 г. прошла IX очередная сессия гормаслихата: был принят бюджет г.Караганды на 2017-2019 гг. и ряд других решений. Депутаты провели благотворительную ёлку для 80 детей с особенными потребностями.
img-board-1
img-board-2
img-board-3
img-board-4
img-board-5
img-board-6

1. Жалпы ережелер

2. Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер

3. Мәслихаттарды құру тәртiбi

4. Мәслихаттардың құзыретi

5. Мәслихаттың актiлерi

6. Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдері

7. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

8. Мәслихат регламентi

9. Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті

10. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

11. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

12. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

13. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары

14. Мәслихат сессиясының төрағасы

15. Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы (төрайымы)

16. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi




http://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Караганда и других городах Казахстана        

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?


Қарағанды қаласының кұрметті азаматтары

Алалыкина Ядвига Фридриховна

Алалыкина Ядвига Фридрих-овна 1888 жылы 2 қазанда Украинаның Кременчуг қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1905 жылы Екатеринослав қаласында мұғалім болып бастады. 1908 жылы Лозанна және Женева (Швейцария) университеттерінің табиғи факультетін, 1918 жылы Киев қаласында әулие Владимирдің университетінің жоғары медициналық курстарын аяқтады. Украинаның ауруханаларында және госпитальдарында қайрымдылық бикесі, фельдшер, дәрігер болып жұмыс істеді.
1930 жылдан бастап Я.Ф. Алалыкинаның өмірбаяны Қарағандымен тығыз байланысты. Жұбайы Герман Алалыкинмен бірге бірінші рет отбасылық амбулаториясын ашты, терапевт болып жұмыс істеді. Жүздеген адамдарды түрлі аурулардан сақтап қалды. Жұбайымен бірге отызыншы жылдары сүзек індетімен батыл және табысты күрес жүргізді. Бірте-бірте Алалыкиндар амбулаториясы стационары бар емханаға айналды.
¥лы Отан соғыс жылдарында эвакуацияланған госпитальдарда жұмыс істеді, жараланған қызыләскершілерді аяқтарына тұрғызды, жүбайына жүздеген операцияларды жасауға көмектесті.
Я.Ф. Алалыкина қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. 1931-1948 жылдар аралығында қалалық және облыстық жұмысшы депутаттар Кеңестерінің депутаты болып сайланды, біраз уақыт қалалық жүмысшы депутаттар Кеңесінің денсаулық қорғау бойынша түрақты комиссиясын басқарды. 1935 жылы Орталық атқару комитетінің мақтау қағазымен марапатталды.
Шахтерлер астанасында денсаулық қорғауды үйымдастырғаны және дамытқаны үшін 1967 жылдың 26 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1967 жылы 26 қазан


Рақышев Мағауя

Мағауя Рақышев стахановшылардың, көмір өнеркәсіп озаттарының бірі болып қарағандылықтардың мәңгі естерінде қалды. Ол 1931 жылы, отыз алты жасқа толғанда, Қарағанды шахталарына келді. Оның сол кездегі өмірлік тәжірибесі өте бай еді. Он бір жасында ол Құржымбаев байдың бақташысы болып істеді. Одан кейін Екібастұз көмір кендерінде забойшы мамандығын игерді. 1929-30 жылдарында ол - Қазақ темір жолының жұмыскері.
Қарағандыда оның еңбекшілдігін, адамдарды ұйымдастыру қабілеттілігін байқап, Киров атындағы шахта забойшыларының бригадирі болып тағайындайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол - навал соққыштардың бригадирі, №3-бис шахтасының кен шебері. М. Рақышевтің тылдағы еңбек ерлігі туралы сол кездегі «Социалистік Қазақстан» облыстық газеті көп жазған. Соғыс жылдарынан кейін де ол кен жұмысымен 1956 жылға дейін қоштаспады.
Мағауя Рақышев Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған, оған «Құрметті шахтер» атағы берілген.
Қалалық көмір өнеркәсібін дамытуда сіңірген үлкен еңбегі үшін, бассейн шахталарында еңбектің жоғары өнімділігі үшін, лайықты шахтерлер кезегін тәрбиелегені үшін 1967 жылдың 26 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1967 жылы 26 қазан


Костенко Петр Иванович

1903 жылы Ставрополь аймағы Минеральные Воды қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1916 жылы темір жолдың жөндеуші жұмыскері болып бастады. 1928 жылы екіжылдык партия мектебін, 1932 жылы Ленинград қаласында орталық қаржылық курстарын бітірді.
1938 жылдан бастап Қарағанды қаласында. Жинақ кассалары басқармасының бастығы болып, одан кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1942 жылдан Қарағанды қалалық атқару комитетінің төрағасы.
«Отан соғысы» орденімен, екі «Құрмет белгісі», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
¥лы Отан соғыс жылдарында Қарағандының құрылысына және дамуына қосқан зор үлесі үшін, жұмысшыларды туған қаласына, Қазақстанға деген сүйіспешілік және берілгендік рухында тәрбиелегені үшін 1969 жылдың 16 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 16 сәуір


Шонин Георгий Степанович

1935 жылы 3 тамызда Луганск облысы Ровеньки қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Одесса қаласының ӘӘК арнайы мектебін және Ейск ұшқыштар әскери авиациалық училищесін бітірді.
1960 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында болды.
1968 жылы Н.Е. Жуковский атындағы әскери-әуе инженерлік академиясында оқуын аяқтады. 1969 жылы 11-16 қазанында Г.С. Шонин, В.М. Кубасовтармен бірге «Союз-6» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшты.
Георгий Степанович басқарған ғарыш кемесі «Союз-7» кемесімен бірге тәуліктік топтық ғарыш сапарын жасады және «Союз-7» және «Союз-8» кемелерімен бірге үш тәуліктік ғарыш сапарын жасады.
«Союзе-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелерінде топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батылдық пен батырлығы үшін Г.С. Шонинге Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Г.С. Шонин көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен, сонымен қатар К.Э. Циолковский атындағы Алтын медальмен марапатталған.
1969 жылы 16 қазанда мәскеу уақыты бойынша 12 сағат 52 минутта Шонин басқарған
«Союз-6» ғарыш кемесі Қарағанды аумағына келіп қонды. Ал 23 қазанда ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін, ғарышты игергені үшін, «Союз-6» ғарыш кемесін үздік қондырғаны үшін «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан


Кубасов Валерий Николаевич

1935 жылы 7 қаңтарда Владимир облысы Вязники қаласында дүниеге келген.
1958 жылы С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын бітірді.
1966 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында болды.
1969 жылы 11-16 қазанында В.М. Кубасов (Г.С. Шонинмен бірге) «Союз-6» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшты. 1975 жылы 15-21 шілдеде екінші рет «Союз-19» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшты (экипаж командирі - А.А. Леонов). Әлемде бірінші рет екі елдің КСРО мен АҚШ «Союз» және «Аполлон» ғарыш кемелері біріккен ғарыш сапарын өткізді. 1980 жылы 26 мамыр-3 маусымда В.Н. Кубасов «Союз-36» (ғарышкер-зерттеуші ВХР азаматы Берталан Фаркаш) ғарыш кемесінің халықаралық экипажының командирі болып «Салют-6» орбиталдық станциясына сапарын жасады.
«Союз-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батырлық пен батылдығы үшін В.Н. Кубасовқа Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
В.Н. Кубасов көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен және де К.Э.
Циолковский атындағы Алтын медалімен, Ю.А.Гагарин атындағы Алтын медальмен марапатталған. Ол Венгрия халық республикасының батыры.
Ғарышты сәтті игергені үшін, ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін, ғарышта балқытып біріктіру жүмыстарының эксперименттерін жүзеге асырғаны үшін, «Союз-6» ғарыш кемесін Қарағанды аумағына үздік қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан


Филипченко Анатолий Васильевич

1928 жылдың 26 ақпанында Воронеж облысы Давыдовка деревнясында дүниеге келген. Воронеж қаласында ӘӘК арнайы мектебін және 1950 жылы Чугуевск әскери авиациялық ұшкыштар училищесін бітірген. 1961 жылы Әскери-әуелік академиясын бітірді (қазір Ю.А. Гагарин атында).
«Союз-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелері топтық сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батылдық пен батырлығы үшін Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Союз-7» кемесінде ғарыш сапарын іске асырғаны үшін «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
1963 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында болды.
1969 жылы 12-17 қазанында «Союз-7» ғарыш кемесінде құрамына В.Н. Волков және В.В. Горбатко кірген экипаждың командирі ретінде ғарышқа ұшты. Ғарыш сапары кезінде жер жанындағы ғарыш кеңістігінде бірнеше ғылыми-техникалық эксперименттер жүргізді. 1974 жылы 2-8 желтоқсанда екінші рет «Союз-16» ғарыш кемесінің экипаж командирі ретінде ғарышқа ұшты (бортинженері - Н.Н. Рукавишников). Осы ғарыш сапары «Союз-Аполлон» бағдарламасы бойынша кеңестік-американдық эксперименттік ғарыш сапарын өткізу алдында, кемесімен түйістіру түйінінің өтеу жүмыстарының дайындауы аяқталды. Көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен және де К.Э. Циолковский атындағы Алтын медальмен марапатталған.
Ғарышты игергені үшін, ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін, Қарағанды маңына «Союз-7» ғарыш кемесін үздік қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан


Волков Виктор Васильевич

1935 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Мәскеу авиациялық институтын бітірген. 1966 жылдан бастап ғарышкерлер тобында. 1969 жылдың 12-17 қазанында «Союз-7» кемесінде бортинженер ретінде ғарышқа ұшты (А.В. Филипченко және В.В. Горбаткомен бірге).
«Союз-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелерінде топтық ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батылдық пен батырлығы үшін Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Союз-7» ғарыш кемесінде ғарыш сапарын іске асырғаны үшін «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
Ғарыш кемесі экипажы жер жанындағы ғарыш кеңістігінде бірнеше ғылыми-техникалық эксперименттер және зерттеулер жүргізді. 1971 жылы 6 маусымда Жердің серігін орбитаға шығарған «Союз-11» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде экипаж құрамында болды. 1971 жылы 7 маусымда «Союз-11» 1971 жылдың 19 сәуірінен бастап орбитада болған «Салют» ғылым станциясымен түйістірілді. Сапар бағдарламасын ойдағыдай аяқтап, 1971 жылдың 30 маусымында кеме Жерге қайтып келе жатты. Бірақ кеме кабинасының герметизациясы бұзылып В.Н. Волков және экипаждың басқа мүшелері қайтыс болды.
В.Н. Волков Ленин орденімен және К.Э. Циолковский атындағы Алтын медалімен марапатталған. В.Н. Волковтің сүйек күлі Қызыл алаңдағы Кремль қабырғасына сыланды.
Ғарышкерлер тобында ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын өткізгені үшін, сол кезде білдірген батылдық пен батырлығы үшін, ғарыштағы зерттеулері үшін, Қарағанды маңына ғарыш кемесін жайлы қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Горбатко Виктор Васильевич

1934 жылы 3 желтоқсанда Краснодар аймағы Венцы-Заря поселкесінде дүниеге келген. Үшқыштарды алғашқы оқыту мектебін және 1956 жылы А.К. Серов атындағы Батайск әскери-авиациялық училищесін бітірген.
«Союзе-6», «Союз-7», «Союз-8» ғарыш кемелерінде топтық ғарыш сапарын ойдағыдай
өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батырлық пен батылдығы үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді, сонымен қоса Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі берілді. «Союз-7» ғарыш кемесінде ғарыш сапарын өткізгені үшін «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
1966 жылдан бастап ғарышкерлер Орталығында. 1968 жьлы Н.Е. Жуковский атындағы әскери әуе инженерлік академиясын бітірді. 1969 жылы 12-17 қаңтарында В.В. Горбатко «Союз-7» ғарыш кемесінің инженер-зерттеуші ретінде ғарышқа ұшты (А.В. Филипченко және В.Н. Волковпен бірге). Ғарыш кемесі экипажы жер жанындағы ғарыш кеңістігінде бірнеше ғылыми-техникалық эксперименттер және зерттеулер жүргізді. 1977 жылы 7-25 ақпанда «Союз-24» ғарыш кемесінің экипаж командирі болып екінші рет «Салют-5» орбиталдық станциясына ғарыш сапарында болды. 1980 жылы «Союз-27» ғарыш кемесінің халықаралық (ғарышкер-зерттеуші ВСР азаматы Фам Туан) экипаж командирі ретінде «Салют-6» орбиталдык станциясына ғарыш сапарында болды.
Ғарышкер көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен және де К.Э. Циолковский атындағы Алтын медальмен марапатталған. МХР және ВСР Батыры.
Ғарыш кемелерінің топтық ғарыш сапарын өткізгені үшін, сол кезде білдірген батылдық мен батырлығы үшін, ғарыш кемесін Қарағанды маңына ойдағыдай қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан


Шаталов Владимир Александровнч

1927 жылы 8 желтоқсанда Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. 1945 жылы Воронеж ӘӘК арнайы мектебін және 1949 жылы Качинск ұшқыштар әскери-авиациялық училищесін оқып бітірді. 1956 жылы Әскери-әуелік академиясын бітірді (қазір Ю.А. Гагарин атында).
1963 жылдан бастап ғарышкерлер дайындайтын Орталықта, 1971 жылдан бастап кеңес ғарышкерлерін дайындау басшысы. 1969 жылы 14-17 қаңтарында В.А. Шаталов «Союз-4» ғарыш кемесінің экипаж командирі ретінде ғарышқа ұшып, Б.В. Волынов басқарған «Союз-5» ғарыш кемесімен жақындасып, түйістірді, А.С. Елисеев пен Е.В. Хруновқа «Союз-4» ғарыш кемесіне ашық ғарыш арқылы өтуін қамтамасыз етті. Осы ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін және сол кездегі білдірген батылдык пен батырлығы үшін Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді. 1969 жылы 13-18 қазанда (А.С. Елисеевпен бірге) «Союз-8» ғарыш кемесінің командирі ретінде екінші рет ғарыш сапарына барды. 1971 жылы 23-25 сәуір аралығында үшінші сапары өтті. В.А. Шаталов «Союз-10» кемесінің экипажын басқарды.
Көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.
«Союз-8» ғарыш кемесінің ғарыш сапарын үздік өткізгені үшін, ғарыш кемесін Қарағанды маңына ойдағыдай қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан


Елисеев Алексей Станиславович

1934 жылы 13 шілдеде Калуга облысы Жиздра қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғарғы техникалык училищесін бітіріп, конструкторлық бюросында жұмыс істеді. 1966 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында.
Ғарыш сапарын ойдағыдай орындағаны үшін және «Союзе-4», «Союз-5» кемелерінің орбитада ұшып жүрген кезде, әлемде бірінші рет бір ғарыш кемесінен екінші кемеге өтуді іске асырғаны үшін, сол кездегі білдірген батылдық пен батырлығы үшін Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1969 жылы 13-18 қазанда А.С. Елисеев екінші рет ғарышқы сапар жасады. «Союз-8» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде болды. 1971 жылы 23-25 сәуірде «Союз-10» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде үшінші рет ғарышқа сапар жасады. Ол В.А. Шаталов және Н.Н. Рукавишниковпен бірге ұшты. 1971 жылы 24 сәуірде «Союз-10» ғарыш кемесі, бұрын орбитаға шығарылған «Салют» ғылыми станциясымен түйістірілді. Көптеген кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен, К.Э. Циолковский атындағы Алтын медалімен, В.М. Комаров атындағы құрмет дипломымен және де Лаво медалімен марапатталған. Оған БХР Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Кеңес ғарыштығын дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін, «Союз-5» ғарыш кемесінен «Союз-4» кемесіне ашық ғарыш арқылы өтуі, «Союз-8» ғарыш кемесінің ғарыш сапарын үздік іске асырғаны үшін, оны шахтер қаласының маңына ойдағыдай қондырғаны үшін 1969 жылдың 23 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берідді.

Атақ берілген күні: 1969 жылы 23 қазан


Николаев Андриян Григорьевич

1929 жылы 5 қыркүйекте Чуваш АКСР Мариинско-Посадск ауданы Шоршелы деревнясында дүниеге келген. 1954 жылы ұшқыштар әскери авиациялық училищесін оқып бітірді.
1960 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында.
1962 жылы 11-15 тамызда «Восток-3» ғарыш кемесінде ғарышқа сапар жасады. 12 тамызда П.Р. Попович басқарған «Восток-4» ғарыш кемесі ұшырылды. Николаев пен Поповичтің топтық ұшуы 70 сағат 23 минутқа созылды.
Әлемде бірінші рет «Восток-3» және «Восток-4» ғарыш кемелерінің ұзаққа созылған топтық сапарын іске асырғаны үшін Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді. 1970 жылы 1-19 маусымда А.Г. Николаев «Союз-9» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа екінші рет сапарын өткізді (В.И. Севостьяновпен бірге).
А.Г. Николаев кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған, оған БХР Социалистік Еңбек Ері атағы, ВСР Еңбек Ері атағы, МХР Ері атағы берілген. Ғарышкер К.Э. Циолковский атындағы алтын медалімен, Халықаралық астронавтика академиясының жоғарғы сыйлығы Даниель және Флоренс Гуггехейм атындағы сыйақысымен, Гагарин атындағы және де Лаво медальдарымен марапатталған.
Ғарыш кеңістігін игеруіне сіңірген ерекше еңбегі үшін, «Союз-9» ғарыш кемесінде ғарыш сапарын ойдағыдай өткізгені үшін, оның Қарағанды маңына дұрыс қондырғаны үшін 1970 жылдың 25 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым


Севастьянов Виталий Иванович

1935 жылы 8 шілдеде Свердловск облысы Красно-уральск қаласында дүниеге келген. 1959 жылы С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтын бітіріп, конструкторлық бюросында жұмыс істей бастады. 1965 жылы МАИ аспирантурасын бітіріп, диссертация қорғады.
1967 жылдан бастап ғарышкерлер тобында. 1970 жылы 1-19 маусымдарда В.И. Севастьянов «Союз-9» ғарыш кемесінде бортинженер ретінде ғарышқа ұшты (А.Г. Николаевпен бірге). Сапарда экипаж ғылыми-техникалық және медициналық-биологиялық зерттеулердің кең бағдарламасын орындады. «Союз-9» ғарыш кемесінде ұзаққа созылған сапарын өткізгені үшін, сонымен бірге білдірген батылдық пен батырлығы үшін, Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді. 1975 жылы 24 мамыр-26 маусымда «Союз-18» ғарыш кемесінде ғарышқа ұшты (кеме командирі П.И. Климук). Ұшу барысында «Салют-4» станциясымен түйістірілу өткізілді.
В.И. Севастьянов кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен, оған К.Э. Циолковский атындағы, Гагарин атындағы алтын медальдармен марапатталған.
Кеңес ғарыштығын дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін, ұшу барысында «Союз-9» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде, үкіметтің тапсырмаларын үздік орындағаны үшін, Қарағанды қаласы маңына ойдағыдай қондырғаны үшін 1970 жылдың 25 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым


Васькин Никодим Иванович

Н.И. Васькин еңбек жолын өте ерте бастады: отбасына көмектесу керек болды. Шахтада плитовой, вагондар шегіндірушісі, стволшы, ат айдаушы... Сосын кешкі мектептегі сабақтар. Донецк өнер-кәсіптік институтының жұмыс факультетінде оқу. Өндірістік бөлімнің бастығы, содан кейін шахта директоры, осылай шахтердің еңбек өмірбаяны жалғаса берді.
¥лы Отан соғысы кезінде Н.И. Васькин Қарағанды шахталарына жіберілді. Шахта басқармасының жаңа директорының қол астында бірнеше жаңа шахталар болды. Олардың жұмыстарын орнықтыру үшін Никодим Иванович көп жүмыс жасады. Сосын бассейннің 33-10 (Майқұдықтық) үлкен шахтасына жаңа аудару. Бұл жерде де оның жүмыс істегені соншалық, апталап үйіне бармай, тура жүмыс бөлмесінде үйықтайтын.
Соғыстан кейін - «Кировская» шахтасының директоры, «Ленинкөмір», одан кейін «Кировкөмір» трестерінің басқарушысы, «Қарағандыкөмір» комбинатының бастығы. Қызмет орындары ауысып отырды, бірақ барлық өмірін арнаған жұмысқа деген берілгендік, тағдыры болған қаласына деген сенімділік қала берді.
Бес жылдық жоспарлардың жетістіктері үшін, өзінің Отан игілігіне деген адал еңбегі үшін, Н.И. Васькин Ленин, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. «Шахтер даңқы» құрметті белгісінің толық кавалері.
Қарағанды көмір өнеркәсібінің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1971 жылдың 25 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1971 жылы 25 наурыз


Кенжин Әукебай Құлмағамбетұлы

1902 жылы Ақмола уезі Құмшыл болысы №3 ауылында дүниеге келген. 1932 жылы милиционер болып еңбек жолын бастады. 1927 жылдан 1934 жылға дейін партиялық және кеңестік
жұмыстарда болды. 1938 жылы Свердловск қаласындағы Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясы
тау-кен факультетін бітіргеннен кейін, Құршым кен басқармасының директоры болып
тағайындалды.
¥лы Отан соғысы кезінде Ә.Қ. Кенжин Горбачев атындағы №8/9 шахтасының БКП ОК парторгы болып, Кировск қалалық партиясының хатшысы болып, Қарағанды қалалық партиясының екінші хатшысы болып жұмыс істеді. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де ұлы Жеңіс үшін» атты қала патриоттары қозғалысының дамуына өте көп істер жасады.
1950 жылы наурызда оны Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы болып сайлайды. 1951 жылдың қазанынан «Қарағандыкөмір» комбинаты бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Содан кейін оны облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы ретінде сайлайды - бұл орында ол 8 жыл қызмет етеді. Одан кейін «Қарағандыкөмір» комбинаты жұмысшылар кадрлары және тұрмыс бастығы, Қазақ КСР көмір өнеркәсіп басқарма бастығының орынбасары болып жүмыс істеді.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, үш дәрежелі «Шахтер Даңқы» құрмет белгілерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаһарман еңбегі үшін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының үш мақтау қағазымен марапатталған.
Еліміздің көмір базасының дамуына және калыптасуына сіңірген үлкен еңбегі үшін, коғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1971 жылдың 25 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым


Колыванов Иван Алексеевич

И.В. Колыванов халық білімінің озаты, еңбек ардагері, 1932 жылдан бастап партия мүшесі, Ұлы Отан соғысына қатысушысы. Кулактарда жалшы, несиелік серіктестікте мал айдаушы болып жүмыс істеді... Одан кейін Жоғарғы коммунистік ауылшаруашылық мектебінде, Қарағанды мұғалімдер институтының тарих факультетінде оқу. Ұлы Отан соғыс жылдарында Мәскеу төмендігінде жауынгерлік ұрысқа бірінші рет қатысты. Жарақат алды. Жарты жылдан кейін госпитальдан шығып Иван Алексеевич Брянск майданының 13-ші армия 109-ші мехаканилық бөлек бригада батальонының комиссары болып тағайындалды.
Соғыс жылдарында байқатқан батылдығы, батырлығы мен жауынгерлік іскерлігі үшін И.А. Колыванов Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Соғыстан кейін Иван Алексеевич мұғалімдер институтында жұмыс істеді, одан кейін ҚарМУда. Ол зерттеу жұмыстарымен шұғылданды, оны қала жастары жақсы танитын. «Адамдар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің маңызын және құнын жақсы түсіну үшін, мен қолымнан келгенін барлығын істеймін - дейтін И.А. Колыванов».
¥лы Отан соғысының майдандарында білдірген батылдығы мен жауынгерлігі үшін, жас үрпақтың патриоттық тәрбиеленуіне қосқан үлкен үлесі үшін, 1971 жылдың 25 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым


