Депутаты Контакты Карта сайта
23.12.2016 г. прошла IX очередная сессия гормаслихата: был принят бюджет г.Караганды на 2017-2019 гг. и ряд других решений. Депутаты провели благотворительную ёлку для 80 детей с особенными потребностями.
img-board-1
img-board-2
img-board-3
img-board-4
img-board-5
img-board-6

1. Жалпы ережелер

2. Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер

3. Мәслихаттарды құру тәртiбi

4. Мәслихаттардың құзыретi

5. Мәслихаттың актiлерi

6. Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдері

7. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

8. Мәслихат регламентi

9. Қарағанды қалалық мәслихатының Регламенті

10. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

11. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

12. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

13. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиялары

14. Мәслихат сессиясының төрағасы

15. Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы (төрайымы)

16. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi




http://www.kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Караганда и других городах Казахстана        

Халық пiкiрi

Сізді қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) қызмет көрсету сапасы қанағаттандырады ма?


Қарағанды қалалық мәслихаты жанындағы Қоғамдық сенім комитеті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Қарағанды қалалық мәслихаты жанындағы Қоғамдың сенім комитеті (әрі қарай - комитет) жергілікті өкілетті органның тиісті түрде тіркелген қоғамдық бірлестіктермен, саяси партияларымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен, сонымен қоса, Қарағанды қаласының жұртшылығымен әрекеттесуін қамтамасыз ететін консультациялық-кеңес беруші органы болып табылады.

1.2. Комитет заңды тұлғалардың құқықтарына ие болмайды, оның шешімдері ұсыныс сипатында болады.

1.3. Комитет өз әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, сонымен қоса осы ережені басшылыққа алады.

1.4. Комитет әрекеті еріктілік және барлық мүшелерінің тең құқылық негізінде құрылады.

1.5. Комитет және оның құрамы туралы Ереже, олардағы өзгерістер мен толықтырулар Қарағанды қалалық мәслихатының сессиясында бекітіледі.

2. Комитет мәнісі, мақсаттары мен міндеттері.

2.1. Комитет әрекетінің мәнісі саяси партиялардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жұртшылықтың тұрақты негізде мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен Қарағанды қаласының қоғамдық-мағыналы мәселелерін шешу үшін әрекеттесуі болып табылады.

2.2. Комитет әрекетінің мақсаттары:

- Комитетке кіретін қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы қала халқының әртүрлі топтарының мүдделерін Қарағанды қалалық мәслихатында ұсыну.

- Қарағанды қаласында қоғамдық бастамашылық пен азаматтық қоғамды дамыту;

2.3. Комитеттің негізгі міндеттері:

- азаматтардың құқықтары, еркіндіктері мен міндеттеріне қатысты мәслихаттың ең маңызды шешім жобаларын дайындау, сонымен қоса, жергілікті өкілетті органның шешім жобаларын дайындауға қатысу.

- шешілуі Қарағанды қалалық мәслихатының құзыретіне жатқыздырылған сұрақтар бойынша Қарағанды қаласындағы қоғамдық әрекетті зерттеу және тәжірибесін жалпылау.

- қаланың қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдар әрекетін координациялау және насихаттау, жергілікті мемлекеттік басқару, сауда емес сектордың және бизнестің серіктестік қатынастарын дамытуға бағытталған азаматтық бастамалар көріністеріне қоғамдық жағымды қатынасты қалыптастыру.

3. Комитет әрекетінің түрлері мен үлгілері

3.1. Азаматтардың құқықтарына, еркіндіктеріне және міндеттеріне қатысты шешім жобаларын дайындауға Қарағанды қалалық мәслихатына ұсыныстар жасау, жергілікті өкілетті органның шешім жобаларын дайындауға қатысу;

3.2. Қарағанды қаласы халқының мүдделерін қозғайтын ақиқатты мәселелер бойынша Комитет отырыстарын, әлеуметтік зерттеулер мен сұрауларын, «дөңгелек үстелдерін», қоғамдық тыңдауларын өткізу.

3.3. Қоғамдық бағыт белсенділерін, сонымен қоса, азаматтық қоғамның дамуына зор үлес қосқан адамдарды марапаттауға ұсыну.

4. Комитеттің құрамы, ұйымдастырушылық құрамы және басшылығы

4.1. Комитет құрамына белгіленген тәртіпте тіркелген қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдардың, сонымен қоса қала жұртшылығының өкілдері кіре алады. Комитет құрылғанның алдында Комитет мүшесіне кандидатурасы Қарағанды қалалық мәслихатымен қиыстырылады.

Комитет мүшесі шығып кеткенде, шығып кеткен мүшені ауыстыру туралы тиісті қоғамдық бірлестіктің, саяси партиясының, мемлекеттік емес ұйымның өтініші Комитеттің ең жуырдағы отырысында қарастырылады.

Комитет құрамына кірмеген басқа қоғамдық бірлестіктерінің, саяси партияларының