Мамыраев Мартбек Мамырайұлы

Ол 1908 жылы дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолы Қарағанды шахталарымен байланысты. 1931-1938 жылдары забойшы, электро-слесарь-механик болып жұмыс істеді. Сосын Корней Горбачев атындағы №8/9 шахтасының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1940-42 жылдары «Кировкөмір» тресті №3 шахтасының парторгы болып сайланды.
1942 жылы майданға өз еркімен аттанды. 1943 жылдың қыркүйегінде 12 атқыштар дивизиясы 32 атқыштар полкінің пулеметшылар есібін басқарып, Днепр өзенінен тездетіп өту барысында ерлік жасады. Армияның өзеннен өтуін қамтамасыз етіп, фашистердің бірнеше шабуылдарын тоқтатты.
Жарақаталғаннан кейін туған Қарағандыға қайтып келді. С.М. Киров атындағы, №20 шахталарында парторг, Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды қалалық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1958-1972 жылдары Қазақ КСР ғылым Академиясы химия-металлургия институт директорының орынбасары болды. 1972-1985 жылдары аталған институттың патент-ақпараттық бөлімнің инженері болды.
Кеңес Одағының Батыры. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин, «Құрмет белгісі»
ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Химия-металлургия институт ғимаратында Мартбек Мамыраевтың бюсты орнатылған.
Ұлы Отан соғысында фашисттерге қарсы күрестегі зор еңбегі үшін, көмір өнеркәсібінің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1971 жылдың 25 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым


Үрістемов Жәкен

1908 жылы дүниеге келген.
1929-1941 жылдары жер қазушы, навал соққыш, №18 шахтаның от қоюшысы болып жұмыс істеді. 1941-1972 жылдары тау кен шебері, учаске бастығының көмекшісі, осы шахта учаскесінің бастығы болды. Бесінші бесжылдықта Ж. Үрістемов басқарған учаске ұжымы, жоғары сапалы өнімдер шығарудағы, шикі зат үнемшілдігіндегі, еңбек өнімділігін өсуіндегі жарыста үлкен нәтижелерге жетті. 1957 жылы №18 шахта учаскесінің бастығы Ж. Үрістемов көмір өнеркәсібін дамытудағы үздік жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері жоғары атағына ие болды.
1972 жылдан бастап ол зейнеткер, бірақ үлкен қоғамдық жүмысты жалғастыра берді. Оны шын мәнінде жастар тәлімгері, еңбек шахтерлер әулетінің басшысы деп атайды.
Ж. Үрістемов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Қарағандыда Ж. Үрістемов абыройлығына оның атындағы сыйлыққа шахмат сайысы өткізілген.
Қалалық көмір өнеркәсібінің дамуына сіңірген үлкен еңбегі үшін, лайықты шахтерлер кезегін дайындағаны үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1967 жылдың 26 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1970 жылы 25 маусым


Рукавишников Николай Николаевич

1932 жылы 18 кыркүйекте Томск қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Н.Н. Рукавишников Мәскеу инженерлік-физикалық институтын бітіріп, конструкторлық бюросында жүмыс істей бастады.
1967 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында.
Инженер-сынаушы Н.Н. Рукавишников «Союз-10» ғарыш кемесінде ғарышқа ұшты. 1971 жылы 24 сәуірде «Союз-10» «Салют» ғылым станциясымен түйістірілді. 1974 жылдың 2-8 желтоқсанында «Союз-16» кемесінің бортинженері ретінде (экипаж командирі А.В. Филипченко) екінші рет ғарышқа ұшты. Осы ғарыш сапары «Союз-Аполлон» бағдарламасы бойынша кеңестік-американдық эксперименттік ғарыш сапарын өткізу алдында, кемесімен түйістіру түйінінің өтеу жұмыстарының дайындауы аяқталды. 1979 жылы 10-12 сәуірде Н.Н. Рукавишников «Союз-33» транспорттық ғарыш кемесінің халықаралық экипаж командирі ретінде (ғарышкер-зерттеуші БХР азаматы Георгий Иванов) үшінші рет ғарышқа ұшты. Н.Н. Руковишников кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған, БХР Батыры атағына ие болды, Екі рет Кеңес Одағының Батыры (1971, 1974).
«Союз-10» ғарыш кемесінде орбиталдық сапар кезінде білдірген батылдық мен батырлығы үшін, Қарағанды маңына ғарыш кемесін ойдағыдай қондырғаны үшін 1971 жылдың сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1971 жылы 1 сәуір


Әміров Құсайынбек

Алматыда туып өскен, Қарағанды көмір бассейн құрылысына белсенді қатысушылардың бірі, Әміров Қүсайынбек дарынды әдебиетші де болған. 1972 жылы Алматыда «Қарағанды таңы» атты кітабы шыққан. Онда ол шын және калтқысыз қиын жылдарда біздің қаламыздың түрғызылуы, Қарағанды көмір байлықтарын игерілуінің бастамасы, Сарыарқа өндірістік алыбының туылуы, әр түрлі ұлттардың достығы мен бауырластығы туралы айтқан.
Әміров Қүсайынбек Қарағандыға 1931 жылы келді, Қарағанды қалалық бақылау комиссиясының төрағасы, қалалық партия комитетінің хатшысы болып жүмыс істеді. Қаланың дамуына, оның қүрылысына ол өте көп еңбек еткен. Оның басшы болу барысында Қарағандыда бірінші трест, кірпіш зауыты, Нұра су құбырының төселуі, тәулігіне 40 тонна нан шығаратын нан зауытының салынуы, қоймалар, көкөніс сақтау орны, дүкендер мен асханалары, жылуэлектростанциялары үйымдастырылды.
1932 жылы ол мәлік індетіне қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссияны басқарды, Қарағандыда радиохабар облыстық комитетін үйымдастырды.
Ленин орденімен марапатталған.
Біздің қаламыздың, көмір бассейнінің дамуына және салынуына қосқан үлкен үлесі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін, Қазақстанға, Қарағандыға деген жастарды сүйіспеншілік рухында тәрбиелегені үшін 1971 жылдың 9 шілдесінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1971 жылы 9 шілде


Мұстафин Ғабиден

2002 жылы Қарағанды жұртшылығы жазушы Ғабиден Мұстафиннің 100-жылдығын атап өтті. Оның құрметіне көше аталды.
Ғабиден 1902 жылы Бұқар жырау ауданы Сарытөбе ауылында дүниеге келген.
Қарағанды шахталарында жұмыс істеді. Қалжырататын жер асты жұмыстан кейін кешкі уақытта мақалалар, «Қарағанды пролетариаты» облыстық газетіне шахтерлер туралы хат-хабарлар жазды. Оның жазушылық қасиетін редакцияда байқап, 1933 жылы газетке жұмысқа орналасуға шақырады. Сосын ол Новосібір қаласына көшеді, ол жерде көшкен қазақтарға арналған «Қызыл ту» газетінде жұмыс істейді. Сол жерде Қарағанды шахтерлері туралы бірінші романын жазуды ойластырады. Өзінің ойын жүзеге асыру үшін, жазушыға жеті жыл керек болды. «Өмір немесе өлім» атты кітабы 1940 жылы жарық көрді. Бірнеше жылдан кейін Ғ. Мұстафин оны қайтадан жазып және «Қарағанды» деген жаңа атау берді.
Ғабиден Мұстафин Қазақ КСР ғылым Академиясының шынайы мүшесі. Екі Ленин, Еңбек Қызыл Ту, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған; Көп уақыт Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
Қазақстан әдебиетінің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін, Қарағандыға, шахтерлер ерлігіне арналған шығармалары үшін, жұмысшыларды интернационалдық және патриоттық тәрбиелегені үшін 1972 жылдың 14 желтоқсанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1972 жылы 14 желтоқсан


Лазарев Василий Григорьевьич

1928 жьлы 23 ақпанда Алтай аймағы Порошино селосында дүниеге келген. 1952 жылы Саратов медициналық институтының әскери-медициналық факультетін, ал 1954 жылы Чугуев әскери-авиациялық ұшқыштар училищесін оқып бітірді.
1963 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында.
«Союз-12» ғарыш кемесіңде орбиталдық сапарын сәтті өткізгені үшін, сондағы білдірген батылдық пен батырлығы үшін, Ленин орденін және «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Василий Григорьевич Лазаревке «Союз-12» ғарыш кемесінде ғарыш сапарын сәтті іске асырғаны үшін «КСРО ұшқыш-ғарышкері» атағы берілді.
1973 жылы 27-29 қыркүйекте «Союз-12» ғарыш кемесінің экипаж командирі ретінде ғарышқа ұшты (бортинженері О.Г. Макаров). Екі тәуліктік ұшу нәтижесінде экипажбен кемеде оның жаңартылғаннан кейін, сынақ жұмыстарының жоспарланған көлемін орындады, және де скафандр жаңа үлгілерін сынақтан өткізді.
1975 жылы 5 сәуірде О.Г. Макаровпен бірге «Союз» кемесінде сөре алды. Шығару учаскесінде зымыран алып жүрушінің авариясынан экипаж амалсыз қайта қонуға мәжбүр болды. Кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.
«Союз-12» кемесінде ғарыш сапарын іске асырғаны үшін, сол кездегі білдірген батылдық мен батырлығы үшін, ғарышта зерттеулер жүргізгені үшін, Қарағанды маңына ғарыш кемесін жұмсақ қондырғаны үшін 1973 жылдың қыркүйегінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1972 жылы 27 қырқүйек


Макаров Олег Григорьевич

1933 жылы 6 қаңтарда Калинин облысы Удомля селосында дүниеге келген. 1957 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітіріп, конструктор бюросында инженер-конструктор болып жүмыс істеді.
1966 жылдан бастап ғарышкерлер дайындау Орталығында.
1973 жылы 27-29 қыркүйекте «Союз-12» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышқа ұшты (экипаж командирі В.Г. Лазарев). Екі тәуліктік ұшу нәтижесінде скафандр жаңа үлгілері сынақтан өткізілді. 1978 жылы 10-16 қаңтарда «Союз-27» кемесінде және «Салют-6» орбиталдық станциясында бортинженері ретінде екінші рет ғарышқа ұшты (экипаж командирі В.А. Джанибеков). Кеме орбиталдық станциясымен түйістірілгеннен кейін алты тәуліктік ұшу кезінде «Союз-27» - «Салют-6» - «Союз-28» ғылыми-зерттеу кешені бортындағы бірлескен жұмыстарға қатысты (Ю.В. Романенко, Г.М. Гречко, В.А. Джанибеков). 1980 жылы 27 қараша-10 желтоқсанда Л.Д. Кизимов және Г.М. Стрекаловпен бірге «Союз-Т-3» кемесі және «Салют» орбиталдық станциясымен үшінші рет ғарышқа сапар шекті.
Кеңестік, шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған. Екі рет Кеңес Одағының Батыры. (1973, 1978) «Союз-12» кемесінде ғарыш сапарын іске асырғаны үшін, сол кездегі білдірген батылдық мен батырлығы үшін, ғарышта зерттеулер жүргізгені үшін, Қарағанды маңына ғарыш кемесін жұмсақ қондырғаны үшін 1973 жылдың қыркүйегінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1972 жылы 27 қырқүйек


Поспелов Петр Моисеевич

1903 жылы 6 қарашада Ставрополь аймағы Александровск ауданы Расшеватовская станицасында дүниеге келген. Еңбек жолын жедел медициналық жәрдемінің санитары болып бастады. 1929 жылы Кубань медициналық институтын оқып бітірді.
1933 жылдан бастап Қарағандыда. Облыс денсаулық қорғау жүйесін үйымдастырушылардың бірі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері. Бөлім меңгерушісі, аурухана бас дәрігері, облыстық денсаулық қорғау бөлімінің меңгерушісі болып жүмыс істеді. Қарағандыда Ұлы Отан соғыс жылдарында эвакогоспиталь тобын басқарды. 1950-1974 жылдар аралығында Қарағанды медициналық институтының ректоры. Әлеуметтік гигиена және Орталық Қазақстандағы денсаулық қорғауды үйымдастыру мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы.
Ленин, Қазан революциясы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Қала және облыс денсаулық қорғаудың дамуына қосқан зор еңбегі үшін, белсенді ғылыми-педагогтық және қоғамдық іс-әрекеті үшін 1973 жылдың 15 қарашасында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1973 жылы 15 қараша


Катаржнов Андрей Васильевич

1914 жылы Курск облысында дүниеге келген. 1929 жылы әкесі халық жауы ретінде атылған. Шешесі үш баласымен Қарағандыға айдалды, сол жерде қайтыс болды.
Еңбек жолын Тихоновка поселкесінде пеш салушы болып бастайды. 1935 жылдан бастап Жаңа қала қүрылыс-тарында сылақшы болып жүмыс істейді.
1942 жылдың мамырында Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Сталинград қаласын қорғаған, Берлинді шабуылмен алуға қатысқан. Волгадан Шпрееға дейін сержант-пулеметшы ретінде жауынгер жолын өтті. Жаумен ұрыс кезінде батылдық пен жауынгерлік білдірді.
Рейхстаг үстінде кеңестік Жеңіс қызыл туы желбірегеннен кейін, Қарағандыға оралды.
Сылақшы болып, «Шахтақұрылыс», «Бөлімқұрылыс» трестерінде бригадир болып жүргенде соғыссыз жылдар кезінде де жерлестерін өзінің еңбек ерліктерімен таңғалдырды.
Ленин, Қазан революциясы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Сталинград қорғанысы үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған. Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы.
Қарағанды құрылысына қосқан зор еңбегі үшін, лайықты құрылысшылар кезегін тәрбиелегені үшін 1974 жылдың 28 ақпанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1974 жылы 28 ақпан


Рудометкин Сергей Петрович

1918 жылы дүниеге келген. Қарағандыда 1934 жылдан бастап, тасшы, бояушы болып жұмыс істеді. Жаңа кала кұрылысында ерекше көзге түсті.
1942 жылы майданға өз еркімен аттанады, фашистік басқыншылардан Отанын корғайды, сол үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
1945-1977 жылдары Қарағандыда әр түрлі құрылыс ұйымдарда сылақшы-бояушы, әрлеушілер бригадирі, шебер болып жұмыс істеді. Оның суреті бірнеше рет «Қарағандышахтақұрылыс» комбинатының құрылыс басқармаларында, «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестіктің Құрмет Тақталарында ілінген. Оның бригадасы жоғары сапада және уақытында көмір өнеркәсібінің шығарушы кәсіпорындарда әрлеуші жұмыстарын бітірді.
С.П. Рудометкин - Социалистік Еңбек Ері, КОКП 22-ші съезінің делегаты, Қазақ КСР Коммунистік партиясы 6,7,8-ші съездерінің депутаты. Майдан марапаттарынан басқа, Ленин орденімен, жоғары еңбек өнімділігі үшін, көмір өнеркәсіп объектілерінің құрылысында жоғары сапалы жұмыстары үшін көптеген медальдармен марапатталған.
Облыс орталығын, көмір өнеркәсіп кәсіпорындарын салуға, жас құрылысшыларды тәрбиелеудегі қосқан зор еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1977 жылдың 27 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1977 жылы 27 қазан


Нұрмағамбетов Бәшір

1914 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1937 жылы №1 шахтада бекітпе орнатушы болып бастады. 1946-1975 жылдары комбайыншы, №44-45, 31-бис, 35 (қазір Қарағанды шахтасы) шахталарында тазалау забойының тау-кен жұмыскерлер бригадирі болып жұмыс істеді.
Бәшір Нұрмағамбетов - стахановшылар жаңа ұрпақтарынан. Оның бригадасы облыста бірінші болып коммунистік еңбек ұжымы атағына ие болды. Ол көмір шығаруды көбейтуінің бастаушысы, еңбектің озат тәсілдерін енгізушісі. 1958 жылы Б. Нұрмағамбетов бригадасы Донбасс атақты забойшысы, Социалистік Еңбек Ері Николай Мамайдың бригадасын әр жұмыскермен әр жұмыс орнында өнім шығарудың күнделікті мөлшерін асырып орындауға жарысқа шақырды. Бригаданың әр мүшесі 13,6 тонна мөлшерден әр ауысымда 16 тоннадан беруге міндеттенді, яғни 2,4 тоннаға артық..
Б. Нұрмағамбетов - Социалистік Еңбек Ері (1946). КОКП 19-ші съезінің делегаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
Көмір өнеркәсібінің дамуына, жас жұмыскерлерді тәрбиелеудегі қосқан зор еңбегі үшін, коғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1977 жылдың 27 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Шашкина Жамиля Нурмагамбетовна

Ее знают как великолепную актрису, певицу сопрано. Она родилась в 1914 г ., с 1935-1936 годах училась в казахской студии ГИТИС. Затем два года была солист Казахского театра оперы и балета имени Абая. С 1938 и до конца жизни работала Карагандинском драматическом театре имени Сакена Сейфуллина. Ее первая роль - дочь шахтера Гулсим в пьесе А. Шамина «В борьбе за уголь». Затем Ж.Н. Шашкина создает яркие образы женщин: Кыз Жибек в одноименной музыкальной драме Е. Брусиловского и Г. Мусрепова, Баян в пьесе Г.Мусрепова «Козы Корпеш и Баян Сылу», Шарбан в пьесе 3. Шашкина «Сердце поэта», мать в пьесе Б. Тажибаева «Сердце матери» и других.
Ж.Н. Шашкина была организатором театра рабочей молодежи (ТРАМ) в Караганде. Она награждена орденом Трудового Красного Знамени. В 1962 году ей было присвоено высокое звание народной артистки Казахской ССР.
Звание «Почетный гражданин города Караганды» присвоено 7 марта 1985 года за развитие театрального искусства в Караганде, активное участие в общественной жизни.

Атақ берілген күні: 1985 жылы 7 наурыз


Дәненова Фәтима Құсайынқызы

1918 жылы 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1938 жылы Қарағанды-Угольная станциясының тауарлық конторасында таксировшы болып бастайды. 1938 жылы Петропавл темір жол техникумын, ал 1955 жылы Мәскеу қаласында КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірді.
1939-1942 жылдар аралығында комсомолдық жұмыста болды, қалалық комитет нұсқаушысы, облыс комитеті, Қазақстан ЛКЖО облыстық комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1943 жылдан бастап кеңестік және партиялық жұмыстарда. Облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, нұсқаушы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Қазақстан коммунистік партиясы Қарағанды облыстық комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс бойынша хатшысы, Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы болды.
Фәтима Құсайынқызы Дәненова Ұлы Отан соғыс жылдарында «Еңбекте ұрыста сияқты» атты Қарағанды әйелдері қозғалысының дамуына өте көп үлес қосты. Чистяков қаласындағы (қазір Торез қаласы Донецк облысы) балалар үйі құрылысына қаражат жинаудың ұйымдастырушысы және бастаушысы болды. Осы балалар үйіне «Әйелдер -Қарағанды патриоттары» есімі берілді.
Жастарды тәрбиелеудегі қосқан зор еңбегі үшін, Қарағанды жұмысшыларын қала экономикасын дамытуға шақырған үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1977 жылдың 27 қазанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1977 жылы 27 қырқүйек


Пазенко Яков Афанасьевич

1918 жылы 31 мамырда Черкасс облысы Каменск ауданы Флярловка селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 1936 жылы Караганды облысы Қарсақпай аудандық мал дәрігерлік емханасының меңгерушісі болып бастады. 1936 жылы Черкасс мал дәрігерлік техникумын, 1968 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын оқып бітірді.
1950 жылы Қарағанды облыстық ауыл шаруашьлық басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1958-1963 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Жаңарқа және Нұра аудандық комитеттерінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1963 жылдың қаңтарынан бастап облыстық жұмысшылар депутаттар Кеңесінің Қарағанды ауылдық атқарушы комитетінің төрағасы, ал 1964 жылдың желтоқсанынан бастап Қарағанды облыстық атқарушы комитеті төрағасының бірінші орьшбасары.
КОКП 22-ші съезінің делегаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес, облыстық жұмысшылар Кеңесінің депутаттары болып сайланған.
Еңбек Қызьгл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, төрт медальмен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің екі Мақтау қағаздарымен марапатталған.
Қарағанды облысы және Қарағандының экономикасын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1978 жылдың 25 мамырында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1978 жылы 25 мамыр


Карабанов Иван Андреевич

1925 жылы 25 мамырда Пенза облысының, Чемодановка селосында туды. 1931 жылы өзінің отбасымен Қазақстанға Компанейск поселкасына жер аударылды. 1940 жылы 34-ТЕОМ бітіріп, еңбек резерві мектебіне шақырылып проходчик кәсібін алды. 33-34 шахтыда жұмыс істеп, жарақаттанған. 1941-1943 ж.ж. Қалалық өндіріс комбинатында слесарь болып жұмыс істеген. 1943 жылы әскерге шақырылған. Әскер қатарында Троицк қаласына кіші авиациялық мамандар мектебіне оқуға жіберілді. Емтихан тапсырған соң әуе атқышы ретінде Штурмовой авиациялық полкіне Ленинград майданына жіберілді. ИЛ-2 самолетында әскери тапсырмалармен 102 рет ұшқан. Майданды осы полкпен Кенингберг қаласында аяқтаған.
Әскерден кейін 1951 жылы Қарағанды қаласына қайтып келді. 1951-1969 жылдар аралығында № 1 көлік базасында жүргізуші болып істеген. Энергоқұрылыс техникумын 1972 жылы аяқтап, осы жерде 1988 жылға дейін мастер болып жұмыс істеді. 1988 жылдан бастап зейнеткерлікке шықты.
«Қызыл Жұлдыз», толық үш дәрежедегі «Шахтер Даңқы», «I дәрежелі Даңқ» ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен және мерекелік медальдарымен марапатталды.
ҰОС кезіндегі Отан алдындағы еңбегі, жастарды әскери-саяси тәрбиелеу жөніндегі жемісті жұмысы және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1977 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1979 жылы ақпан


Қарсыбекова Күлімжан Рахымжанқызы

1919 жылы малшының отбасында дүниеге келді. 1937-1938 жылдары Алматы қала-сындағы медицина институтының жұмысшылар факультетінде білім алды.
1938-1942 жылдары медици­на институтында оқыды. Ұлы Отан соғысы жылдары Яро­славль, Ленинград, Новгород облыстарының, сонымен қатар Польша, Австрия, Венгрия госпитальдарында жұмыс істеді. 1946 жылдан бастап Алматы қаласының Аймақтық патология институтында қызмет етті. 1955 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін Қарағандыға көшіп келіп, осы уақытқа дейін тұрады. 1955-1985 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина институтында еңбек етті. Ғылыми зерттеулері басылып шыққан 35 ғылыми еңбегінде көрініс тапты. 1987-1995 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерді емдеу орталығында жұмыс жасады. Қарағанды қаласының халық депутаттары аудандық және қалалық Кеңесінің депутаттығына сайланды.
Ленин, 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сонымен қатар басқа да мемлекеттердің 11 медалімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы елеулі қызметі және жастарды әскери патриоттық тәрбиелеудегі жемісті еңбегі мен қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1979 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1979 жылы 22 ақпан


Язев Василий Иванович

1913 жылы 24 қаңтарда Мәскеу облысы Павлово-Посад ауданы Курово деревнясында дүниеге келген. Еңбек жолын 1934 жылы Мәскеу қаласында Ленин өнеркәсіптік-құрылыс техникумын бітіргеннен кейін бастады. Прораб, аға прораб, өнеркәсіптік құрылыс учаскесінің бастығы, құрылыс басқармасының бастығы, «Прибалхашстрой» трестінің басқарушысы болып жұмыс істеді. 1959-1979 жылдары Қарағанды облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болды.
1958 жылы В.И. Язевке Балқаш мыс балқыту комбинаты салуына, Қоңырат кенішінің объектілерін ұйымдастыруына қосқан үлкен еңбегі үшін, «Прибалхашстрой» трестісімен жоспарларды жүйелік асыруды қамтамасыз еткені үшін, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қарағандының, облыстың дамуына қосқан өзіндік үлкен үлесі үшін, В.И. Язев Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Балқаш қаласын комлексті салынғаны және жоспарланғаны үшін, оған КСРО Министрлер Кеңесінің лауреаты жоғары атағы берілді.
Қаланың Оңтүстік-Шығысының үлкен көшелерінің бірі В.И. Язев есімімен аталған, тұрған үйінің сыртында мемориал тақтасы ашылған.
Қарағанды қаласының дамуына, оның құрылыстарын және көркейтуін жақсартуға қосқан зор еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1979 жылдың 28 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1979 жылы 28 маусым


Золотарев Александр Сергеевич

Қарағандыда бұрыннан үйренген, егерде бір салтанатта озат ұжымдарын құрметтесе, олардың біріншілері болып міндетті түрде тәтті тағам дайындайтын мамандар болады. Бірақ бұл әрине әрдайым осылай болған жоқ.. Фабрика ардагерлерінің естерінде бар, бір қатар технологиялық бағыттары кезектесіп істен шыққанын, қашан жәй ғана «жастықшалар» сатып алушылардың наразылығын тудырғанын. Қарағанды кондитер фабрикасының жаңа корпустарында бірінші өнім алғанына 60 жылдан астам уақыт өтті. Ұжым қалыптасуының басқа да санауы бар. 1942 жылы Астархан қаласынан кішкене кондитер фабрикасының жабдықтаулары көшірілді. Пархоменко зауытынан алыс емес жерде кәмпит өндірілуі басталды. Соғыс біткеннен кейін фабриканы 32-ші бөлек танк полкінің бұрынғы рота старшинасы басқарды. Кәсіптік білімнің жетпеуін ол ділгірлікпен, дәртпен, қажырлылықпен қамтыды.
Фабрикада ұзақ жұмыс жылдары кезінде, Золотарев өзінің ұжымына арналған көптеген жақсы сөздер естіді, оның барлығы лайықты. Кәсіпорын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қарағанды кәмпиттерін бүкіл елде білді. Олар халықаралықта танылды. Осында фабрика ұжымы мен оның директорының үлкен еңбегі. Көптеген жауынгерлік марапаттарға, еңбектікі де қосылды: Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдар.
Қаланың тағам өнеркәсібінің дамуына, тәтті тағамдар жасайтын жас кезегін тәрбиелеуге қосқан зор еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1980 жылдың 5 мамырында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1980 жылы 5 мамыр


Мәулетов Бақтығали Мәулетұлы

«КСРО үшінші көмір базасын жасау және дамуындағы КОКП күресі» атты кітабында мынадай жолдар бар: «Бауырлас Украина мен РКФСР-ның жоғары оқу орындарында дайындалған, Қарағандыда нақты жұмыспен тәрбиеленген қазақ инженерлер арасында Бақтығали Мәулетов, Файзулла Серғазин, Бағымбек Сыпатаев, Абылқас Сағынов жақсы танылған, олардың аттары Қарағанды көмір бассейн тарихымен тығыз байланысты». Б.М. Мәулетов 1913 жылы 15 тамызда шаруа отбасында дүниеге келген, Орынборда Қазақ аймақтық тәжірибе-үлгілі мектебінде оқыды. Содан кейін Украинаға Донецк өнеркәсіптік институтына жіберілді. Инженер дипломын алғаннан кейін Қарағандыға келді. Киров атындағы шахтаның бас механигінің көмекшісі болып тағайындалды, содан кейін №3 оқу комбинатының оқытушысы, шахтаның ішкі көлігінің бастығы болып жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысына қатысты, қатты жарақат алғаннан кейін 1943 жылы Қарағандыға қайтып келді. №1-бис ОК БКП (б) партогы және Киров атындағы шахталардың ОК БКП (б) парторг орынбасары, №31-бис шахтасының бастығы болып жұмыс істеді. 1949 жылдан бастап Б.М. Мәулетов Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Партиялық жұмыстан 60-ші жылдар басында өндіріске ауысты. «Қарағанды» шахтасы директорының орынбасары болып істеді.
Б.М. Мәулетов зор еңбектері мемлекеттік сыйлықтармен белгіленген: I дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен.
Бассейн көмір өнеркәсібінің, Қарағанды қаласының дамуына қосқан зор еңбегі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1980 жылдың 5 мамырында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1980 жылы 5 мамыр


Әубәкіров Жұмаш Әубәкірұлы

1920 жылы 25 қыркүйекте Қарағанды облысы Тельман ауданы Өгізтау ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы, Мәскеу қорғанысына қатысқан. СМ. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және республикалық партия мектебін бітірген.
Кеңес Әскері қатарынан демобилизацияланғаннан кейін партиялық және кәсіподақтық жұмыстарда болды. Партия аудандық және облыстық комитеттерінің нұсқаушысы, Қарағанды қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі және хатшысы, Қазақстан Компартиясы Тельман аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды облыстық кеңестік кәсіподақ төрағасы болып жұмыс істеді.
КОКП ХХІV-ші съезінің, Қазақстан Компартиясыньщ үш съезінің, КСРО кәсіподақтар XV съезінің делегаттары, БОКОК және Қазкеңкәсіп мүшесі болды.
II дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, сегіз медальмен марапатталған.
Қарағанды қаласының экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосқан зор еңбегі үшін, ұзақ жылдар бойы партиялық және кәсіподақтық жемісті жұмысы үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1978 жылдың 25 мамырында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әубәкіров Тоқтар Оқғарбайұлы

1946 жылы 27 шілдеде Қарқаралы ауданы Бірінші Мамыр атындағы колхозда дүниеге келген.
15 жасында жетіжылдықты бітірді. Мектептен кейін Теміртау қаласына көшіп келді. Жүкші, Теміртау құю-механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеп жүріп, қосымша кешкі мектепте, Нұркен Әбдіров атындағы аэроклубында оқыды. 1965-1969 жылдар аралығында Армавир жоғары әскери училищесінде оқыды. Сынаушы-ұшқыш болды. 1979 жылы Мәскеу авиациялық институтын оқып бітірді.
Кезінде Әубәкіров КСРО-да бірінші болып Сібір полюсы ауданына еш жерге қонбай сапарын іске асырды және әлемді бірінші рет әуеде екі рет қайта құйып трамплиннен ұшып «Тбилиси» авианосецқа қонды.
1991 жылы 2 қазанда негізгі экипаж ғарышкерлері Александр Волков, Тоқтар Әубәкіров және Франц Фибек «Союз-ТМ-13» ғарыш кемесі және «Мир» станциясы сөре алып, сегіз тәуліктік сапарын іске асырды.
Т.О. Әубәкіров - жаңа авиациялық техниканы сынақтан өткізгені үшін, сол кездегі білдірген батылдық мен батырлығы үшін Кеңес Одағының батыры (1998 ж.), «Халық каһарманы» (1995 ж.), КСРО еңбек сіңірген сынаушы-ұшқышы, КСРО (1991 ж.) және ҚР (1994 ж.) ұшқыш-ғарышкері, Ленин, Қазан революциясы, «Құрмет Белгісі», «Алтын крест» (1993 ж. Аустрия) ордендерімен марапатталды, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. 12-13 шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңес депутаты.
Отан алдында ерекше еңбегі үшін, ғарыштық кеңістікті игеруіне косқан жауынгерлік творчествовалық үлесі үшін 1991 жылдың 23 желтоқсанында «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1980 жылы 25 қыркүйек


Аманбаев Қали Әлібекұлы

1924 жылы 21 желтоқсанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңа Негіз (казіргі М.Мамраев) бөлімшесінде туды. Ұлы Отан соғысында 240 авиациялық атқыштар полкінің құрамында болып, Курск доғасы ауданында болған әскери операцияларға қатысқан.
Еңбек жолын милиция бөлімшесінде паспортист қызметінен бастап, Қарағанды облыстық оқу бөлімінің жанындағы 10 айлық мұғалімдер курсын аяқтаған, 1952 жылы Ленинградтағы мұғалімдер институтын үздік бітірген, 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, 1965 жылы КПСС ОК аспирантурасын жанындағы Жоғары партия мектебін, 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін аяқтаған.
1953 жылдан 1958 жылдар аралығында Қарағанды қалалық партия комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру жүмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мектеп және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болды, 1958 жылы Қарағанды телевидения студиясын басқарды, 1965 жылдан 1967 жылдар аралығында Облыстық партия комитетінде қызмет етті. 1967 жылдан 1974 жылдары Облыстық телевидение мен радиохабарландыру жөніндегі комитетті басқарды. 1974 жылдан бастап Облыстық партия комитетінің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 1978 жылы желтоқсанда Облыстық партия комитетіне хатшы болып сайланды, онда 1987 жылдың қаңтарына дейінгі мерзімге, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
1987 жылдан бастап облыстық еңбек және соғыс ардагерлер үйымы кеңесінің төрағасы болды.
«Екінші дәрежелі Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерімен, «Үшінші дәрежелі Шахтер даңқы», Бүкілодақтық соғыс және еңбек ардагерлер ұйымының Құрмет белгілерімен марапатталды.
¥ОС жылдарындағы Отан алдындағы қызметі, радиохабарлары мен телевидение саласындағы жемісті еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және жастарды патриоттық тәрбиелегені үшін 1984 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1985 жылы 7 наурыз


Бектұров Жайық Қагенұлы

1912 жылы Целиноград облысы Алексеевска ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Атбасар қаласында 1930 жылы мұғалім болып бастады. 1934 жылы Қазақ коммунистік университетін, 1955 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімшесін оқып бітірді.
1932-1937 жылдар аралығында (оқуға үзіліспен) комсомолдық жұмыста болды. 1937 жылдан бастап Ж.Қ. Бектұров еңбек өмірбаяны әдебиеттік іс-әрекетпен тығыз байланысты. «Лениншіл жас» және «Социалистік Қазақстан» республикалық газеттерінде жұмыс істеді. 1942 жылдың аяғында Қазақ КСР ПХК-ның жалған айыптауымен тұтқынға алынды. 1955 жылы ақталды.
1955 жылдан кейін Бектұров республиканың қоғамдық және әдебиеттік өміріне белсене кірісті. 30 жылдай ол Қазақстан жазушылар одағының басқару мүшесі болды, облыстың жазушылық үйымын басқарды, өзі де көп жазған. Оның «Ақын және жауыз», «Қарындасқа хат» атты поэмалары, «Сәкен соңғы күндері» повесі, қазақ халық әдебиетінің негізін қалаушылары А.Байтүрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Дулатов туралы очерктері шынайы дарындық мөрімен белгіленген, олардың әдебиеттік қасиеті даусыз.
«Елеулі еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрметті мақтау қағазымен марапатталған.
Мәдениеттің және әдебиеттің дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін, жұмысшыларды, жастарды интернационалдық және патриоттық тәрбиелегені үшін 1992 жылдың 17 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1992 жылы 28 маусым


Чапурина Надежда Александровна

1921 жылдың 19 қарашасында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында туды. Мектептен кейін А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, 1945 жылы бітірді. 1947 жылы отбасымен Қарағанды қаласына көшіп келді. 1947-1948 жылдары Киров аудандық халыққа білім беру бөлімінде, онан кейін Қарағанды облыстық халыққа білім беру бөлімінде инспектор, № 1 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарды. 1950 жылдан № 52 орта мектеп директоры. 1956-1967 жылдары № 1 орта мектеп-интернатында директор, 1967 жы­лы № 97 орта мектеп директоры қызметін зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарды. 1964 жылы Қаз ССР-нің еңбек сіңірген мүғалімі атағы берілді.
Ленин аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды, қалалық партия комитеті пленумының мүшесі болды. Екі рет Қазақстан жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды 1960 жылы «Құрмет белгісі» ордені тапсырылды.
Жас ұрпақты оқытуда және патриоттық рухта тәрбиелеудегі сіңірген еңбегі үшін 1993 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1993 жылы 10 наурыз


Сағынов Абылқас Сағынұлы

1915 жылы Павлодар облысының Баянауыл селосында туды 1931-1932 жылдары «Прибалхашстрой» тресі кәсіпорнында-өндірісте жұмыс істеді. 1932 жылы Қарағанды кен техникумына түсті. 1933 жылы Днепропетровск кен институтына оқуға жіберілді, оқуды үздік аяқтаған соң, пайдалы қазбалар орнын өңдеу жөніндегі кен инженері мамандығын алды. 1939-1948 жылдары Қарағанды көмір бассейнінде учаске бастығы, бас инженер, бірқатар шахтылардың директоры, көмір тресінің техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1948-1951 жж Қарағанды кен аудандарының мемқалтехқадағалау басқармасының бастығы, «Қарағандыкөмірразрезі» тресінің бас инженері болды. 1941 жылы КПСС қатарына өтті. 1951-1955 жылдары Қарағанды ғылыми зерттеу институтының директоры болды. 1951 жылы техника ғылымдарының ғылыми дәрежесіне диссертация қорғады. 1967 жылы докторлық диссертация қорғады. 1955 жылы Қарағанды кен институтының ректоры болып тағайындалды. 1974 жылы және 1987 жылы ғылым және техника саласындағы еңбегі үшін Қазақ ССР-ның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бірнеше рет КСРО Жоғары Кеңесіне (1966-1970), Қазақстанның облыстық компартиясына, Халық депутаттары Қарағанды облыстық және калалық Кеңесіне депутат болып сайланды.
Қазіргі кезде ҚР ҮҒА жер койнауын кешенді игеру мәселелері институтының директоры болып істейді.
1971 жылы халық шаруашылығы үшін білімді мамандарды даярлау және жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
«Халықтар достығы», «Еңбек Қызыл Ту», «Октябь революциясы» ордендерімен, Лениннің 2 орденімен және жеті медальмен марапатталды. 1995 жылы желтоқсанда «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1993 жылы 30 маусым


Қонақбаев Қасқатай Досұлы

1918 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш соғысқа (финдік, Ұлы Отан және милитаристік Жапониямен) белсенді қатысушы. Ұлы Отан соғыс майдандарында гвардия минометтік полкінің батареясын басқарды. Еңбек жолын Қарағанды облысы Тельман және Қарқаралы аудандық мектептерде мүғалім, директор болып бастады.
1946-1957 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарынан қайтқаннан кейін Қарағанды жұмысшы депутаттар Кеңесінің хатшысы, қалалық атқарушы қалалық жауапты комитет төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 1957-1967 жылдар аралығында қалалық жұмысшы депутаттар Кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болды. 1967 жылы Қазақ ССР халыққа тұрмыстық қызмет көрсету министрі болып тағайындалды, сол жерде 13 жылдан астам қызмет етті. Зейнеткер болғаннан кейін Қазақстан ардагерлер үйымының Орталық Кеңесінде белсенді жұмыс жасады.
Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
¥лы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы зор еңбегі үшін, қаланың экономикалық әлеуетінің көтеріліуне қосқан үлкен үлесі үшін, қалалық инфрақұрылымының дамуына арналған үлкен ұйымдастырушылық жұмысы үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1993 жылдың 30 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1993 жылы 30 маусым


Покатилов Николай Изотович

1923 жылы 5 мамырда Ақмола облысы Кенітай селосында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін Ақмола облысы «Ленин жолы» совхозында есептеуші болып жұмыс істеді. Қызыл Әскер катарына шақырылды. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Жеңіс күнін Германияда қарсы алды.
1947-1961 жылдар аралығында Ақмола облысы «Краснознаменск» совхозында, Целиноград облысы Анар станциясында №81 ОМ бухгалтері болып жұмыс істеді.
1972-1988 жылдарда Қарағанды қаласы жол-техникалық мектебінің бас бухгалтері болды.
I, II, III дәрежелі Даңқ, I, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлік үшін» медалімен марапатталған. 1985 жылы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруінің қатысушысы.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы зор еңбегі үшін, жастарды туған Отанына деген берілгендік, Қазақстанға, Қарағандыға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелегені үшін және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1994 жылдың 8 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1994 жылы 8 маусым


Сүлейменов Мұташ

1921 жылы 10 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра ауданы, Казгородок селосында туды. Ұлы Отан соғысы жылдары неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста белсенділік танытып, Москвадан Германияға дейінгі жауынгерлік жолды жүріп өтті. Үш рет жарақаттанып, контузия алды. Әскерден босанғаннан кейін 1946-1987 жылдары дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берді. Бірнеше рет мектептің алғашқы партия ұйымының хатшысы болып сайланды, 1968 жылы Қарағанды педагогикалық институтын сырттай оқып бітірді. 1975 жылдан ҚазССР-нің халыққа білім беру ісінің үздігі, 1985 жылдан СССР халық ағарту ісінің үздігі. 1945, 1985, 1995 жылдардағы Жеңіс парадына қатысушы.
Төрт жауынгерлік орденмен, көптеген медальдармен, атап айтқанда, «Қызыл Жұлдыз», «Даңқ» орденінің барлық үш дәрежесімен, екі рет «Ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы елеулі қызметі және Қарағанды қаласының жастарына әскери-патриоттық тәрбие берудегі жемісті еңбегі үшін 1994 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1994 жылы 8 маусым


Бөкенов Мұхамедия Бөкенұлы

1914 жьлы 10 қарашада Жаңарқа ауданы Атасу поселкесінде дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Қарағандының №12 шахтасында қарапайым жұмыскер болып бастады. Содан кейін 5-ші гвардейлік Қызылтулық Орлов дивизиясының құрамында соғысты, Отан азаттығы үшін ұрыстарда ерледі. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
Соғыстан кейін жылдарда, ауыр жарақатқа қарамастан, жұмыс істей берді. Мұғалім, Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ленин аудандық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің бөлім менгерушісі, облыстық партия комитетінің партиялық комиссиясының төрағасы, облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болды. Көп уақыт бойы облыстық Бейбітшілік қорын басқарды. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысына белсенді қатысқаны үшін армия генералы П. Батов және Кеңес Одағының батыры, белгілі ұшқыш А. Марьесевтердің қолы қойылған Кеңес ардагерлер комитетінің алғысын алды. Еңбек ерлігі үшін көптеген медальдармен, Кеңес бейбітшілік қорының Құрметті Белгісімен марапатталған.
2003 жылы Бұқар жырау даңғылында орналасқан №33 үйде М.Б. Бөкенов есіміне арналған мемориалды тақта ашылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы зор еңбегі үшін, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуіндегі жемісті жұмысы үшін және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1995 жылдың 31 наурызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1995 жылы 31 наурыз


Косенко Степан Григорьевич

1922 жылдың 1 қаңтарында Қостанай облысының Сорочинское селосында туды. 1941 жылы орта мектепті аяқтап, әскер қатарына, майданға шақырылды. Москваны қорғауға, Брянск, Орел, Курск сонымен бірге, Польша, Венгрия, Германия қалаларын азат етуге қатысты. 18 медаль және жеті жауынгерлік ордендермен марапатталды. ("Жауынгерлік Қызыл Ту", Екі рет "I дәрежелі Отан соғысы", Екі рет "Қызыл Ту", "3 дәрежелі Даңқ" ордендері мен "Ерлігі үшін" медалі т.б.).
1945-1949 жылдары Заң институтында білім алды. 1949 жылдан бастап Жезқазған қаласында сот болып еңбек етсе, 1954 жылдан бастап Теміртау қаласының қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды. 1960 жылдан Қарағанды облысының прокуратурасында, 1982 жылдан Қарағанды облысының Әділет басқармасында бас кеңесші қызметін атқарды.
Халық депутаттарының қалалық және аудандық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1989-1992 жылдары Совет ауданының ардагерлер Кеңесін басқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы елеулі қызметі үшін, сот жөне прокуратура органдарындағы заңдылықты сақтау мен қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі және Қарағанды қаласының қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін 1995 жылы "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1995 жылы 31 наурыз


Шәкіров Оразалы Шәкірұлы

1930 жылы 2 ақпанда Қарағанды облысының Тельман ауданы, Сергиополь ауылында туды. Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер, қазір республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Өзінің еңбек жолын 14-жастан бастап Киров атындағы № 3 шахтада жер асты жұмыскері-шам тасушы болып бастады. 1954 жылы Алматыда кен-металлургия институтын бітірді. 1954 жылдан 1981 жылға дейінгі аралықта Кировкөмір тресінің № 31 шахта учаскесі бастығының көмекшісі, №№ 31, 19 шахтылар бастығының орынбасары, бас инженері, «На­клонная» «Киров» шахтыларының директоры, «Қарағандыкөмір» ӨБ экономика жөніндегі директоры қызметтерін атқарды. 1981 жылдан 1990 жылдар аралығында Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Облыстық атқару комитетінің бас ПЭУ бастығының орынбасары, Бас ПЭУ бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 1990 жылдан бастап «Қарағандыбытсервис АҚ бас директорының орынбасары, 1997 жылдан бас­тап «Абсолют Қазақстан» ЖШС Вице-Президенті «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, 6 медальмен марапатталды.
Бірнеше рет облыстық кеңеске депутат бо­лып және көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподақ съезінің делегаты болып сайланған, Берлин қаласында СЭВ елдерінің көмір саласының экономикалық секцияларының жұмысына қатысты.
Көмір өнеркәсібінің дамуына және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1996 жылы 26 сәуірде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Атақ берілген күні: 1996 жылы 26 сәуір


Қайырбаев Нұрахмет Қайырбайұлы

1927 жылы 22 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Жамбыл атындағы совхозда туды. 1943 жылы Қарқаралы педагогикалық училищесін аяқтаған соң 1945 жылға дейін Ұлытау ауданының Талап ТЕОМ оқу ісі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды . 1946 жылы Қарағанды облысының Қу ауданындағы № 11 ОМ мұғалім болып қызмет істеді. 1947 жылы Қарағанды мұғалімдер институтының тарих факультетін үздік аяқтап, 1948 жылға дейін Қарағанды қаласының № 2 мектеп-интернатында мұғалім болып қызмет атқарды. 1948 жылдан бастап Қарағанды қаласының № 7 ОМ оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, 1963 —1975 жылдар аралығында № 34 ОМ директо­ры, 1976 жылдан бастап № 7 ОМ директоры болып қызмет атқарды.
В.И.Лениннің туғанына 100 жылдық мерекелік медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақ ССР-нің ағарту үздігі», «СССР ағарту үздігі» белгілерімен марапатталды. Алматы қаласындағы өткен V республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болды.
Халыққа білім беруде, жас ұрпақты тәрбиелеуде елеулі үлес қосқаны, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны, қазақ халқының дәстүрлері мен салт-жораларын енгізгені және насихаттағаны үшін 1996 жылы 26 сәуірде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1996 жылы 26 сәуір


Әбдіразақов Талғатбек Әбдірахманұлы

1920 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туды.
1939 жылы екі жылдық курсты бітіргеннен кейін Семей облысының Үржар жетіжылдық мектебінде еңбек жолын бастады, осы жылы Совет армиясының қатарына шақырылды. Отан соғысына қатысып, екі мәрте ауыр жараланған, соғыс мүгедегі.
1952 жылы мұғалімдік институтын бітіргеннен кейін лектор, Қарағанды облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
1954 жылы Москва қаласының жоғарғы партия мектебін аяқтаған соң, Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, БЛКЖО ОК бірінші хатшысы болды.
1961 жылы қоғамдық білім Академиясын бітіргеннен кейінгі еңбек өмірбаяны педагогикалық институттың саяси экономика кафедрасының меңгерушісі, содан кейін декан және Қарағанды университетінің кафедра меңгерушісі, 10 жылдай кооператив институтының ректоры, ал 1987 жылдан бастап ҚарМУ профессоры, экономика ғылымдарының докторы. 200 дана еңбектері басылған, соның ішінде 8 монографиясы бар. Әлденеше рет СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. I дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», ордендерімен, «Ерлігі үшін», мерекелік медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен, БЛКЖО ОК, Орталықодақ ССРО грамоталарымен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы қызметі, экономикаға, мәдениетке, жастарды интернационалдық тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1996 жылдың 26 сәуірінде «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1996 жылы 26 сәуір


Саламатов Владимир Григорьевич

1920 жылы 2 желтоқсанда Киров облысында дүниеге келген. Орта мектепті ойдағыдай бітіріп, Ф.Э. Дзержинский атындағы Мәскеу электро-механикалық көлік инженерлер институтына түсті.
Өзінің еңбек жолын В.Г. Саламатов «Глубокое» депосында машинист көмекшісі болып бастады, сосын бригадир, паровоздарды жөндеу бойынша шебері болды.
1945 жылдың мамырында Қарағандыға келді, сол кезден бастап осы жерде. Паровоз жөндеу депосының бастығы болды. 1963 жылы Бүкілодақтық темір жол көлігі инженерлер институтын оқып бітірді. Ұзақ жылдар бойы партиялық жұмыста. Темір жол аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің хатшысы болып сайланған. 1979-1982 жылдар аралығында облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қазан революциясы, Еңбек Кызыл Ту, Елдер бауырластығы ордендерімен марапатталған.
Қала дамуына, оның құрылыстарына, көркейуіне, Орталық Қазақстан темір жол көлігінің қалыптасуына, жас буынның тәрбиелеуіне сіңірген үлкен еңбегі үшін және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 1996 жылы 26 сәуірде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1996 жылы 26 сәуір


Гольцев Михаил Венедиктович

1935 жылы 11 тамызда Семей қаласында туды, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген құрылысшысы.
1957 жылы инженер-шахта құрылысы мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1980 жылы инженер экономист мамандығы бойынша политехникалық институттың сырттай бөлімін аяқтады.
Институтты аяқтағаннан кейін «Қарағандышахтақұрылыс» комбинатының «Қарағандыөндірісқұрылыс» тресіне жұмысқа жіберілді, Шығыс ҚБ мастер, құрылысты жүргізуші болып істеді. 1962 жылы учаске бастығы, содан кейін Қарағанды үй құрылысы комбинатының бас кұрылысшысына ауыстырылды. 1966 жылдан бастап «Қарағандытұрқұрылыс» тресінің № 8 ҚБ бас инженері, 1971 жылы «Мәдениет-тұрқұрылыс» № 6 ҚБ бастығына ауыстырылды, 1973 жылы «Қарағандытұрқұрылыс» тресінің басшысы болып тағайындалды. 1979 жылдан 1994 жылдар аралығында Облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгеруші, экономика бас басқармасының бөлім бастығы, облыстық әкімшіліктің құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталды. Облыстық, калалық кеңестерге депутат болып сайланды.
Қарағанды қаласының құрылысы мен дамуына елеулі үлес қосқаны және жастар мен еңбекшілерді тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін 1997 жылы 17 қаңтарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар


Качкаров Махти Шамараевич

1919 жылы 2 мамырда Ставрополь аймағы Нижняя Мара ауылында дүниеге келген. 1936 жылы жұмыс факультетін бітіргеннен кейін, Карачаевск комсомол облыстық комитеті-нің нұсқаушысы болып істеді, 1940 жылы әскери-техникалық авиациялық училищесін оқып бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
1955 жылы Махти Шамараевич біздің қаламызбен байланысты: ұзақ уақыт Қара­ғанды облыстық атқарушы комитеті маңындағы дене тәрбиесі және спорт комитетінің бастығы болып жұмыс істеді, біздің облыс спортының дамуына үлкен үлес қосты.
Қазақ халқының дәстүріне деген құрметі, өмірдегі толық интернационализм, оптимизм Махти Шамараевичтің міңез-құлқысында байқалмай қоймайды.
Қазақстан гүлденген мемлекет болатынына, әр отбасының денсаулығы мықты болатынына, ал Қарағанды спортшылары өзінің жетістіктерімен әлемге таңылатынына Махти Шама­раевич толық сенімді болды.
Отан алдында Ұлы Отан соғыс кезеңінде зор еңбегі үшін, дене тәрбиесі және спорт дамуы бойынша мәуелі еңбегі үшін, жастарды тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін 1997 жылы 17 қаңтарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар


Нұртаханов Айтан Нұртаханұлы

1911 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды облысы Тельман ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1931 жылы шахтада вагоншы болып бастады. 1932 жылдан бастап тау-кен десятнигі, 1934 жылдан бастап алғашқы комсомол ұйымының хатшысы, 1937 жыл­дан бастап №19 шахта кәсіподағының төрағасы. Содан кейін Қарағанды көміршілер кәсіподақ комитетінің төрағасы, партия облыстық комитеті көмір бөлімінің меңгерушісі, Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан КП ОК нұсқаушысы болып істеді.
Қарағанды тау-кен техникумын, содан кейін Қазақстан КП ОК маңындагы Жоғары партия мектебін, Свердлов тау-кен институтын оқып бітірді.
«Елеулі еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғыс жылдарындағы қаһарманды еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғыс Жеңісінің 50 жылдығына», Қарағанды облыстық атқарушы комитетінің Құрмет мақтау қағаздарымен марапатталған.
Кәсіби іс-әрекетіндегі жетістіктерімен: ОМКТ механикалық комлексі енгізудегі рекордын ұйымдастыру, желдеткіш вертикалды діңгекті өту бойынша, тау-кен өндірудің бүкілодақтық рекорды, мақтануына толық құқылы.
Ұлы Отан соғыс жылдарында, көмір бассейннің дамуына қосқан зор еңбегі үшін, жастарды тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін 1997 жылы 17 қаңтарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар


Жошыбаев Сейтхан

1939 жылдың 9 маусымында Жамбыл облысы Луговск ауданы АкырТөбе станциясында дүниеге келген.
1956 жылы орта мектепті бітірген. 1962 жылы Фрунзе қаласында Қырғыз мемлекеттік медициналық институтын бітірген.
1962-1967 жж. - Нарын облыстық ауруханасының, Фрунзе қаласының Республикалық клиникалық ауруханасы госпитальдық бөлімшесінің, сонан соң Қырғызстанның Талас қалалық ауруханасының хирургы.
1970 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.1970 жылдан 1984 жылға дейін медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының хирургы, ассистенті, Бішкек қаласындағы Республикалық клиникалық аурухананың торакалды, кейіннен кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі.
1981 жылы докторлық диссертациясын қорғады. 1984 жылдан 1992 жылға дейін Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындагы клиникалық және эксперименталдық хирургия ҒЗИ жүрек қан тамыры хирургиясы бөлімінің басшысы.
2004 жылы Қырғыз Республикасы Президентінің Жарлығымен Жүрек жэне ішкі органдарды ауыстыру хирургиясы ғылыми зерттеу институтын ұйымдастырды.
«КСРО Денсаулық сақтау үздігі», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі», «Қырғыз КСР Еңбек сіңірген дәрігері», «Даңк» Қырғызстан медалі, «Ерен еңбегі үшін» Қазақстан медалі, Қырғызстан, Қазақстан, Монголия Денсаулық сақтау министрліктерінің Құрмет грамоталары.
КСРО МҒА академигі В.И. Бураковскийдің естелік медалі, ҚР ҰҒА академигі И.К. Ахунбаевтың Премиясы, Қырғыстан хирургиялық қоғамдар Ассоцияциясының Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Елшілігінің Құрмет грамотасы жэне «Алтын көпір» белгісі.
Қарағанды қаласының жүрек-кан тамыры хирургиясы облысаралық диспансеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсеткені үшін 1997 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар


Герайн Валентин Иосифович

1951 жылы дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды медициналық институты педиатрлық факультетін бітіріп, аталған институттың биохимия кафедрасында үш жылдай жұмыс істеді.
1980 жылы ГРФ-ға тұрақты орналасуға көшеді, Франкфурт-на-Майне қаласында университет клиникасында жұмыс істейді.
Германияда өмір сүріп және жүмыс істеп, дәрігер В.И. Герайн «КЭР-Германия» неміс қайрымдылық ұйымымен, халықаралық қайрымдылық және денсаулық Қорымен белсене қызмет істейді. Ол Қазақстан Республикасында Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы сомасы 6 миллион неміс маркасын құрайтын екі онкогематологиялық балалар орталығын жасау Бағдарламасының негізін қалаушы және белсенді қатысушысы болды.
Дәрігер В.И. Герайн Қазақстан ауру балаларына тұрақты және ақысыз консультативтік жәрдем көрсетеді. Балалар онкогематологиялық орталықтарына жалпы сомасы 300 мың неміс маркасынан астам гуманитарлық көмек көрсетілді.
Балаларға онкогематологиялық жәрдемнің дамуына, балаларға мамандырылған жәрдем көрсеткені үшін, біздің қаламызға гуманитарлық көмектің көрсетілуіне жәрдемдескені үшін 1997 жылы 17 қаңтарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар


Кох Карл Хайнц

1944 жылғы 18 қыркүйекте Кальтеннордхайм қаласында (Солтүстік Алмания) дүниеге келген, Алмания азаматы.
Профессор Карл Кох, Іntегnаtіоnаlег Нilfsfonds е. V. - Халықаралық көмек қорының президенті.
1992 жылдан Қор Қазақстанға 3 миллион неміс маркасы сомасына 248 тонна гуманитарлық көмек берді. Қазақстанға алғашқы көмек 1992 жылы Қарағандының Ана мен балалық шақты қорғау Орталығына берілді.
1995 жылы Қарағанды қаласына 176 мың неміс маркасы сомасына гуманитарлық көмек әкелінді.
Қазақстанда балалар мен әйелдердің денсаулығына қоршаған ортаның әсерін зерттеу үшін жылжымалы экологиялық лабораториясын кұрады, ол Қарағанды, Семей, Арал маңы аумақтарындағы балалардың денсаулығын бүгінгі күнге сай диагностикалау және бейімдеу орталықтарының басты кезеңі болып табылады.
Карл Хайнц Кох Қазақстанның денсаулық сақтау жэне ғылым мекемелеріне еуропалық серіктестерімен тығыз ынтымақтастық орнатуға жан-жақты көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасына және Қарағанды қаласына гуманитарлық көмек көрсеткені, халыққа медициналық қызмет көрсетуді жетілдіруге ықпал еткені және балалар мен әйелдердің денсаулығына қоршаған ортаның әсерін зерттеу үшін жылжымалы экологиялық зертханасын кұрғаны үшін 1997 жылдың 17 каңтарында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 17 қаңтар


Досмағамбетов Сұлтан Қапарұлы

1928 жылы 1 қыркүйекте Көкшетау облысының Рузаевск ауданының Шүкіркөл ауылында туды, профессор, Әлеуметтік ғылымдары Академиясының кор­респондент мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Петропавл қаласындағы Ушинский атындағы мұғалімдер институтын сырттай аяқтап, еңбек жолын мұғалім болып бастаған 1952 жылы Алматыдағы Мемлекеттік заң институтын бітірді. 1953 жылы Ташкент қаласында жоғарғы оқу орындарының оқытушысын даярлайтын курсты аяқтады. 1955 жылдан 1958 жылдар аралығында Қарағанды қаласының кен институтында оқыды. 1960 жылы Свердлов қаласында кандидаттық диссертация қорғады, осы жылы институтта кафедра меңгерушісі болды. 1963 жылдан 1982 жылдар аралығында облыстың партия комитетінің екінші хатшысы, хатшы және облыстық атқару комитетінде төраға қызметін атқарды. 1982 жылдан 1984 жылға дейін Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтында ректор, 1984-1996 жылдары Қарағанды педагогикалық институтының ректоры, 1996 жылдың мамыр айынан бастап Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректор кеңесшісі қызметін атқарды.
«Ленин», «Құрмет Белгісі» орденімен, төрт «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, «Халық шаруашылығын дамытудағы жеткен жетістіктер үшін», «І-П-ІІІ дәрежедегі Шахтер даңкы» белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапатталды. ҚР білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер.
Білім беру саласын дамытуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны және Қарағаңды қаласының кұрылысы мен дамуына және оның экономикасы мен мәдениетіне белсене қатысқаны үшін 1997 жылы 18 маусымда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 18 маусым


Рақымбеков Мәтен Рақымбекұлы

1912 жылы 23 тамызда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы №6 аулында дүниеге келген. 1934-1940 жылдары Мәскеу тау-кен институтында оқып, тау-кен инженері дипломын алды. Техникалық ғылымдар кандидаты, 37 ғылыми еңбектері бар.
Еңбек жолын 1940 жылдың мамырында Костенко атындағы шахта учаскесінің бастығы болып бастады.
1941 жылы 1 маусымда Қызыл Әскер қатарына шақырылды, батарея және дивизион командирі ретінде фашистерге қарсы шайқасты.
1945 жылы Жеңістен кейін Қазақстанға қайтып келді, «Қарағандыкөмір» комбинаты «Кировкөмір» тресті №3-бис шахтасының бас инженері болды, сосын №31,37 шахталарының бастығы болды. А.С. Макаров жүйесі бойынша және «Донбасс» секілді кен қамту комбайындарын енгізу үшін көп үлес қосты. №37 шахтаны артта қалушылардан шығарды, осы шахтада «Донбасс» көмір шығару комбайнында әлемдік рекордты ұйымдастырды.
1960-1989 жылдар аралығында «Қарағандыкөмір» комбинаты капиталды құрылыс трест басқарушысының орынбасары, «Абайкөмір» трест басқарушысы, ҚКИҒИ директорының орынбасары.
Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, ордендерімен, «Мәскеу қорғанысы үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, I дәрежелі Шахтер даңкы құрмет белгісімен марапатталған.
Қарағанды көмір өнеркәсібінің дамуына, жас шахтерлер кезегін тәрбиелеуіне қосқан зор еңбегі үшін 1997 жылдың 30 маусымында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1997 жылы 30 шілде


Оразәлинов Шәймерден Әбілмәжінұлы

1942 жылы 17 карашада Солтүстік Қазақстан облысының Петропавловск қаласында туды. Қарағанды политехникалық институтында оқи жүріп моторист, слесарь жұмыстарын атқарды. 1965 жылы институтты аяқтап, кен инженері-технолог мамандығына ие болды. № 38 байыту фабрикасында мастер, ауысым бастығы, содан кейін пайдалы қазбаларды байыту инсти­тутында топ жетекшісі, аға гылыми қызметкер болып қызмет атқарды. 1972 жылы Қаз ССР-і Ғылым академиясының жанындағы аспирантураға сырттай оқуға түсті. 1975 жылы КБФ бас ин­женері, 1981 жылдан бастап ОБФ директор, 1984 жылдан Октябрь аудандық атқару комитетінде төраға болып қызмет атқарды. 1987 жылдан бастап қалалық атқару комитетінің төрағасы, қалалық әкімшіліктің әкімі, Қарағанды қаласының әкімі, 1997 жыл­дан бастап Қарағанды облысы әкімінің Кеңесшісі, Қарағанды облысы әкімі жанындағы тәртіптік кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды. Аудандық, қалалық Кеңестерге және Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісіне депутат болып сайланды.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Қарағанды қаласының дамуына, оның құрылысы мен көркеюіне, сонымен қатар Қарағанды көмір бассейні көмір өнеркәсібінің дамуына және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 1998 жылы 15 сәуірде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1998 жылы 15 ақпан


Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы

1938 жылдың 27 шілдесінде Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туды. 1956-1961 жылдары Қарағанды педагогикалық институтында білім алды. 1961 жылы ассистент ретінде басталған еңбек жолы ұстаздықпен жалғасты. 1963-1968 жылдары ҚарМУ-дің аспирантурасында оқыды. 1970 жылы физика-математика ғылымының канди­даты гылыми атағын алу үшін диссертация қорғады. 1972 жылдан ҚарМУ-дің кафедра меңгерушілігінен оқу ісінің проректоры қызметін атқарды. 1986-1991 жылдары Гурьев педагогикалық институтының ректоры, ал 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің ректоры. 40 ғылыми еңбегі бар. 1996 жылы университет ректорларының Халықаралық ассоциациясының мүшесі болып сайланды, сонымен бірге Орталық Қазақстан жоғары оқу орнының аймақтық Кеңесінің төрағасы және ҚР ректорлар Кеңесі Президиумының мүшесі, 1993 жылы ҚР халық депутаты болып сайлан­ды. ОК мүшесі және Қазақстан халық бірлігі партиясы комитетінің облыстық бюросының төрағасы. «Тың және тыңайған жерлерді игеру», «Еңбек ардагері» медальдарымен және басқа белгілермен марапатталды.
Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, физика ғылымына, жоғары білім жүйесіне және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін 1998 жылы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1998 жылы 14 қазан


Шаймұханов Дүйсетай Аймағамбетұлы

1928 жылы 1 қаңтарда Бұқар жырау ауданының Жастілек ауылында туды.
1944-1946 жылдары Қарағанды қаласының мұғалімдер институтында, 1948-1951 жылдары Алматы қаласындағы ҚазМУ-да оқыды. Еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастады, партия құрылымдарында түрлі қызметтер атқарды. 1965-1974 жылдары ҚПТИ және ҚарМУ (1972 ж) тарих кафедрасын басқарды. 1974-1982 жылдары Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институтында ректор болды. 1982-1994 жылдары ҚарМУ кафедра меңгерушісі болды. 1994 жылдан бастап Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ Қазақстан тарихы кафедрасында профессор болып табылады.
Жеті үкімет наградаларымен марапатталған. («ҰОС жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» мерекелік медальдармен, «Еңбек ардагері») Оның 150 ғылыми жұмысы мен мақалалары ғылымға қосқан баға жетпес үлесі болып табы­лады.
Профессор Шаймұханов бірнеше рет қалалық жөне облыстық Кеңестерге сайланды.
Ғылым мен білімді дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқаны және Қарағанды қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін 1998 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1998 жылы 14 қазан


Аханов Тишбек Аханұлы

1924 жылы 28 маусымда Қарағанды облысының «Победа» совхозында туды. 1941 жылы Киров ауданындағы №1 ФЗО аяқтағаннан кейін, «Қарағандыкөмір» комбинатының №31 шахтасында электровоз машинисті болып істеді. 1942 жылы армия қатарына шақырылды. Калинин, Ржев, Торопец қалаларын гитлершіл басқыншылардан азат етуге қатысты, ауыр жарақат алды. 1953-1956 жылдары СОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін, 1971-1977 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады. Қарағандыға оралғаннан кейін облыстық халық ағарту бөлімінде, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Қарағанды қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Киров, Ленин және Қарқаралы аудандарының басшысы, Облатқарукомитетінің орынбасары болды. Бірнеше шақырылған халық депутаттарының Қарағанды облыстық және қалалық Кеңестерінің депутаты болып сайланды. Ұзақ уақыт бойы облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі болды.
«1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Құрмет белгісі» 3 орденімен, 12 медальмен және 10 Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қарағанды қаласын дамытуға, оны салуға және сәулеттендіруге қосқан үлкен үлесі, қаланың қоғамдық өміріне және жас ұрпақты тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін 1999 жы­лы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілгеннен кейн: 1999 жылы 19 мамыр.


Мұқанов Димкеш

1936 жылы 26 маусымда Қарағанды облысы Тельман ауданы Ростовка селосында туды. 1959 жылы Ленинград электротехникалық байланыс институтын бітірді, техникалық ғылымның кандидаты.
Өзінің еңбек жолын Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының кіші ғылыми қызметкерінен бастады. 1961 жылдан 1963 жылға дейін Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып еңбек етті. 1965 жылдан сектор бастығы, бөлім бастығы, бас инженер, Базалық изотопты лабороторияда электрониканың бастығы қызметін атқарып еңбек жолынан өтті. 1980 жылдан ВНИИ ОКБ Қарағанды филиалының директоры, 1992 жылдан бастап «Черметавтоматика» НПО ерекше жобалау-конструкторлық бюросының директоры, 1994 жылдан бастап «Казчерметавтоматика» АТАҚ президенті болды.
«Халықтар достығы» орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, «Астана» естелік медалімен марапатталды.
ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР еңбегі сіңген өнеркәсіп қызметкері.
Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны, инженер кадрларды дайындау жөніндегі ұйымдастыру қызметі мен ғылыми-өнеркәсіп потенциалын дамыту және кұру саласындаға елеулі еңбегі үшін 1999 жылы 11 тамызда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз


Мәмежанова Хабиба Ақатайқызы

1930 жылы 20 наурызда Шығыс Қазақстан облысында туды. Қарағанды қаласында 1937 жылдан бастап тұрады. Орта мектепті аяқтағаннан кейін 1948 жылы нанкомбинаты жанындағы училищені аяқтады. 1961 жылға дейін осы кәсіпорынды жұмысшыдан нан комбина­ты директорының орынбасарына дейін түрлі қызметті атқарды. 1961 жылдан бастап Облнанкомбинаты кәсіподақ комитетінің төрайымы, 1971 жылдан бастап тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің хатшысы болып сайланды. 1987 жылы ардагерлер қозғалысына белсене қатысқан. Қазіргі кезде Қазыбек би атындағы ауданның Ардагерлер Кеңесінің төрайымы, ҚР Орталық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, қалалық Ардагерлер Кеңесі президиумының мүшесі, I шақырылған Қарағанды қалалық мәсли-хатының депутаты болып сайланды.
«Еңбек ардагері», «В. Лениннің 100 жылдығына» медальдарымен, Облатқаруком-итетінің, ВЦСПС, Қазкәсіподақ Кеңесінің және басқа да грамоталармен марапатталды.
Қаланың қоғамдық-саяси өміріне және арда­герлер қозғалысына белсене қатысқаны үшін 1999 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз


Романюта Александр Кузьмич

1925 жылы дүниеге келген. Қарағанды көмір бассейіннің «Солтүстік» шахтасында 17 жасынан жұмыс істей бастады. Еңбек даңқы оған 1944 жылы келді. Дәл осы жылы ол өзінің Донбасстан келген забойшы Виктор Карпетченко еңбек жолдасымен бірге құлап тұрған бұлтарғы қабатты өңдеп 95 тонна көмір тапты, яғни тапсырманы 380 пайызға орындаған. Барлық табыстарын еңбек бойынша ағайындар, Амангелді Иманов атындағы танк колоннасының құрылысына берді.
1976 жылы ол басқарған учаске коллективі, әрекеттегі лаваға 500 мың жылдық жүктемеге жарысты ұйымдастырды.
А.К. Романюта еңбектері жоғары мемлекеттік сыйлықтармен белгіленген. Ленин, «Құрмет Белгісі» Қазан революциясы ордендерімен марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты.
Қарағанды көмір бассейні тарихында айрықша мәнді сәті көмірдің миллиард тоннасы табылды. Осы көмірдің миллиард тоннасын табу А.К. Романюта басқарған учаскеге түсті.
Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы зор еңбегі үшін, соғыс жылдарынан кейін Қарағанды көмір өнеркәсібінің дамуына, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін, жас шахтерлер кезегін тәрбиелегені үшін 1999 жылдың 11 тамызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз


Сапар Шәкенұлы БЕЙСАТОВ

1931 жылғы 20 мамырда Омбы облысы, Русско-полянский ауданы, Жасқайрат селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ, жоғары білімді. Әжесінін қолында тәрбиеленген.
1938 жылы оқуға барып, 1945 жылы толық емес орта мектепті бітірді. Мектепті бітірген соң, Ақмола станциясындағы № 4 темір жол училищесіне оқуға түседі де IV раз-рядты токарь мамандығын алып шығады. 1947 жылдан бастап 1948 жылдын тамыз айына дейін Ақмола станциясындағы депода токарь болып жұмыс істеді.
1951 жылғы сәуір айынан , 1955 жылғы қазан айына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарды. Әскер қатарынан оралғаннан кейін, 1956 жылдың мамыр айынан бастап еңбек жолын бастады. Комсомолдық жолдамамен Қазақстан Магниткасының құрылысын салуға Теміртау қаласына келді, бетоншы, монтажшы, «Қазметаллургкұрылыс» тресінде кешенді бригаданың бригадирі болып жұмыс істеді.
1960 жылдан 1996 жылға дейін «Қарағандытұрғынүйқұрылыс» тресінде еңбек етті. Қатардағы шеберден аға инженерге дейінгі еңбек жолынан өтті. Осы уақыттан бастап С.Ш.Бейсатовтың қызметі Қарағанды қаласымен байланыста болды. Қаладағы тұрғын үйлердің және өндірістердің объектілерін құрастыру мен монтаждау оның жұмысты ұйымдастыра білуімен байланысты болды. Оның тікелей қатысуымен Қарағанды қаласы Орталық Қазақстандағы әдемі қалалардың біріне айналды. С.Ш.Бейсатовтың жеке басының қасиеттері, оның жұмысқа деген қабілеттілігі, ұйымдастырушылық дарындылығы, қарапайымдылығы айналасындағы адамдардың оған деген үлкен кұрметін тудырды.
Ол 1958 жылы Теміртау қаласы комсомол ұйымының атынан Қазақстан ЛКЖО IX съезінің және БЛКЖО XIII съезінің делегаты болды.
С.Ш.Бейсатовтың еңбектегі жетістіктері «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдары, «Саланың үздігі», «Еңбек ардагері» белгілері сияқты үкімет наградаларымен марапатталды. Қарағанды қаласының кұрылысына қосқан зор үлесі, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене ат салысқаны үшін 1999 жылғы 11 тамызда оған «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз


Билык Анатолий Петрович

1928 жылы 20 қарашада Украинадағы Днепропетровск облысының, Магдалиновск ауданының Крамарка селосында туды. 1950 жылы Днепропетровскідегі көркем-сурет училищесін мүсінші мамандығы бойынша бітіріп шықты. Училищені аяқтаған соң құрылыста жапсырушы, Днепропетровскідегі суретшілер серіктестігінің көркем-сурет қорының шеберханасында мүсінші болып қызмет етті. 1956 жылы қыркүйекте Қарағанды қаласына көшіп келіп, ҚазКӨҰ Қарағанды ұйымында мүсінші, содан кейін суретшілер серіктестігінде және Қаз ССР-нің көркемсурет қорының шеберханасында қызмет етті.
Ең алғашқы ірі жұмыстарының бірі Совет Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің ескерткіші (Гуммелмен бірігіп жасаған) Екі ескерткіші Қарқаралы қаласынан орын алған. 1969 жылы «Шахтер даңкы», «Жауынгерлік Даңкы» ескерткіші, Сәкен Сейфуллинге, Шоқан Уәлихановқа мрамордан жасалған ескерткіші, фашизмге қарсы шыққан неміс суретшісі Фогелердің ескерткіші конкурстарды жеңіп алды. 10 бүкілодақтық, 49 республикалық және облыстық көрмелерге қатысқан, көптеген еңбектері көрмеден кейін мұражайларда қалдырылған.
1990 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Еңбегі сіңген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді, Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Гер­мания Канцлері мен Германия Социалистік партиясы төрағасының құрметті тапсырмасын орындағаны үшін осы партияның Құрметті мүшесі болып кабылданды. В.И.Лениннің 100 жылдығы, Еңбек ардагері медальдарымен марапатталды.
Қазақстан қалалары мен Қарағанды қаласының бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін 1999 жылы 11 тамызда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз


Матонин Петр Кузьмич

1911 жылы 23 қаңтарда Челябинск округінің Парамоново ауылында (қазіргі Қорған облысы) туды. 30-шы жылға дейін үзіліспен Усть-Уйск шаруа жастарының орта мектебінде оқыды. 1930 жылы қаңтарда отбасын Тобыльск, содан кейін Ханты Мансийскіге жер аударды. 1930 жылы қыркүйекте Ханты-Мансийск батпағынан қашып, Хибиногорскіде іздеуден жасырынды, (Коль түбегі). 1931 жылы Хибиногорск құрылыс басқармасында жұмысқа тұрып, кәсіби техникалық училищеде тас қалаушы мамандығын оқып шықты, одан кейін Онтүстік Оралда түрлі жұмыстарда істеді. 1931 жылы қыркүйекте кешкі жұмысшы факультетіне түсті. Жоғарғы Уфальдағы никель руднигінде сынамаларды сұрыптау жөніндегі бұрғышы болып істеді. Кәсіподақ комитетіне, БЛКЖО- на мүше болды. 1932-1936 жылдар аралығында Свердловскідегі кен институтында оқыды. 1938 жылы маркшейдер мамандығы бойынша кен инженері дипломын қорғады. 1938 жылы Ауыр өнеркәсібі халық комитетінің жолдамасымен Қарағандыкөмір Мемлекеттік тресінің Горький атындағы №2 шахтаға аға маркшейдер болып жіберілді. 1940 жылы әскер қатарында қызмет етті. 1941-1945 жылдар аралығыңда 33/34 шахтыда бас маркшейдер болып қызмет атқарды. 1945 жылдан бастап «Ленинкөмір» тресінің техникалық бөлімінің бастығы,1946 жылдан бастап «Сталинкөмір» тресінің 36 шахтасында бас инженер, 1947 жылдан бас­тап «Стахановская» шахтасының бас инженері болып қызмет атқарды. 1951-1953 жылдар аралығында Москва көмір өнеркәсібінің Академиясында тыңдаушы болды. 1953 жылдан 1961 жылға дейін «Кировкөмір» тресінің бас инженері болды. 1966 жылға дейін «Қарағандыкөмір» комбинатының бас инженері қызметін атқарды. 1972 жылға дейін Қазақстан көмір өнеркәсібі басқармасының техникалық басқармасының бастығы, техникалық ғылымның кандидаты, 1982-1984 жылдар аралығында Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының кен геомеханигі мен маркшейдер ісінің Қазақ филиалының директоры қызметін атқарды. 1985-1988 жылдары КНУИ аға ғылыми қызметкері.
1992 жылы «Қарағанды көмір бассейнінің қалыптасуы мен дамуы» жайында кітап жазды.
Екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, «1941-1945 ж.ж ҰОС ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Тың жерді игергені үшін», «Шахтер даңқы» белгісінің 3 дәрежесінің кавалері, «Көмір өнеркәсібінің үздігі», СССР ХШЖЖ алтын және күміс медальдарымен марапатталды.
Дербес зейнеткер, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген рационализаторы.
Қарағанды қаласы көмір бассейнінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны және Қарағанды қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін 1999 жылғы 11 тамызда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әлменов Сейітбай Әлменұлы

1904 жылы 7 ақпанда кедей отбасында Қызылорда облысы Тартоғай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1917 жылы байдың бақташысы болып бастайды. 1937 жылы Свердлов қаласында «Көмір өнеркәсібінің ұйымдастырушы-инженер» мамандығы бойынша Орал-Қазақстан өнеркәсіптік академиясын оқып бітіреді.
С.Ә. Әлменовтің барлық келесі еңбек қызметі Қарағанды шахталарымен тығыз байланысты. С.М. Киров атындағы шахтаның бас инженері, №20-бис шахтаның бастығы, «Кировкөмір» тресінің басшысы болып жұмыс істейді. 1940-1941 жылдары Қазақ КСР жергілікті өнеркәсіптің халық комиссары болды.
«Құрмет Белгісі» орденімен, «Сайыпқыран еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының Құрметті мақтау қағаздарымен марапатталған.
Қазақстан көмір өнеркәсібінің дамуына, Қарағанды құрылысына, шахтерлер болашақ кезегін тәрбиелеуіне және оқытуына қосқан үлкен үлесі үшін 2001 жылдың 22 тамызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 1999 жылы 11 тамыз


Имашев Мәлік Имашұлы

1922 жылы 22 қаңтарда Шығыс-Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауылында туды, Одақтық дәрежедегі зейнеткер, «Шет ауданының құрметті азаматы», Қаз ССР-нің еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, СССР баспа үздігі.
Еңбек жолын орман шаруашылығында есепші болып бастады. 1941 жылы қыркүйекте РККА қатарына шақырылды және 17 оқу авиаэскадрилияға жіберілді. Оқуды аяқтаған соң майданға 432 АЭ байланысына ұшқыш болып жіберілді. 50 Армияның құрамына енген эскадрилья, 1, 4, 16 Әуе Армиясы Батыс Брянскіде, I, II, III Белоруссия және I Прибалтика майданында соғысты. Соғысты Кенигсбергте аяқтады. 1947 жылдан бастап Қатон-Қарағай аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушы болып қызмет атқарды. 1951 жылы Алматыдағы партия мектебін аяқтап, Қарағанды қаласына лектор болып келді, содан кейін Қарағанды қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болды. 1957 жылы Москвадағы Жоғары партия мектебін бітірді. 1957 жылдан 1973 жылдар аралығында Киров аудандық партия комитетінде екінші хатшы, Қарағанды облыстық партия комитеті меңгерушісінің орынбасары, Шет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1973 жыл­дан 1994 жылдары «Полиграфия» ӨБ Басқармасында Бас директор болды.
«2 дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, екі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және 14 медалімен марапатталды.
Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, облыстық, қалалық және аудандық кеңестерге 10-нан аса депутат болып сайланды. КПСС XXIII съезіне, республикалық коммунистік партияның съездеріне төрт рет делегат бол­ды, Қазкәсіподақ ВЦСПС екі рет мүше болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан алдындағы елеулі еңбегі мен қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 2000 жылғы 19 қантарда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 19 қаңтар


Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы

Туған қарағандылық. 1949 жылы дүниеге келген. Алматы қаласында Қазақ политехникалық институтын оқып бітірді. Сосын ММУ аспирантурасында оқыды. Эконо-микалық ғылымдар канди­даты. 1981-1989 жылдар аралығында Қарағанды педагогикалық институтында оқытушы болды.
1989-1991 жылдар аралығында облыстық атқарушы комитеті маңындағы жоспар-экономикалық бөлім бастығының орынбасары. 1991-1992 жылдар аралығында экономика бойынша облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдар аралығында облыстық әкімшілік әкімінің орынбасары. 1994-1997 жылдар аралығында мемлекеттік салық инспекциясының бастығы, қаржы министрінің бірінші орынбасары. 1997-1999 жыл­дар аралығында Қарағанды облысының әкімі.
Содан кейін қаржы министрі болып жұмыс істеді, экономика және сауда Министрлігін басқарды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Нарықтық реформаларды жүргізудегі, облыстағы шағын және орта бизнесті дамытудағы қосқан үлкен үлесі үшін, қоғамдық және мемлекеттік белсенді қызметі үшін 2000 жылдың 19 қаңтарында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 19 қаңтар


Айтжанов Кәкен Дүйсембекұлы

1924 жылы 11 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 1942 жылы Қарағанды облысы халыққа білім беру жанындағы 10 айлық мүғалімдер курсын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл армия қатарына кірді. 21.06.1942 жылынан 28.10.1942 жылы аралығында, батыр қала — Сталинград қорғанысына қатысып, онда ауыр жарақаттанған. Госпитальдан кейін офицер училищесіне түсіп, онда рота комсоргы, батальон комсомол ұйымының бюро мүшесі,кейінірек училище комсомол комитетінің мүшесі болып сайланды. 1945 жылы КПСС қатарына қабылданды. Армия қатарынан босағаннан кейін 1948 жылдың ақпанынан 1979 жылдың мамыр айы аралығында Қарағанды қаласының МҚК басқармасында 25 жылдан аса қызмет істеген. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін ДОСААФ облыстық комитетінде 13 жыл жұмыс істеген.1990 жылдан және қазіргі уақытта еңбек және соғыс ардагерлері облыстық кеңесінің мүшесі және ХҚКД ардагерлері алғашқы ұйымының төрағасы болып табылады.
Бірнеше шақырылған аудандық кеңестің де­путаты болып сайланды. II дәрежелі Отан соғысының медалімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардагы Ұлы Отан соғысының жеңісі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» В.И.Лениннің туғанына 100 толуына байланысты, «Тың жерлерді игергені үшін» және басқа да, барлығы 20 мемлекеттік наградамен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Отан алдындағы еңбегі және қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 2000 жылдың 23 қыркүйегінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 23 қыркүйек


Исаев Нұрқан Исаұлы

1940 жылы 5 қазанда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында қызметкер отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірді, жүргізуші курстарында оқыды. Содан кейін Шалқар қаласының аудандық тұтынушы одағында шопыр болып істеді.
1958-1960 жылдар аралығында Орынбор облысы, Орск қаласының №1 техникалық училищесінде оқыды. Содан кейін Астархан қаласында Кеңес Әскер қатарында радиотелефоншы қызметін атқарды. 1963 жылдың тамызында Қарағанды политехникалық институты автотехникалық факультетіне оқуға түсті. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тау-кен машиналары кафедрасында бас инженер-оқытушы болып істеді. 1968 жылдың қазанынан Қарағанды облысы көмір өнеркәсібі Басқармасының техникалық қадағалау бойынша инженері, содан кейін Казақ КСР ғылымдар Академиясының Қарағанды химия-метал­лургия ғылыми-зерттеу институтының бас инженері болды.
1969-1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында, содан кейін шетелде Женева қаласында дипломатиялық жұмыста еңбек етті.
Халықаралық ұйымның Еуразиялық автомобильшілер альянсы бас секретарі, Қазақстан Республикасы транспорттық құралдар жүргізушілері Одағының вице-төрағасы болды.
Қарағанды дамыуына қосқан үлкен үлесі үшін, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін 2000 жылдың 23 қыркүйегінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 23 қыркүйек


Шишканов Виктор Григорьевич

1924 жылы 2 ақпанда Воронеж облысының Воронеж қаласында туды. 1941 жылы оқуды үздік аяқтап, Авиация институтына емтихансыз қабылданды. 1942 жылы Самара қаласына оқу орнымен бірге көшіріліп, онда 1945 жылға дейін Авиациялық заводта ИЛ-2 самолеттарын жинау жөніндегі слесарь болып жұмыс істеді. 1948 жылы Воронежде инженерлік-құрылыс институтын аяқтап, СССР Көмір өнеркәсібі министрлігінің өкімімен Қарағанды қаласының көмір кәсіпорындарының құрылысына жіберілді. Еңбек жолын Қарағанды қаласының Құрылыс басқармасында құрылыс жұмысын басқарды. 1948 жылдан 1961 жылдар аралығында Қарағанды шахтақұрылыс бас басқармасының құрылыс және шахта құрылыс мекемелерінде құрылыс жұмысын жүргізуші, бас инженер, құрылыс басқармасының бастығы, құрылыс тресі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1961 жылдан 1965 жылға дейін еңбекшілердің Саран қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1965 жылдан бастап Қарағанды қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1978 жыл­дан Қарағандытұрқұрылыс тресі бастығының орынбасары, 1981 жылдан 1994 жылға дейін аяқ-киім фабрикасының құрылыс және тұрмыс жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет атқарды.
Құрмет белгісі орденімен, «Ерлік еңбегі үшін», В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне, «1941-1945 ж.ж ҰОС ерлік еңбегі үшін», «ҰОС Жеңісіне 50-жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
Қарағанды қаласының құрылысына елеулі үлес қосқаны және қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін 2000 жылғы 23 қыркүйекте «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Атақ берілген күні: 2000 жылы 23 қыркүйек


Презент Григорий Михайлович

1941 жылы 22 қазанда Сара­тов облысының Романовка селосында туды. 1958-1964 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыды. 1964-1993 жылдары «Қараған-дыкөмір» өндірістік бірлестігінің Костенко атындағы шахтыда учаске бастығының көмекшісінен шахты директорына дейін түрлі қызмет атқарды. 1993 жылғы қараша айынан бастап көмір өндіру жөніндегі өндірістік бірлестіктің бас директоры, 1996 жылдан бастап «Испат-Кармет» ААҚ Көмір департаментінің атқарушы директоры қызметін атқарды. Беделді инженерлік-техникалык дайындыққа ие болып жұмыстың қауіпсіз жағдайына үлкен көңіл бөледі. Оның кандидаттық және докторлық диссертациясының тақырыбы және 38 ғылыми жұмысы тазалау жұмыстары технологиясын жетілдіруге бағытталды.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, «I, II, Ш дәрежелі Шахтер Даңқы» белгісімен, ХШЖК алтын медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.
Көмір өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосқаны және Қарағанды қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін 2000 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 23 қыркүйек


Абықаев Дүйсембай Қажыахметұлы

1925 жылы дүниеге келген. Барлық еңбек қызметі Қарағандыда және облыста өтті.
1947 жылы Кемеров өнеркәсіптік техникумына түсті және оны бітіргеннен кейін 1952 жылдың шілдесіне дейін ГПШ-40 аға шебері болып істеді.
1952 жылдан бастап Д.Қ. Абықаев партиялық кеңестік жүмыста. Нұсқаушы, Қараған­ды қалалық партия комитеті өнеркәсіптік-транспорттық бөлімінің меңгерушісі. 1955 жылдың мамырында Киров аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Содан кейін облыстық партия комитетінде, Ульянов аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 1965 жылы Қарағанды Ленин атқарушы комитеті аудандық жұмысшылар Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
1973 жылдан бастап облыстық шаруашылық комитетінің бас инженері. Оның басқаруымен қонақ үйлер және моншалар салынды, су іркуіш құрылыстар, трамвайларға техникалық қызмет көрсету станциялары іске қосылды және тағы көптеген объектілер.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Елеулі еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының мақтау қағазымен марапатталған.
Қарағандының дамуына және құрылысына, оның көркеюіне және көгалдандырылуына, қосқан үлкен үлесі үшін, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2000 жылдың 23 қыркүйегінде «Карағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 23 қыркүйек


Төлепов Нарманбет Оспанұлы

1929 жылы 23 мамырда Омбы қаласында туды.
Өзінің еңбек жолын 1944 жылы колхозда бастады. 1948 жылы Омбы педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 1954 жылы Алматы педагогикалық институтын аяқтаған соң Қарағанды қаласына жіберілді. Қарағандының № 2 және № 5 мектептерінде қызмет атқарды. 1954 жылы желтоқсанда Шахтинск аудандық комсомол комитетіне бірінші хатшы болып сайланды, одан кейін Қарағанды қалалық комсомол комитетіне бірінші хатшы болып, Қарағанды облыстық комитетіне екінші хатшы болып сайланды. 1961 жылы қыркүйекте Шахтинск қалалық партия комитетіне екінші хатшы болып, 1964 жылы Қарағанды қаласының Киров аудандық партия комитетіне бірінші хатшы болып, 1967 жылы Қарағанды қалалық атқару комитетінің төрағасы болды. 1975 жылы Костенко атындағы шахтаның өндіріс жөніндегі директор орынбасары, 1980 жылдан бастап «Қарағандыкөмір» бірлестігінің кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директоры, 1993 жылдан бастап «Тұран» банкінің кеңесшісі, 1977 жылдан бастап Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің кеңесшісі.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Достық» ордендерімен және 6 медальмен марапатталды. Бірнеше рет ҚазССР Жоғарғы Кеңесіне, облыстық және қалалық кеңестерге депутат болып сайланды.
Қарағанды қаласының құрылысы мен дамуына елеулі үлес қосқаны және қоғамдық қызметке белсене қатысқаны үшін 2000 жылы 23 қыркүйекте «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2000 жылы 23 қыркүйек


Дрижд Николай Александрович

1927 жылы Саратов қаласында дүниеге келген. Техникалық ғылымдар докторы. Қара­ғанды техникалық университетінің профессоры. Днепро­петровск тау-кен институтын бітірген. 1953 жылдан бастап Қарағанды көмір бассейні шахталарында. №37 шахтасы учаскесінің бастығы, №101 шахтасының бас инженері, «Қаркөмір» өнеркәсіптік ұйымның №120 шахтасында дирек­тор болып қызмет істеді. 1964 жылдан бастап «Саранкөмір» тресінің басшысы, содан кейін Ленин атындағы шахта директоры. 1976-1989 жылдар аралығында «Қарағандыкөмір» өнеркәсіптік ұйымның бас директоры.
Н.А. Дрижд шахталарды озат тау-кен техникасымен қамтамасыз ету жағынан, көмір табу процесін комплексті механикаландыру жағынан өте көп еңбек етті. Бірінші рет пласт жұмыспен өтеуді целиксіз технологиясын енгізді. Оның басқаруымен және тікелей қатысуымен Қушоқы, Борлы және Шұбаркөл көмір кен орындарында ең тиімді ашық тәсілмен көмір табудың игеру және даму қарқыны бойынша үлкен ғылыми-техникалық және практикалық жұмыстары өткізілді.
Н.А. Дрижд КСРО Мемлекеттік сыйлықтың екі рет лауреаты. Екі рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көпетеген медальдармен марапатталған. Ол Республиканың еңбек сіңірген кеншісі.
Қазақстан көмір өнеркәсібінің дамуына, Қарағанды құрылысына, шахтерлер болашақ кезегін тәрбиелеу және оқытуына қосқан үлкен үлесі үшін 2001 жылдың 22 тамызында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 22 августа 2001 года


Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы

1933 жылдың 3 тамызында Солтүстік Қазақстан облысында туды. 1956 жылы Абай атындағы Алматы институтын аяқтады. 1959–1962 жылдары Москвадағы М.В. Ломоносов атындағы жұқа химиялық технология аспирантурасында оқыды. 1963 – 1965 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде, Целиноград Педагогикалық техникумының проректоры болып жұмыс істеді. 1965 – 1974 жылдары ҚазССР ҒА – ның химия-металлургия лабораториясын басқарды.
1974-1980 жылдары Қазақ Химия металлургия институтының ректоры, 1980-1988 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің ректоры, 1988 жылдан ҚР Ғылыми Ұлттық Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесінің академик хатшысы және ҚР МНВО көмірхимия және органикалық синтез институтының директоры ҚР және одан тыс жерлерде белгілі кванттық химия ғылыми мектебін ұйымдастырды.
З. Молдахметов – химия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі. Ол – 248 ғылыми еңбектің, 6 монографияның, 16 авторлық куәліктердің иесі. 1971 жылы еңбекшілердің қалалық Кеңесіне, 1975 жылы халық депутаттарының облыстық Кеңесіне сайланды.
«Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Қаланың ғылыми және білім беру потенциалының қалыптасуына және дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеу мен жоғары білімді мамандарды дайындауға елеулі үлес қосқаны және Қарағанды қаласының өміріне белсене қатысқаны үшін 2001 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз


Мұсәлімов Идеал Ғалиұлы

1941 жылы 23 тамызда Астрахан облысының Володарское селосында туды. 1948-1958 жылдары Теміртау қаласының №1 ОМ оқыды. 1958-1964 жылдары Қараған­ды Политехникалық институтында оқыды. Оқуын аяқтаған соң, МҚЗ жұмысқа жіберілді, онда 1964-1975 жылдарға дейін смена мастерінен бас инженерге дейінгі еңбек жолынан өтті. 1975 жылы Қарағанды «Құрылыспластмасс» комбинатын басқарды. 1985-1990 жылдары «Қазқұрылыс-полимер» бас директоры, 1994-1995 жылдары «Қазқұрылысполимер» АҚ президенті. 1995-1997 жылдардан бастап Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылдан бастап «Құрылыспластмасс» ААҚ президенті. Қалалық және облыстық Кеңестері атқару комитетінің төрағасы болып сайланды, сонымен қатар жергілікті және ҚазССР-ы халық депутаттары Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
«10 бесжылдық, 11 бесжылдықтың уздігі» жалпыодақтық белгілерімен марапатталды.
Қоғамдық-саяси қызметке елеулі үлес қосқаны, аймақтың экономикасын қалыптастыру мен дамытуға және Қарағанды қаласының құрылысы мен дамуына белсене қатысқаны үшін 2001 жылы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз


Шәкірова Флюра Садыққызы

1941 жылы Балқаш қаласында туды. 1958 жылы орта мектепті бітіріп, Абай атындағы Қарағанды училищесіне түсті, 1961 жылы Пет­ровка сегіз жылдық мектебінде ұстаздық еңбек жолын бастады 1962-1967 жылдары Қарағанды педагогикалық институтының математика факультетінде сырттай оқыды. 1964-1969 жылдары Ульянов ауданының Гагарин атындағы орта мектебінде еңбек етті. 1969 жылы еңбекшілердің Ульянов аудандық депутаттар Кеңесіне депутат болып сайланды. 1969 жылдан Қарағанды қаласының тұрақты тұрғыны. 1965-1995 жылдары № 95 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 1995 жылдан № 9 гимназияда еңбек етеді.
«Қаз ССР білім беру ісінің үздігі», «СССР білім беру ісінің үздігі» белгілерімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Халық ағарту ісін дамытуда, жас ұрпақты тәрбиелеуде және қоғамдық-саяси қызметте белсенділік танытып, елеулі үлес қосқаны үшін 2001 жылы «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз


Алексеенко Михаил Павлович

1943 жылдың 16 қазанында Ақмола облысы Алексеев ауданының Даниловка поселкесінде туды. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1960-1963 жылдары Қарағанды тау-кен техникумында «тау-кен механигі» мамандығы бойынша оқыды. 1963-1966 жыл­дары СА қатарында әскери борышын өтеді. 1966-1974 жылдары Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы № 38 және № 22 шахталарында еңбек етті. 1974-1978 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. Аталған мектепті аяқтаған соң қалалық және облыстық партия құрылымында қызмет етті. 1991 жылдан бастап аткарушы органдарда жұмыс істеді. 1993-1997 жылдары Совет ауданының әкімі қызметін атқарды. 1997-1999 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды. Бірнеше рет аудандық, қалалық, облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1999 жылы Қарағанды қалалық мәслихатына сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, «1941-1945 жылдары ¥лы Отан соғысы жеңісіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, Қарағанды қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны және әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлесі үшін 2001 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз


Қ¥лқыбаев Ғабдолла Әбдіқожаұлы

1940 жылы 2 ақпанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшарда туды, профессор, ҚР ҮҒА корреспондент мүшесі, ҚР профилактикалық медицина Академиясының Академигі, ҚР көрнекті ғалымдары үшін берілетін мемлекеттік стипендиаттың иегері.
1963 жылы Қараганды Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін аяқтады. 1966 жылы ҚММИ жанындағы аспирантураны бітірген. 1966 жылдан бастап ассистент болып қызмет атқарды, 1971 жылдан 1979 жылдар аралығында ҚММИ госпитальдық терапиясында кафедра доценті болып қызмет атқарды. 1979 жылдан 1981 жылға дейін Қаз ССР-нің ДМ Кардиология институтының директоры болып қызмет атқарды. 1981 жылдан бас­тап аға ғылыми қызметкер, клиника-биохимия лабораториясының меңгерушісі болды. 1983 жылдан 1989 жылдары КСРО ҒМА Тамақтандырудың аймақтық мәселелері институтында аға ғылыми қызметкер, витаминология лабороториясында меңгеруші, жүрек-қан тамырлары патология бөлімшесінде меңгеруші болып қызмет атқарды. 1969 жылы «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады, 1990 жылы «Гигиена» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
1990 жылдан бастап ҚР Б ж ҒМ Физиология және еңбек гигиенасы институтының директоры болып қызмет атқарды.
Докторлық және кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады.
«Тың жерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтаудың үздігі» белгісімен марапатталды.
Қазақ халқының салт-жоралары және дәстүрлерін енгізу мен насихаттауға, каланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және өнеркәсіп аймағын экологиялық сауықтырудың ғылыми бағдарламасын қолдану мен әзірлеуге, кадрларды дайындауға, жұмысшы денсаулығын сақтау ісіне, ғылымға елеулі үлес қосқаны үшін 2001 жылғы 22 тамызда «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 22 тамыз


Мұхаметжанов Қамалтин Ескендірүлы

Шығыс-Қазақстан облысы, Большенарым ауданының Нұғманов селосында 1948 жылы 20 қыркүйекте туды.
1976 жылы Өскемен қаласының кұрылыс-жол институтын бітіріп, автомобиль көлігі мамандығы бойынша инженер-механик мамандығын игерді. 1995 жылы РФ Президентінің жанындағы Россия мемлекеттік қызмет академиясынан менедж­мент мамандығына ие болды, экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1970 жылы Зырьян қорғасын комбинатында слесарьлықтан бастады. Институтты бітіргеннен кейін Теміртау қаласының авиакәсіпорындарында еңбек етті, Қарағанды металлургия комбинатында бас директордың орынбасары болды. Теміртау қалалық әкімшілігінің әкімі, Қарағанды облыстық әкімшілігі әкімінің орынбасары — мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы, Көкшетау қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиясына сәйкес Қарағанды қаласындағы әлеуметтік-экономикалық реформаны жүргізу ісіндегі ерекше қызметі, білім беру, мәдениет, спорт, инфрақұрылымдар және қала тұрғындарын әлеуметтік қорғауды жақсартудың жаңа объектілер құрылыстарына елеулі еңбек сіңіргені үшін 2001 жылдың 5 желтоқсанында «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 5 желтоқсан


Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелен ауданы Шамалған селосында дүниеге келген. Ол мектепті бітірген соң ірі металлургия комбинатының кұрылысы салынып жатқан Қарағанды облысындағы Теміртау қаласына барды. Осы кәсіпорынның жолдамасымен Днепро­дзержинск қаласындағы (Украина) техникалық училищеде металлург мамандығына оқыды, оны 1960 жылы табысты аяқтады. Көп жылдар бойы оның өмірі Қарағанды металлургия комбинатымен байланыста болды. Бұл жерде ол еңбек және үлкен өмір мектебінен өтті — шойыншы, домна пешінде көрікші, диспетчер, домна цехында аға газовщик болып жұмыс істеді.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық училищені «қара металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітіріп, «инженер-металлург» мамандығын алып шығады.
Экономикалық және өндірістік проблемаларды жақсы меңгеруі, адамдармен жұмыс істей білуі, өз көзкарасын корғаудағы табандылығы, принциптілігі оны қоғамдық жұмыстарға ұсынуға ыкпал етті: 1969 жылдан бастап ол Қарағанды және Теміртау калаларындағы жастар, партия жетекшісі болады, кейін оны Алматыға ауыстырады.
1984 жылғы наурызда Нұрсұлтан Әбішұлы ҚазКСР-ы Министрлер Кеңесінін Төрағасы болды, ал 1989 жылғы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінін Бірінші хатшысы болып сайланды. 1990 жылғы ақпанда Республика Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
жылғы сәуірде Қазақстаннын бірінші Президенті болып сайланды.
жылғы желтоқсанда бүкілхалықтық президенттік сайлауда ол қайтадан дәлелді жеңіске жетті. 1995 жылғы сәуірдегі бүкілхалықтық референдум оның президенттік өкілеттігін 2000 жылғы желтоқсанға дейін ұзартты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінін Жоғарғы Бас қолбасшысы.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.
X, XI шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО халық депутаты (1989-1990 ж.ж.).
Х-ХІІ шақырылған Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990-1993 ж.ж.).
«Құрмет белгісі» орденімен (1972 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1980 ж.), В.И.Лениннің туғанына 100 толуын мерекелеуге орай «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен (1970 ж.), «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен (1984 ж.), Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен (1971 ж.) марапатталған.
«Руханият» рухани қайта жаңаруға ыкпал ету Халықаралық қауымдастығы 1993 жылы оған «Жыл адамы» атағын берді.
Әдеби әуестігі — тарих, философия, экономика.
Сүйікті ісі — спорт (үлкен теннис, атқа міну, тау шаңғысы, волейбол, суда жүзу, аңға шығу).
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәйекті әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құруға, мемлекеттілікті нығайтуға арналған бағыты, елде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі шаралары халықтың үлкен қолдауына ие болды. Ядролық қарусыз әлемді құруға және қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саяси қызметі, ірі интеграциялық және келісімдік бастамалары арқылы Қазақстан Президенті халықаралық аренада үлкен беделге ие болды.
Н.Ә.Назарбаев — экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Ресей әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Экоиомикалық және әлеуметтік даму проблемалары жөніндегі бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Оның қаламынан қоғамдық-саяси тақырыпқа арналған бірнеше кітап жарық көрді. Соңғы жылдары оның түрлі материалдары ірі әлемдік басылымдарда басылып шықты.
Қазақстан Президентінің жұбайы — Сара Алпысқызы (1941 жылы туған) мамандығы бойынша инженер-экономист, «Бөбек» («Малыш») Республикалық балалар қорын басқарады.
Қазақстан Президенті жұбайы екеуі үш қыз тәрбиелеп отыр: Дәриға (1963 жылы туған), тарихшы; Динара (1967 жылы туған), экономист; Әлия (1980 жылы туған). Сондай-ақ, немерелері де өсіп келеді.
Қарағанды қалалық мәслихатының II шақырылған XXI сессиясының 2001 жылғы 12 желтоқсандағы №9 шешімімен Қазақстан Республикасының Президентіне еліміздің мемлекеттілігінің калыптасуы мен табысты өркендеуіне, қоғамдық тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің нығаюына, тарихи зерденің оралуына, ұлттық мәдениет пен тілдің сақталуы мен дамуына, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қосқан зор жеке үлесі үшін, сондай-ақ Қарағанды каласының проблемаларын стратегиялық тұрғыда шешкені, оған күнделікті көңіл бөліп, нақты қолдағаны үшін «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 12 желтоқсан


Манукян Арутюн Рафикович

Грузия ССР-ның Азаврет селосында 1951 жылы 7 тамызда туып өсті.
1968 жылдан 1974 жылдары аралығында Қарағанды политехникалық институтында оқыды. Алғашқы еңбек жолын институтта оқып жүріп, I Вертикальная шахтасында тау-кен жұмыскері болып бастады. Институтты аяқтаған соң Қарағанды көлік автотресі мекемесіне ПТО бөліміне инженер, конструктор-технологиялық топтың инженері, ЕҒҰ лабораториясының бастығы кызметін атқарды. 1979 жылы Қарағанды № 3 автопаркінің бас инже­нері, 1987 жылдан бері осы кәсіпорынның бастығы болып келеді.
Жолаушылар тасымалдау көліктерін дамытуға, қаланың маңызды объектілерінің құрылысына жеке белсене қатысқаны және қала тұрғыңдарына қайырымдылық жәрдем көрсетуі, қоғамдық-саяси қызмет пен жас ұрпақты тәрбиелеуге елеуі үлес қосқаны үшін 2001 жылдың 12 желтоқсанында «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2001 жылы 12 желтоқсан


Көрпебаев Қасым Нұрғалиұлы

1931 жылы 17 сәуірде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Калинин атындағы колхозда дүниеге келген. Еңбек жолын 1944 жылы «Қарағандыкөмір» комбинаты «Молотовкөмір» тресті №60 шахтаның белгілеушісі болып бастады.
1949 жылы Қарағанды тау-кен техникумына түсті, оны оқып бітіргеннен кейін шахтада тау-кен шебері болып жүмыс істеді.
1977-89 жылдар аралығында Қарағанды қаласының көмір табу бойынша өндірістік бірлестіктің «Карагандинская» шахтасының директоры.
1989-91 жылдарда учаске бастығының орынбасары.
1991 жылдан бастап зейнеткер.
1973 жылы көмір өнеркәсібіндегі зор еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ленин орденімен, үш дәрежелі «Шахтер Даңқы», «Елеулі еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Қалалық және аудандық Кеңестерінің депутаты болып сайланған.
Көмір өнеркәсібінің дамуына қосқан үлкен еңбегі үшін 2004 жылдың 7 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2004 жылы 7 сәуір


Макушина Вера Ивановна

1924 жылғы 23 шілдеде туған.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Мемлекеттік қорғаныс министрлігіне жазған табанды өтінішінің аркасында 19 жасар Вера Ивановна ерікті түрде майданға аттанады. Свердловск байланысшылар әскери мектебін бітіріп, Витебск түбіндегі соғысқа, 3-ші Белорус майданы құрамында Беллоруссияны азат етуге, Кенигсбергті алуға катысады.
Соғыстағы ерлігі үшін 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Ту» ордендерімен және 14 медальмен марапатталады.
Майданнан оралған Вера Ивановна I арнайы іріктеу бойынша Қарағанды каласына келіп, №83 шахтада откатчитца болып жұмыс істейді.
Көп ұзамай оны шахта ішіндегі көлік бригадасының десятнигі етіп тағайындайды.
Бұл бригада оның басшылығымен Октябрь революциясының 30 жылдығына арналған социалистік жарыста жеңімпаз атанады.
Т. Күзембаев атындағы шахтада кен диспетчері болып 7 жыл жүмыс істегеннен кейін, ол шахта комитетінің төрайымы болып сайланады.
В.И. Макушина шахталарда 25 жылдан аса жұмыс істеген, оның ішінде 10 жыл жер астындағы жұмыс өтілі.
Жұмыс бастылығына қарамастан сырттай кәсіптік мектепті және СМ. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбектегі жетістіктері үшін Ленин орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және облыстық халық депутаттары Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.
1975 жылғы 9 мамырда КСР Одағының ардагерлер Кеңесі Вера Ивановнаға ардагерлер қозғалысына белсене қатысқаны үшін Грамотамен марапаттады.
Вера Ивановна ұзақ жылдар бойы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшесі ретінде принциптілікпен және іскерлікпен жұмыс істеп келеді.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы кұрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, Қарағанды көмір бассейнінің дамуына қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Қожабергенов Мүтәш Байғалиұлы

Қожабергенов Мүтәш Байғалиүлы 1924 жылдың 30 карашасында Семей облысы, Жаңа Семей ауданы, Көпек ауылында дүниеге келген.
Ата-анадан ерте айрылып, балалар үйінде тәрбиеленген. 1938-41 жылдарда Жамбыл каласының теміржолшылар техникалық мектебінде окыған. 1942 жылдың желтоқсан айынан 1945 жылдың желтоксаны аралығында Кеңес Әскері катарында қызмет аткарады. Ұлы Отан соғысындағы көптеген әскери шараларға қатысып, ерліктерімен көзге түскен.
1949 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінің партия мектебін бітірген. 1949 жылдың тамызынан бастап Қарағанды каласының тұрғыны.
Қарағандының партия, кәсіподақ, атқарушы және шаруашылық қызметтерінде 45 жылдан астам қызмет еткен. Ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі, ардагерлердің ұйымдарының алғашқы төрағасы, соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық Президиумының мүшесі.
Облыс әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі.
М.Ж. Қожабергенов ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Ерлігі үшін» орденімен, «Ардагер-панфиловшы» мерзімсіз куәлігімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының, ВЦСПС, Қазақ кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан зор үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Исағұлов Зейнолла Исағұлұлы

Исағұлов Зейнолла Исағұлұлы 1924 жылдың 5 мамырында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
1942 жылдың қыркүйегінде Қарақаралы аудандық әскери коммисариаты Орал әскери-жаяу әскер училищесіне жібереді.
1943 жылдың ақпанында командование бұйрығымен Брянск майданына аттанды.
1946 жылы әскерден оралғаннан кейін Қарқаралы каласындағы №1 мектептің әскери жетекшісі болып қызмет етеді. Сол жылы ҚазМУ-ға окуға түседі.
Университетті аяктағаннан кейін ол жауапты басшы лауазымдарда қызмет етеді: Қарағанды облыстық партия комитетінің нүсқаушысы, Шет және Актоғай аудандарының екінші хатшысы, ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіби одағының облыстық комитетінің төрағасы, облыстық кәсіподақтар курстарының директоры. Бірнеше рет партия және кәсіподақ органдарына сайланған.
1979 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады. 1988 жылдан бастап ҚарМТУ-да СГД кафедрасының доценті болып қызмет етеді. Өзінің «505 афоризмдер» жинағының авторы.
1958 жылдан бастап журналисттер Одағының мүшесі, облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі.
Еңбектегі және жауынгерлік жетістіктері үшін: І-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, 13 медальмен, 10 естелік төс белгімен және 17 құрмет грамотасымен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы кұрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, жоғары білікті мамандарды тәрбиелеудегі және окытудағы үлкен үлесі, қаланың коғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Рыстин Ибрагим Хусаинұлы

Рыстин Ибрагим Хусаинүлы 1925 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында туған.
Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1933 жылдан Спасск балалар үйінде тәрбиеленеді. Бұдан соң Қарағанды тау-кен техникумына түседі.
1943 жылы ақпан айында Кеңес Әскері қатарына шақырылады. Екінші Украина майданында, Воронеж майданының танк бригадасы құрамында Днепрді, Карелияны азат етуге қатысады.
1944 жылдан 1-ші Балтика майданына қатысып, желтоқсан айында жараланады, 1948 жылға дейін әскери емханада емделеді.
1948 жылдың қараша айында Қарағандыға бірінші топтағы мүгедек болып оралады. 1953 жылдан Қарағанды облыстық өнеркәсіп кеңесінің «Шахтер» артелі төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.
1955 жылдан 1974 жылға дейін үй басқарушысы, Октябрь аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бастығының орынбасары болып жұмыс істейді.
1974 жылдан 1985 жылға дейін «Қарағанды көмір» комбинатының ТКШ бастығы қызметін атқарады.
Бірнеше рет Ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі болып сайланады.
Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналған Астана қаласында өткен әскери шеруге қатысқан.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Пастухов Николай Степанович

Пастухов Николай Степанович 1925 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
25 жылдан астам Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 61 орта мектебінде әскери жетекші болып қызмет етті. Сол кезеңде осы мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық қойылым бойынша қаланың және облыстың үздік мектебі болып саналды.
Жұмысында үлкен жетістіктерге жеткені үшін «КСРО ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының халыққа білім беру үздігі» атақтары берілді.
І-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Ерен ерлігі үшін» медальдарымен және тағы 22 медальмен марапатталған.
1989 жылдан бастап ардагерлер қозғалысына белсене қатысады, мектептерде, жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстар жүргізу, соғыс ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру, еңбек және жауынгерлік мұражайларын құру бойынша жұмыстар жүргізетін аудандық комиссияның үздіксіз төрағасы болып келеді.
Қалалық ардагерлер кеңесі бұл комиссияның көпқырлы жұмысын үш мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация маршалы А.И. Покрышкиннің әсем портретімен атап өтті.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан зор үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Дүйсембеков Қамали Жұматайұлы

Дүйсембеков Қамали Жұматайұлы 1924 жылы дүниеге келген.
1939-1942 жылдары Қарағанды қаласының №1 кірпіш зауытының жұмыскері. 1942 жылы Мәскеу түбіндегі алғашқы ұрысы. 1944 жылы Севастополь жанындағы Сапун тауында ауыр жарақат алды. 1944 жылдың қазанында соғыстан оралды.
1944-1946 жылдары Ворошиловск аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1946 жылдан бастап «Карагандажилстрой» кірпіш зауыты директорының орынбасары болды. Сол жылы Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы насихатшылар мектебін аяқтады.
1946-1950 жылдары Жезқазған аудандық партия комитетінің штаттық насихаттаушысы. 1950-1951 жж. Қарағанды облысы Ворошиловск аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі.
1951-1952 жж. Алматы каласы Қазақстан Компартиясының ОК жанындағы жоғары партия мектебінде окыды.
1953-1960 жж. Жаңаарқа аудандық партия комитетінің хатшысы.
1980-1985 жылдары Жезқазған облыстық партия комитетінің баспа, полиграфия, кітап саудасы істері бойынша облыстық басқармасының бастығы.
І-ші дәрежелі «Даңқ», ІІ-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен екі рет, I және ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қырымды босатқаны үшін», «Севостопольді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған, «Октябрь революциясы», «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің және «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, қаланың коғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Бекенов Қабдеш Бекенұлы

Бекенов Қабдеш Бекенұлы 1925 жылы дүниеге келген.
Барлық еңбек жолының 40 жылдан астам уақыты қарулы күштермен байланысты, қатардағы жауынгерден полковник шеніне дейін көтерілді. II дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» орденімен, 23 медальмен марапатталған, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін», «Венаны алғаны үшін», «Украинаның босағанына 50 жыл» және т.б. Қ.Б. Бекенов 18 жыл Қарағанды облыстық ДОСААФ комитетінің төрағасы болды.
Қазіргі уақытта «Ұлтуған» фирмасының президенті.
Жаппай қорғаныс және әскери патриоттық жұмыстың алдыңғы қатарлы тәжірибесі туралы, соғыс және еңбек ардагерлерінің жастарды тәрбиелеуге қатысуы жөніндегі екі кітаптың авторы.
Қ.Б. Бекенов Қарағанды облысының қаза тапқан жауынгерлері туралы «Память» кітабының редакциялық коллегиясының мүшесі болған.
15 жыл бойы облыстағы ардагерлер қозғалысының белсенді мүшесі. Қарағанды калалық ардагерлер кеңесінің бірінші төрағасы болды, қазіргі уакытта облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлкен үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды каласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Мұстафин Жұман Хасенұлы

Мұстафин Жұман Хасенұлы Қарағанды облысында туып, өскен. Осы жерде оның көп жылдық еңбек жолы өткен. Балкаш тау-кен-металлургия техникумын, содан кейін Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін, ол ұзак уақыт бойы 18-негізгі шахтаның бас механигінің орынбасары болып қызмет етті.
1967 жылы аудандық партия комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Қазақстан Коммунистік партиясы облыстық комитетінің нұсқаушысы ретінде партия жұмысына жіберілді.
1971 жылдың мамырында Қаражал қалалық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады, ал 1976 жылы Жезқазған облыстық тұрмыстық қызмет көрсету басқарамасының бастығы болып тағайындалады.
1979 жылы Қарағанды қаласының Ленин ауданының халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып ауыстырылады, ал 1980 жылы осы ауданның аудандық атқару комитетінің төрағасы болып сайланады, және осында 1985 жылдың мамыр айына дейін қызмет етеді.
Көптеген наградалармен және мадақтаулармен, оның ішінде Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен ерекшеленген.
Бірнеше рет аудандық, қалалық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны, зор еңбектері, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Қашықов Шағатай Қашықұлы

Қашықов Шағатай Қашықұлы 1925 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1942 жылы Қарағанды облысы Ворошилов ауданы Семіз Бұғы кентінің мектебінде тарих, география мұғалімі ретінде бастады. 1963 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің экономикалық теория кафедрасының профессоры, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі.
Бірнеше рет Ленин аудандық партия комитеті бюросының мүшесі, Ленин аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланған.
Студенттік жастарды өнегелілік пен патриоттыққ тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс атқарды. Оның соғысқа қатысушы және ғалым ретіндегі кездесулері қатысушылардың көңілін аудартады.
І-ші және П-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі Құрмет грамотасымен марапатталған.
¥лы Жеңістің 60-жылдығы кұрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, қаланың ғылыми-әлеуметтік дамуына қосқан үлкен үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы

Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы 1945 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Пришахтинскідегі Арал көшесінің бойындағы 15 үйде тұрған, № 26 мектепте оқып, оны 1964 жылы бітірген, кейіннен ҚОАО (Қарағанды оқу авиаорталығын) бітірген.
Еңбек жолын «Октябрь көмір» трестінің шахталарында проходчик болып бастаған, ол 1966 жылы әскер қатарына шакырылады. 1969 жылдан бері Қарулы Күштер қатарында, әскери ұшқыштықтан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне дейінгі еңбек жолынан өтті.
1977 жылы Әуе Қорғанысының ұшкыштар даярлайтын Қызыл Ту орденді Армавир жоғары әскери авиация училищесін бітірді, ал 1985 жылы Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы Әуе Қорғанысы әскери командалық Академиясын үздік бітірді.
Әскери қызмет бабында мынадай лауазымдарды аткарған: авиаполк командирі, авиациялық дивизия командирі, 1992 жылғы қыркүйек айынан 1993 жылғы караша айына дейін Әуе Қорғанысы әскерлерінің қолбасшысы. 1993 жылғы қарашада Қазакстан Республикасы әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалады.
Қорғаныс қабілетін нығайтудағы Отан алдындағы еңбегі үшін «Отанға қызметі үшін» III дәрежелі орденімен, ондаған медальдармен, көптеген грамоталармен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 112 Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Халық қаһарманы» алдын жұлдызы мен «Отан» ордені берілген.
Мемлекеттің қорғаныс кабілетін нығайтудағы Отан алдындағы зор еңбегі үшін, инфрақұрылымның дамуына косқан үлкен үлесі және каланың коғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Нығматулин Зайролла Гершанұлы

Нығматулин Зайролла Гершанұлы 1923 жылы дүниеге келген. Дауыс зорайтқыштардан соғыс деген ауыр сөз естілген кезде, Зайрулла 18 жаста болатын. Үш айдан кейін ол Ленинград маңында болды. Барнаулда гвардия қызыл әскері 3. Нығматулин бірнеше рет барлауда болды. Бір шығудың кезінде оны неміс пулеметшісі байқап қалды, бірақ батыл барлаушы бір сәтте ойланбастан пулемет нүктесіне граната лақтырып оны жойып жіберді.
Басқа бөлім құрамында ұрыстармен Польшаға дейін жетті. Солардың бірінде 1944 жылдың 24 қарашасында тағы да қатты жарақат алды. Жарақаттан жазылу үшін төрт үзақ жыл керек болды. 1948 жылы Зайролла Қарағандыға келді. Келген бетте шахтаға сұранды, көп қаражат тапқысы келді, қажеттінің барлығымен тез қамтамасыз етілгісі келді. Бірақ жоқ деген жауап алды: мүгедекке жер астына түсуге болмайды. Жеңіл жұмыс іздеуге тура келді.
1976 жылдың 1 мамырына дейін, яғни Қарағандының Ленин ауданының Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының ұжымында құрметті демалысқа шығарып салғанға дейін жұмыс істеді. Барлаушы Нығматулин еңбекте де өзін Лениндік мерейтойлық медальға лайық екенін көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін III дәрежелі «Даңқ», І-ші, ІІ-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков» медальдарымен, құрмет белгілерімен марапатталды.
Ұлы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне, Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы зор еңбегі, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін 2005 жылдың 30 сәуірінде «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2005 жылы 30 сәуір


Абдрахманов Байболат

1935 жылғы 23 шілдеде Қарағанды қаласында туған.
1959 жылы Қарағанды политехникалық институтын пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу жөніндегі тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
1959 жылдан бастап 1979 жылға дейін Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында тау-кен шебері, учаске бастығы, бас инженердің қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары, бас инженер, шахта директоры болып жұмыс істеген.
1962 жылдан 1966 жылға дейін «Октябрьуголь» тресі бас инженерінің қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары болды.
1979 жылдан бастап 1984 жылға дейін Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1984 жылдан 1992 жылға дейін Шығыс ғылыми-зерттеу институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары - Қарағанды бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді.
1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі жұмыс қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік ғылыми зерттеу институтының директоры қызметін атқарады.
Ғылымның дамуына және Қарағанды қаласының көмір өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы проблемаларын шешуге қоскан зор үлесі ушін оған 2007 жылғы 16 мамырда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2007 жылы 16 мамыр


Матросов Эдуард Хамитович

1944 жылы Қарағанды облысы Тельман ауданы Токаревка селосында туған.
1962 жылы Куйбышев каласындағы Суворов училищесін бітірген.
1964-1965 жылдары бокстан Қазақ КСР чемпионы болды.
1962,1966 жылдары КСРО, «Еңбек резервтері» ОС чемпионы болды.
1969 жылы КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атанды. Жастар арасында бокстан КСРО кұрама командасының мүшесі болды.
1968 жылдан бастап Алматы каласындағы ЦСКА-да қызмет етті.
1962 жылдан 1964 жылға дейін Қарағанды қаласындағы № 58 сегіз жылдық Караганды мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1964 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалык институтына «дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түседі.
1970 жылы «Еңбек» БСҚ-на аға бапкер-оқытушы болып қабылданады.
1970 жылдан 1979 жылға дейін Қарағанды облысының бокстан аға бапкері болып жұмыс істеді.
1984-1985 жылдары жоғары спорттық шеберлік мектебінің бокс бөлімшесінде бапкер-оқытушы болды.
1985 жылдан бастап 1989 жылға дейін ұлттық бапкер және бокстан құрама командасының техникалық директоры ретінде келісім-шарт бойынша жұмыс істеу үшін Камерун Республикасында іссапарда болды.
2002 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін бокстан олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бапкер-оқытушысы болып жұмыс істейді.
Жұмыс істеген кезеңінде 80-нен аса КСРО-ның және Қазақстан Республикасының «Спорт шеберлерін», Әлем Кубогының қола жүлдегерін, КСРО Чемпиондарын, мектеп оқушыларының Бүкілодактық спартакиадаларының Чемпиондарын, Әлемнің, Азияның және Еуропа Чемпиондары мен қатысушыларын дайындады. 20-дан астам спортшылары КСРО кұрама командасының мүшелері болды.
Камерун Республикасының құрмет орденімен, «Қазақ КСР халыққа білім беру үздігі», «КСРО мәдениеті мен спортының үздігі» белгілерімен, II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Бокстан жэне кик-бокстан Қазақстан Республикасының Құрметті бапкері.
Қарағанды қаласының спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған 2007 жылғы 16 мамырда «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2007 жылы 16 мамыр


Жошин Аппас

Жошин Аппас 1943 жылы сәірде Қарағанды облысы Жанаарқа ауданы Өспен кентінде жүмысшы отбасында туған. 1961 жылы Өспен орта мектебін бітірген. 1967 жылы Қарағанды политехникалық институтының инженер-қүрылыс факультетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. 1968 жылдың қаңтар айынан бастап 1974 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағанды металл конструкциясы заводында инженер-конструктор, конструкторлық бюроның бастығы, бас конструктордың орынбасары, бас технолог қызметтерін атқарды.
1974 жылдан 1977 жылға дейін «Болат конструкциясын жобалау» ОҒЗИ-да бас жобалау инженері, бас конструктор қызметтерін атқарды. 1977 жылдан 1978 жылға дейін «Карагандашахтостроймонтаж» тресінің Руда жөндеу заводында бас инженер болып қызмет істеді. 1978 жылдан 1985 жылга дейін Қарағанды металл конструкциясы заводында конструкторлық бюроның (ОКС) бастығы, завод директорының орынбасары болып қызмет істеді. 1985 жылдан бастап Қарағанды металлоформ заводының, кейіннен аты өзгертілген сіпорын — Қарағанды түрмыс техникасы заводы Акционерлік Қоғамының президенті болып қызмет істейді.
1987 жылдан бастап аудандық Халық депу-гтары Кеңесінің және Қарағанды қалалық маслихатының депутаты болып сайланды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Вес-бликасьньң тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қарағанды қаласының кұрылысына қосқан зор үлесі, Қарағанды каласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысканы үшін оған 2003 жылы «Қарағанды қаласының Қүрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2007 жылы 23 шілде


Марданов Төлеуғажы Марданұлы

Марданов Төлеуғажы Марданұлы 1941 жылы 15 мамырда Орал облысы Ганаевский ауданы Бидайық селосында шаруа отбасында туған.
1951 жылы Гурьев облысының Кулагино кентіндегі Жамбыл атындағы орта мектепке оқуға барады.
Мектепті бітірген соң, 1959 жылы Кулагино кентіндегі ЖТС-да слесарь, аудандық білім бөлімінің және ұжымдық шаруашылықтың жүргізушісі болып жұмыс істеді.
1961 жылдан 1964 жылға дейін Кеңес Әскері қатарында қызмет етті.
1965 жылдан 1970 жылға дейін Ташкент темір жол институтында АТЖ инженері мамандығы бойынша оқыды.
Институтты бітірген соң, жолдамамен Қазақ темір жолына Қарағанды бөлімшесіне Қарағанды байланыс дистанциясына қызметке жіберілді.
1971 жылы механикаландырылған горка бастығы болып тағайындалғаннан бастап осы уақытқа дейін осы қызметті атқарып келеді.
Сортировка кентінің тұрғындары оны бірнеше рет аудандық Халық депутаттары Кеңесіне және қалалық мәслихатқа депутат етіп сайлады.
«Еңбек ардагері» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны, принциптілігі, дәйектілігі, сайлаушылар берген аманаттарды орындаудағы табандылығы үшін оған 2003 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 23 июля 2007 года


Жахин Марат Сейтғалиұлы

Жахин Марат Сейтғалиұлы 1940 жылы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Петропавловск қаласында туған.
1955 жылы Солтүстік Қазақстан механикалық техникумына оқуға түседі. Техникумды аяқтаған соң, Петро­павловск темір бетон зауытында бетоншы болып жүмыс істеді.
1959-1962 жылдары КСРО Қарулы күштерінің қатарында Забайкалье әскери округінде қызмет етті.
1968 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді.
Инженер-конструктор, өндіріс бөлімінің бастығы, бас қызметінен «Имсталькон» филиалы Қарағанды металл конструкциясы зауытының директоры қызметіне дейінгі еңбек жолынан өтті.
1995 жылы облыстық мәслихат депутаты болып сайланды «Халықтар достығы», орденімен, «Еңбек ардагері» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Қарағанды қаласының құрылысына қосқан зор үлесі, Қарағанды қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін оған 2003 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Атақ берілген күні: 2007 жылы 23 шілде


Кузнецов Василий Павлович

1925 жылы Мәскеу облысының Шатурск ауданындағы Лузгарино деревнясында дуниеге келген.
1941 жылы Шатурск энергетика техникумына оқуға түседі.
Техникумның екі курсын бітірген соң, 1943 жылғы маусым айында Кеңес әскерінің катарына шақырылып, Мәскеу минометтен атқыштар училищесіне қабылданады.
1944 жылы училищені кіші лейтенант атағымен бітіріп шығады және Белорусе фронтына жіберіледі.
1945 жылғы 28 қаңтарда ауыр жараланады. Жаралануына байланысты, 1945 жылғы кыркүйек айында Кеңес Әскері катарынан елге кайтарылады.
1945 жылғы қыркүйекте Шатурск энергетика техникумының үшінші курсына окуға түседі.
1947 жылы «Центрэнергомонтаж» Мемлекеттік Одақтық монтаждау тресіне жұмысқа жіберіледі.
1948 жылы Теміртау каласына № 4 және № 5 турбогенераторды монтаждауға жіберіледі.
1952 жылы Қарағанды каласына «Карагандаэнерго»-ға іссапарға келеді. В.П. Кузнецовқа «Карагандаэнерго»-ның диспетчерлік қызметін жасау тапсырылады, онда ол диспетчер, аға диспетчер, «Карагандаэнерго» орталық диспетчерлік кызметі бастығының орынбасары және бастығы болып жүмыс істеді.
1965 жылы Целиноград энергетика институтына окуға түседі.
1975 жылы Мәскеу каласында КСРО Энергетика министрлігі басшы кызметкерлері мен мамандарының энергожүйелерінде дипетчерлік басқаруды ұйымдастыру курсын бітірді.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ТМД елдерінің электр энергетикалық кеңесінің президенті А.Б. Чубайс 2006 жылы оған «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағын берді.
Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерімен, «Құрмет Белгісімен», сондай-ақ көптеген медальдармен мараптталған.
Үлы Отан соғысы жылдары көрсеткен Отан алдындағы еңбегі және Қарағанды қаласының энергетикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған 2009 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күні: 2009 жылы 29 сәуір


Ашляев Қазбек Сопыжанұлы

Қарағанды қаласында 1945 жылы 4 наурызда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қарағанды мемлекттік университетін, Алма-аты халықтық шаруашылық институтын (сырттай) тәмамдаған. Мамандығы - дене шынықтыру мұғалімі, экономист.

КСРО спорт шебері, Қазақ КСР құрметті тренері (1969 ж.), КСРО құрметті тренері, Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасының білім озаты атақтары бар.

Еңбек қызметін 1961 жылы қырнаушының оқушысы болып бастаған, Қарағанды көлік құру зауытында қырнаушы, «Еңбек резервтері» қоғамының тренер-оқытушысы, облыстық спорт комитетінің аға тренрі, облыстық спорт комитетінің жоғары спорттық шебер кешенді мектебінің директоры (1966-1979 жж.), жоғары спорттық шебер Республикалық кешенді мектебінің директоры1979-1982 жж.), «Еңбек» Республикалық қоғамының төрағасы (1982-1987 жж.), Мемлекттік комитет төрағасының орынбасары, ҚР туризм, дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары, ҚР Білім министрлігінің дене шынықтыру тәрбиесі және спорт Басқармасының бастығы (1993-1995 жж.), «Альфа-Банк» президенті (1995-2004 жж.).

2004 жылдан бастап «Стройжилинвест» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Тренерлік жұмысы: Н.Н. Ли КСРО құрметті тренері.

Спорттық жетістіктері: жасөспірімдер арасында Қазақ КСР бірінші чемпионы 1962 ж.), жасөспірімдер арасында КСРО бірінші жеңімпазы (1962ж.) Еуропа кубогының жеңімпазы, жастар арасында КСРО бірінші чемпионы (1964 ж.). Өткізілген сайыстар: 229, соның ішінде 215 жеңіс.

Қазбек Сопыжанұлы Ашляевке «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы – 2013 жылғы 7-ші тамызда - Қарағанды қаласының дене шынықтыру мәдениетін және спортын дамытуға үлес қосқаны және жоғары классты спортсмендерді дайындағаны үшін берілді.


Головкин Геннадий Геннадьевич

Қарағанды қаласында 1982 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Қазақстан баксшысы, 2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы және 2004 жылы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: 2000 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2001 жылы Қазақстан Республикасы бірінші спартакиадасының жеңімпазы, Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001 ж.), 2003 жылы әлем чемпионы, Афинадағы XXVIII Жазғы Олимпиада ойындарының финалисті (2004 ж.).

2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Әлем чемпионы (WBA нұсқасы бойынша, 2011 - н.в. IBO нұсқасы бойынша, 2011 - н.в.). Орташа салмақты санатында шығып жүр. 2013 жылдың аяғында WBA нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлемнің қазақстандық супер-чемпионы Геннадий Головкин USA Today беделді американдық басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанды.

Геннадий Головкинге «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы - 2013 жылғы 7-ші тамызда - Қарағанды қаласының және Қазақстан Республикасының спортын дамытуға жеке үлес қосқаны және аса көрнекті қызметі үшін берілді.


Көкетай Темірғали Әбілдаұлы

Туған жері және туған күні: 1938 жылы наурыз айының 25-шы жұлдызында Қарағанды аймағы, Жаңаарқа ауданының Жеткеншек ауылында (қазіргі С. Сейфуллин атындағы) туған.

Оқу бітірген соң 1957 жылы Жеткеншек ауылында бастауыш мектепті бітіріп, 1951-1957 ж.ж. Алматы қаласындағы №12 мектеп-интернатта оқыдым. Мектепті бітірген соң Жаңаарқа ауданының Жеткеншек ауылында екі жыл шопан болып жұмыс істедім.

1959 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетіне түсіп, 1964 жылы физика және жалпытехникалық пәндер мамандығы бойынша аяқтадым. 1964 жылы Абай атындағы КазПИ-ге стажер-зерттеуші, 1966 жылы аспирантураға алынып Тарту университетіне (Эстония ССР) командировкаға жіберілдім. 1970 ж. Тарту мемлекеттік университетінің докторлық диссертациялар қорғайтын Маманданған Ғылыми Кеңесінде «Мыс және күміс иондарының сілтілі- галоидтық кристалдардағы люминесценция орталықтарының табиғаты» туралы мәселе бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым.

1969-1972 ж.ж. аралығында КазПИ-де аға-оқытушы, доцент, физика факультеті деканының орынбасары болдым.

1972 жылы Жоғары оқу министрлігінің бұйрығы бойынша жаңа ашылған Қарағанды мемлекеттік университетіне Қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушілігіне ауыстым.

1988 жылы "Әртүрлі модификациядағы активацияланған иондық кристалдағы люминесценция және электрондық козулар" тақырыбында Оралдың мемлекеттік политехникалық институтында (қазіргі Екатеринбург политехникалық университеті) физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғадым.

1989-1994 жылдары ҚарМУ-дің физика факультетінің деканы, 1994-1997ж.ж. университеттің ғылым жөніндегі проректоры, 1997-2008 жылдары Қатты дене физикасы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқардым.

2008 жылдан қазірге дейін ҚарМУ-дің «Техникалық физика және экология мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының директорымын.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Физика-математика ғылмының докторы (1988), Профессор (1990).

Академиялық атағы: Қазақстан республикасының жаратылыстану ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) (1994 ж.); Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (толық мүшесі) (1995 ж.).

Оқыған ЖОО: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Мамандығы: физика және жалпы техникалық пәндер.

Ғылыми бағыты және мамандандыру облысы: Қатты дене физикасы; иондық кристалдар физикасы, радиациялық физика, спектраскопия, люминесценция табиғаты және кристалдардағы электрондық қозулар.

Арнайы оқитын пәндері: Конденсирленген күй спектраскопиясы, Материалтану, Қатты денелердің радиациялық физикасы, Кристалдар люминесценциясы, Иондық кристалдар физикасы, Нанотехнология, Наноматериалдар, Нанотехнологияға кіріспе, Аспап құрудың физикалық негізі, Техникалық физика.

Марапаттар және атақтары:
1981ж. СССР космонавтика федерациясының ұшқыш-ғарышкер Ю.А. Гагарин атындағы медальмен наградталды.
1982 ж. Жоғарғы білім министрлігінің Құрметті грамотасымен наградталды.
1983ж. Бүкілодақтық "Білім" қоғамының "За активную работу" белгісімен наградталды.
1983ж. Жоғарғы білім министрлігінің Құрметті грамотасымен наградталды.
1999 ж. Халықаралық биографиялық орталык (Кембридж, Англия) "ХХ-ғасыр ғұламасы" деген атақ берілді. "ХХ-ғасырдың аса көрнекті қайраткерлері" деген кітапқа өмірбаяны жазылып, күміс медаль тапсырды.
1999 ж. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің Қүрмет грамотасымен марапатталды.
2001ж. Халықаралық биографиялық орталық (Англия, Кембридж) "2001 жылдың Халықаралық ғалымы" деген атақ беріп, аты-жөні жазылған алтын медаль мен диплом тапсырды.
2002 ж. «Ғылым мен техниканың дамуына қосқан аса зор үлесі үшін» Қазақстан Републикасының мемлекеттік стипендлясы тағайындалды.
2007 ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медальмен марапаттады.
2008 ж. «Жоғарғы оқу орынның үздік оқытушысы» грантының иегері.
2009 ж. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.
2010 ж. Ғылым және техника бойынша халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты.
2010 ж. Қарағанды қаласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Замандас-2010» 3-қалалық конкурстың «Ғылым мақтанышы» номинациясы бойынша жеңімпазы.
2011 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2012 ж. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40-жылдық мерекелік медалімен марапатталды.
Көкетай Темірғали Әбілдаұлына «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы - 2013 жылғы 7-ші тамызда - Қарағанды қаласының және Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласында, жоғары маманды кадрларды даярлауда жетістіктері, өскелең жастарды оқытуда және тәрбиелеуде аса маңызды үлес қосқаны үшін берілді.


Дмитрий Макарович Бойко

«Қарағанды коммерциялық колледжі» жеке меншік мекемесінің құрметті директоры.
1939 жылы Украина КСР дүниеге келген. Ұлты - украинец. Білімі - жоғары.
Дмитрий Макарович Бойко 35 жыл бойы Қарағанды коммерциялық колледжінің директоры болған, өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық және азаматтық сезімді қалыптастыруда, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруде және жоғарылатуда зор үлес қосқан.
Дмитрий Макарович белсенді қоғам қайраткері. Білім және ғылым министрлігінің бірқатар нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысқан, Парламентке «Білім туралы» заңдарға және Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдарға арналған білімді дамыту тұжырымдамасына ұсыныстар дайындаған және жолдаған.
30 жыл бойы жергілікті өкілдік органдарының депутаты, соның ішінде 1989 жылдан бастап 2003 жылға дейін - облыстық мәслихат депутаты болған, 1975 жылдан бастап 2006 жылға дейін Қарағанды облысының колледждер директорлары Кеңесінің төрағасы болып сайланған. 2006 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Қарағанды қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
Қазіргі уақытта «Сарыарқа Дауысы» пікірталастық клубының үйлестірушісі, Қарағанды облыстық білім басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады.
Келесі мемлекеттік марапаттары бар: В.И. Лениннің туған күніне 100-жыл мерекесіне байланысты, «Қажырлы еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен; «Еңбек ардагері» медалімен; Қарағанды облысының Құрмет кітабына енгізілген, ҚазКСР Ағарту министрлігінің Құрмет тақтасында белгіленген, «Қазақ КСР үздік халық ағартушысы» белгісімен марапатталған. 1992 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері» Құрмет атағы берілген.
ҚР марапаттарымен белгіленген: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Қазақстан Республикасына 20 жыл», «Астана» медальдарымен. «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері» төсбелгісі бар.
«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы Д.Бойкоға өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық және азаматтық сезімді қалыптастыруда, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруде және жоғарылатуда зор үлес қосқаны үшін 2014 жылғы 20-шы тамызда берілді.


Қани Жұмкенұлы Мұсұлманбеков

Медицина ғылымының докторы, ҚММУ үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры.
Қани Жұмкенұлы 1934 жылы туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары.
1957 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған.
Жезқазған қаласының кенішінде учаскелік терапевт, содан кейін - Қарағанды қаласы қалалық ауруханасының хирургы болып жұмыс істеген.
1960 жылы Мәскеудегі МҒА КСРО эксперименттік және клиникалық онкология институтына клиникалық онкология бойынша аспирантураға түсіп, 1963 жылы аяқтаған. Аспирантураны аяқтағаннан кейін ординатор, Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің төс қуысы бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Алғашқы рет облыста және Қазақстанда ол асқазан және өңеш проксималды бөлімінің ракпен ауыратын ауруларға отаны ойдағыдай жасаған.
Практикалық дәрігер болып жұмыс істеп жүріп, 1968 жылы «Асқазанның проксималды бөлімінің рагын хирургиялық емдеу» тақырыбында кандидаттық дисертация қорғаған.
1970 жылы Қарағанды облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері болып тағайындалған.
1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына онкология курсын меңгеруші лауазымына ауысқан.
1973 жылы оған доцент атағын берген, 1974 жылы ол онколгия кафедрасының меңгерушісі болып сайланған.
1974 жылдан бастап 1978 жылға дейін Қ.Ж. Мұсұлманбеков Қарағанды қаласының бас хирургы болып қосымша жұмыс істеген. Оның көп жылдар бойы ықтиятты еңбегінің нәтижесі болып табылатын, «Өңеш рагын емдеу» тақырыбанда докторлық дисертациясын 1981 жылы БОҒО МҒА КСРО мамандандырылған Кеңесінде ойдағыдай қорғады және 1982 жылы оған профессор атағы берілді.
1984 жылдан бастап 2001 жылға дейін ол клиникалық жұмыс жөніндегі медициналық институтының проректоры болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта - ҮКДФ хирургиялық пәндер кафедрасының профессоры.
Қ.Ж. Мұсұлманбеков денсаулық сақтау ғылымы және практикасы жоғарғы мектебінің қазіргі жетістіктерін кеңінен қолданумен оқыту әдіснамасын жетілдіруде тұрақты жұмыс атқарып отырады, өзінің тәжірибиесін кафедраның жас мамандарына үйретіп келеді. Лекциялар мен практикалық сабақтар жоғары әдіснамалық деңгейде жүргізіледі, әрдайым педагогикалық шеберлікті жоғарылатуда жұмыс атқарады.
Қ.Ж. Мұсұлманбеков - жоғары дәрежелі хирург-онколог, төс қуысы органдарының қатерлі ауруларымен ауруларды хирургиялық емдеуді ұйымдастырушы. Ол өңеш рагы сияқты клиникалық онкологияның қиын облысында сәтті ота жасап жүрген ТМД және Қазақстандағы жетекші онкологтарды бірі. Ол ТМД ота жасағаннан кейін өңеш рагымен ауыратын аурулардың тіршілікке қабілеттілігі ең керемет нәтижелерін алуға мүмкіндік берген, анастомозды ішкі плевралдық қалыптастырумен өңештің бір сәтті резекция өзіндік тәсілін ойлап тапқан.
Қ.Ж. Мұсұлманбеков анастомоздардың әртүрлі түрлерін әзірлеп шығарған - бейімделгіш, инвагинациялық және т.б., отадан кейін өлімді азайтуға және асқыну пайызын төмендетуге мүмкіндік береді. Қани Жұмкенұлының әзірлеген өңеш рагын біріктірілген емдеу көрсеткіштері сол уақытта проблеманы шешуде қосқан үлкен үлесі болып табылды.
Оның басшылығымен 14 медицина ғылымының кандидаттары және 5 медицина ғылымының докторлары дайындалды. 271 - ғылыми жұмыстар шығарылды, қазақ тілінде «Клиникалық онкология бойынша таңдаулы лекциялар» типографиялық тәсілмен шығарылды, ойлап табу 22 патенті бар. Оның редакциясымен: «Ішек-қарын жолын ісіктерден тексеру және емдеу, онкологияда жаңа шаруашылық механизмі» тақырыбында ғылыми еңбектер жинағы шығарылған. Оның ұсынған тәсілдері тек облысымыздың денсаулық сақтау практикасында ғана қолданып қоймай, сондай-ақ Қазақстанның бірқатар клиникаларында пайдаланылады.
Қ. Мұсұлманбеков ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының Құрмет грамотасымен мараптталған. 1996 жылы оған «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген. 2007 жылғы желтоқсан айында - ҚР Мемлекеттік премия Лауреаты. Қарағанды облысының Жаңа-Арқа ауданының Құрметті азаматы болып табылады.
Қани Жұмкенұлы университеттің Ғалымдар кеңесінің мүшесі, Клиникалық кеңестік төрағасы, «Медицина және экология» журналының, «Қазақстанның онкология және радиология» журналының редакциялық алқасының мүшесі, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрлігінің білімді және ғылымды бақылау Комитетінің Сараптама кеңесінің мүшесі болып табылады.
«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы Қ.Ж. Мұсұлманбековке Қарағанды қаласы халқының денсаулығын жақсартуда зор үлес қосқаны үшін 2014 жылғы 20-шы тамызда берілді.


Абдраманов Жұмабек Абдраманұлы

# 23.12.1935 жылы Қзыл-Орда қаласында теміржол көлігінің жұмыскері Абдраман Күздеубаевтың (Жезқазған облысының Ұлытау кентінің тумасы, ерте жетім қалып, Қзыл-Ордаға келіп жұмыс істеген) отбасында дүниеге келген.
1954 жылы Ж.Абдраманов Осипенко атындағы қазақ мектебін тәмамдады. 1954 жылдан 1957 жылды қоса алғанда Оренбургте Кеңес әскерінің құрамында, сержант мектебінде әскери борышын өтеді. 1956 жылы оның бөлімшесін Кавказға жіберген. Кейін Ереванда қызметін өтеді, онда әскери және саяси дайындықтың үздігі болып, ЖЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталып, 1957 жылы 15 шілдеде Алматы қаласындағы Қазақ тау кен-металлургиялық институттың шақыруы бойынша мерзімінен бұрын әскерден қайтарылды.
Жұмабек Абдраманұлының барлық еңбек жолы Қарағандының көмір бассейнімен, көмір өнеркәсібімен байланысты.
1962 жылы Қазақ тау кен-металлургиялық институтының Тау кен факультетін аяқтап, көмір кен орындарын барлау бойынша тау кен инженері мамандығын алған. Жұмабек Абдраманұлы Қарағанды қ. «Ленинуголь» трестінің №37 шахтасында түрлі лауазымдарда еңбек етті: тау кен шебері, қазба және өндіру учаскелері бастығының орынбасары, шахтадағы бас инженердің көмекшісі.
Ж.Абдраманов қаланың және облыстың комсомолдық өміріне белсенді қатысқан, Қазақстанның ЖЛКЖО ІХ съезінің делегаты болып сайланып, сонда Н.Ә.Назарбаевпен танысты. Кейін Ворошиловград қаласында Украинаның жас кеншілерінің алғашқы слетына, сонымен қатар әкелер жолы бойынша Қызыл ізшілдер слетына (Москва қ.) қатысты.
1963 жылы КОКП қатарына қабылданды. 1967-1967 жж Қазақ СРО Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болды. Кейін №22 шахтада бас инженер көмекшісі болып еңбек етті.
1975 жылы партиялық жұмысқа - Қарағанды облысының Шахтинскінің тау кен комитеті партиясының хатшысы болып жолданды. Қаланың көмір өнеркәсібіне, Ленин атындағы, «Казахстанская», «Молодёжная», «Степная» және «Шахтинская» шахталарындағы жұмыстарға жетекшілік етті және «Шахтинская» мен «Тентекская» шахталарының құрылысын салып, іске қосумен айналысты.
Оның әріптестері Жұмабек Абдраманұлы Шахтинскінің тау кен комитеті партиясының хатшысы болғанда, шахтаның кенжарында болып, кеншілердің проблемаларына, жас кеншілерге назар бөлген, шахтада кеншілерді жеке қабылдап, олардың түрлі мәселелерін шешуге тырысқан деп айтады.
Кейін «Каруголь» өндірістік бірлестіктің негізгі өндірісін қамтамасыз еткен Қарағанды қаласының Киров аудандық комитеті партиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Қаланың ірі көмір өндіруші ауданы ретіндегі Кировский, кейін Октябрь ауданы мамырда және қазанда өтетін мерекелік демонстарцияларды ашқан, Қазақ СРО Министрлар Кеңесінің өтпелі Қызыл Туын алған. Осы деректе Ж. Абдрамановтың да үлесі бар.
Оның бастамасымен түрлі жылдарда Қарағанды көмір бассейні Жалпыодақтық әлеумеьттік жарыстарда барлық жұмыс көрсеткіштері бойынша үздік үштіктердің қатарында болған.
1977 жылы Қазақстан Компартиясы съезінің делегаты ретінде сайланды.
1980 жылы Қарағанды облыстық комитеті партиясының әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі болып, облыстың құқық қорғау органын басқарды. Генерал Бейсеновтің бастамасымен ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің және Долинкадағы оқу орталығының құрылуына, Кадет оқу орнының ұйымдастырылып, құрылуына қатысты.
1985 жылы көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды аумақтық комитетінің төрағасы болды, Жұмабек Абдраманұлы Шұбаркөл және Борлы көмір разрездерінің құрылысын салу және іске қосылуына, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандардың құрылысын салуға белсенді қатысты. КСРО кәсіподағының ОК барлық пленумдары мен съездеріне қатысты. Көмір өнеркәсібі министрлігі алқасының мүшесі ретінде сайланды, барлық көмір өңірлерінде болда, еңбекті қорғау және жазатайым жағдайларды тергеу бойынша комиссия мүшесі болды.
1990 жылы Ж.Абдраманов Мәскеу қаласында КСРО көмір өнеркәсібі кәсіподағының ОК хатшысы ретінде сайланды.
1995 жылы зейнеткерлікке шыққан кейін Ж.Абдраманов бұзылған пионер лагерін қалпына келтірумен айналысты, 10 жыл бойы демалыссыз ебек ете отырып, Қазақстан Республикасындағы үздік «Орленок» кеншілер балаларының демалыс және тәрбиелеу орталығын құрған, 2008 жылға дейін директоры болып еңбек етті.
Костенко атындағы шахта кәсіподағының төрағасы Владимир Кооп балалар лагерь директорын өте жақсы көргенін айтады. Ол көп демалушылардың ата-аналарымен таныс болған, олармен тығыз жұмыс істеген, бұл Ж.Абдрамановты қайырымды, қамқор және мейірімді адам ретінде сипаттайды.
Ж.А.Абдраманов бірлестік мүшелерінің балаларын сауықтыру бойынша «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы» ҚБ төрағасының кеңесшісі болып табылады. Талантты тау кен инженері, өндірістің ірі ұйымдастырушысы бола отырып, Жұмабек Абдраманұлы өзінің ебек сүйгіштігі, кәсіби біліктігі, адалдығы, әділдігі мен адамгершілігі арқылы қарапайым жұмыскерлерден бастап бірінші басшыға дейін құрметке иеленді.
20 астам жылдан астам уақытта Жұмабек Абдраманов Халық депутаттары кеңесінің облыстық, қалалық, аудандық депутаты болып сайланған (1970-1995жж). Көп жылғы қажырлы еңбегі үшін Еңбек Қызыл ту, «Құрметі белгісі ордендерімен, 5 медальмен марапатталды, «Шахтер даңқы» Белгісінің үшінші дәрежелі кавалері болып табылады, «Құрметті кенші» атағын иеленген. Сонымен қатар Қазақ СРО Министрлер Кеңесінің, ЖОКОК, Қазақ Кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамоталарымен, ХШҚК медальдарымен марапатталған. Жұмабек Абдраманов - 5 баланы тәрбиелеген тамаша отағасы.
70 жылдығы мен 75 жылдығында Жұмабек Абдрамановты Қазақстан Республикасының Президенті құттықтаған. «Вы достойно проработали на разных ответственных постах и всю свою сознательную жизнь посвятили на благо народа и до сих пор трудитесь» - деп Елбасы атап өткен. Сонымен қатар көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Жұмабек Абдрамановқа ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыстар тілеген.
«Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағына Қарағанды қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан үлесі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі үшін 2015 жылғы 9 желтоқсанда ие болды.

Атақты беру күні: 2015 жылғы 09 желтоқсан.


Бекбалаков Абушахма (Бекенұлы)

# Бекбалаков Абушахма Қарағанды қаласының алғашқы құрылысшыларының бірі, Қарағанды көмір бассейніндегі электровоздың бірінші машинисті болып табылады.
Қарағанды облысының Павлодар облысының Баянауыл ауданының Бабаев совхозынан шығысына қарай 20 км жерде орналасқан Тоқан елді мекенінде 05.01.1913 жылы дүниеге келген. А.Бекбалаковтың барлық еңбек қызметі бұрынғы Кеңес Одағының көмір бассейнімен байланысты.
1930 ж. мамырында ол Анар станциясынакөшіп келіп, Ораз Алпысбаевтың артелінде Қарағанды қаласына дейін темір жол құрылысын салуға жұмыс істеді.
1931 жылы Қарағанды облысының тас карьерінде еңбек етті (Ескі қала, Қаздрамтеатр және Пархаменко ат. Зауыт арасында, Жекей Сүлейменов бригадасында).
1933 жылы Кузбассқа барып, Прокопьевск қаласында №25 шахтаның №10-шы ұңғымада еңбек етті. 1933 жылдың қыркүйегінде №9 шахтаға ауыстырылды, онда вагоншы және орманшы болып жұмыс істеді. Мұнда жұмыскерлер 12 көмір қабаттарын ашты. Онымен бірге Германияның шахта құрылысшылары жұмыс істеді. 1934 жылы көмір қабаттары ашылғаннан кейін Абушахма Бекбалаков учаскеге ауысып, кен және бұрғылау балғасымен жұмыс істеді.
1935 жылдың қаңтарында Қарағандыға қайтып келіп, вагоншы және шанашы болып №17 шахтада еңбек етті.
1935 жылдың қазанында тау-кен - өнеркәсіптік мектепке электровоз машинисті курстарына оқуға жолданды.
1936 жылдың мамырында Киров атындағы №3 шахтада электровоз машинисті болып жұмыс істеді. Нормаларды 120-150% орындаған, стахановшы болды, ауыр өнеркәсіп Наркомы оған осы үшін сыйақы берілді. Осы жылы «Каруголь» трестінің жанында Киров ауданында тау кен техникумы аясында социалистік еңбек шеберлерінің үш жылдық мектебі ашылды.
1937 жылы өндірістен қол үзбей Қарағанды тау-кен техникумын үздік тәмамдады.
1939 жылы Халық депутаттарының облыстық кеңесінің депутаты болып сайланды. Сессияда оны облыстық атқарушы комитет мүшесі ретінде сайлады.
1940 жылы Киров атындағы №3 шахтаның шахткомитетінің төрағасы болып сайланды.
1941 жылы Новосибирск қаласында КСРО шығыс аудандарының кәсіподақтарының ОК жанындағы кәсіподақ жұмыскерлерінің курстарында оқыды.
1941 жылдан 1945 жылдың қарашасына дейін Қызыл әскер қатарында борышын өтеді. Соғысты батыс бағытында бастады, кейін оларды Қашық шығысқа ауыстырды. 1942 жылы Ворошилов қаласында Абушахма Бекбалаков санитарлық нұсқаушы курстарын аяқтап, 105-ші бекіністі ауданға жолданды, онда жеке пулемет батальонында қызмет етті. 1-2-5 роталарда партбюро хатшысы болып сайланды.
1946 жылдың қаңтарынан 1949 жылдың тамызына дейін Киров атындағы №3 шахтаның ЖКП ОК (б) парторгының орынбасары болып еңбек етті.
1949 жылдың тамызынан 1951 жылдың сәуіріне дейін №31 шахта меңгерушісінің орынбасары болды.
1951 жылдың сәуірінен 1956 жылдың сәуіріне дейін №26 және №12 шахталарының парторгы болды.
1956 жылдың сәуірінен 1957 жылдың қыркүйегіне дейін бас инженер көмекшісі мен учаске бастығының көмекшісі болып еңбек етті.
1957 жылдан 1963 жылдың тамызына дейін №6/7 шахтасында бас инженер көмекшісі, парторг және тау кен шебері болып жұмыс істеді.
1963 жылдың қарашасынан 1986 жылдың шілдесіне дейін №4 Чурубай-Нуринская шахтасында үстіңгі қабат бастығы, орман қоймасының меңгерушісі, желдету бастығының көмекшісі, тау кен шебері болып еңбек етті.
1986 жылы зейнеткерлікке шықты.
Келесі үкіметтік наградалары бар:

- «Ерлігі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдар, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың медалі және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістың барлық Мерейтойлық медальдар (1941-1945 жж. ҰОС Жеңістің 20, 30, 40, 50 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Женіске 60, 65, 70 жыл);
- ІІ дәрежелі Отан соғысының ордені, «Құрмет» ордені (2013 ж. желтоқсан);
- Кеңес Одағы Генералиссимусінің Жоғарғы бас командирі И.В.Сталиннің құрмет грамотасы.
Қарағанды қаласының қазыбек би атындағы ауданының Ардагерлер кеңесінде есепте тұр.
7 баланы тәрбиелеген тамаша отағасы. 2015 жылдың сәуірінде оның 7 немересі мен 2 шөбересі болды.
«Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағына Қарағанды қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан үлесі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі үшін 2015 жылғы 9 желтоқсанда ие болды.

Атақты беру күні: 2015 жылғы 09 желтоқсан.


Түсіпов Қапас Түсіпұлы

# 23.02.1925 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында №3 ауылда дүниеге келді.
Түсіпов Қапастың барлық еңбек қызметі Қарағанды көмір бассейнімен байланысты. Ол әулетінен кеншілер отбасынан шыққан, №1, №2, №35, №44/45 шахталарында жұмыс істеген.
1943 жылдығ қаңтарынан 1946 жылдың наурызына дейін Қызыл армияның Жұмысшы - шаруа қатарында (ҚАЖШ) әскери борышын өтеген (1946 жылы - Кеңс армиясы), ұрыс шараларына қатысты, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Әскерден қайтарылғаннан кейін Қарағанды қаласына келіп Қарағанды көмір бассейнінің №44/45, «Стахановская», «Карагандинская» шахталарында еңбекті еңбекақыны ұйымдастыру бойынша инженер, еңбек пен қауіпсіздік қорғау бойынша техникалық инспектор болып жұмыс істеді.
1949 жылдың наурызында Кеңес Одағының Коммунистік партия қатарына қабылданды.
1949-1954 жж Қарағанды қ. Слатин ауданының аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
1954-1936 жж. партиялық жұмыс атқарды: №35 және «Вертикальная» шахталарындағы партия ұйымдарының хатшысы.
1964-1967жж. Қарағанды қ. Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып басқарды.
1967-1975 жж. жаңа ұйымдастырылған Қарағанды қ. Кеңес ауданының атқарушы комитет төрағасы ретінде жұмыс істеді.
1975 жылдың басынан 1985 жылға дейін Қарағанды облысының қоғамдық тамақтану басқармасының бастығы ретінде жаңа басқарманың жұмысын ұйымдастырды.
1952 жылы Қарағанды тау-кен техникумын, 1968 жылы - Жоғары партия мектебін аяқтаған.
Өз қызметі кезінде мемлекеттік марапаттаулармен, Қазақ СРО ОК және Министрлер кеңесінің Құрмет грамоталарымен, облыстық комитет грамоталарымен және Қарағанады облысының облатқарушы комитетінің грамоталарымен бірнеше рет марапатталды.
Келесі үкіметтік марапаттары бар:

- «Тың жерлерді игергені үші», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген үшін», «Еңбек қажырлығы үшін» медальдары, Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалі, «Еңбек ардагері», «10 жыл Астана», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл қарсаңында «Қажырлы еңбегі үшін», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медаль және Ұлыт Отан соғысындағы Жеңіс құрметіне барлық Мерейтойлық медальдар (1941-1945жж. ҰОС Жеңіске 20,30,40,50 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Женіске 60, 65, 70 жыл»)
- ІІ дәрежелі Одан соғысының ордені, « Құрмет белгісі» ордені;
- ІІ дәрежелі Кеншілер даңқы» Белгісі, «1941-1945жж. соғыс ардагері» Белгісі, «Ұлыт Отан соғысындағы Жеңіске 25 жыл» Белгісі, ҚазақКеңестік Социалистік республикасының 50-жылдығының құрметіне және Қазақстанда тың жерлердің игерілуіне 20-жлдығы құрметіне естелікті Төсбелгілер.
Халық депутаттарының облыстық, қалалық және аудандық кеңестеріне бірнеше рет депутат болып сайланды.
1985 жылдан бастап ҚР Дербес зейнеткер болып табылады.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданның Ардагерлер кеңесінде есепте тұр.
5 баланы тәрбиелеген ұқыпты отағасы. 2015 жылдың сәуірінде оның 5 немересі мен 8 шөбересі болған.
Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаны, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі үшін «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы 2015 жылдың 9 желтоқсанында тағайындалған.

Атақты беру күні: 2015 жылғы 09 желтоқсан.


Омарбекова Рымбала Кенжебалиевна

# Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 09.02.1943 жылы туды.
Білімі: Қарағанды пелагогикалық институты (1965), орыс тілі және әдебиеті мұғалімі.
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі: КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты (1977-1980); тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Деятельность Советов по развитию культуры села в период развитого социализма» («Дамыған социализм кезеңінде ауыл мәдениетін дамыту бойынша Кеңес құру») (1980).
Еңбек өтілі: телеграфист (1960); орта мектеп мұғалімі (1965-1967); Қарқаралы аудандық комитетінің бірінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі - ҚЛКЖО Қарағанлы облыстық комитетінің хатшысы (1967-1973); Қарқаралы аудандық комитеті партиясының хатшысы (1973-1977); лекторлық топ меңгерушісі, Қарағанды облыстық комитет партиясының үгіттеу және насихаттау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1980-1985); Қарағанды облысының мәдениет басқармасының бастығы (1985-1987); Қарағанды облыстық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары (1987-1992); Қарағанды облыстық мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім департаментінің бастығы, Мәдениет департаментінің бастығы, Қарағанды облысының мәдениет департаментінің директоры (02.1992-02.2011).
Қарағанды облысының мәдениет бойынша сыртқы кеңесшісі (02.2011 жылдан бастап). Қарағанды қаласының «Сарыжайлау» кинотеатрының басшысы.
Сайланған лауазымдар, депутаттық: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 3-шақырылымының депутатына кандидат (2004); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қарағанды облысынан депутатына кандидат (2005). «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрмет атақтары: «Парасат» ордені (2006); медальдар; Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері; Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы.
Рымбала Кенжебалиевнаға «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы қоғамдық қызметте, өңірдің рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытуда қол жеткізген жетістіктері, өскелең ұрпақта патриоттық және азаматтық сезімдерін қалыптастыруға қосқан зор үлесі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту бойынша жемісті жұмысы үшін 2016 жылдың 24 тамызында берілді.

Атақ беру күні: 24.08.2016 ж. (VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының IV сессиясының № 41 шешімі).


Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының блогі

Қарағанды қалалық мәслихатының karmaslihat.kz веб – сайтына қош келдіңіздер!


Сенім телефоны
Қазақстан республикасының
мемлекеттік нышандары






Контактная информация
  Адрес: г. Караганда, Бейбiтшiлiк бульвары, 39А
Телефон: 8-7212-420234
E-mail: info@karmaslihat.kz
Создание и сопровождение сайта
Hoster.KZ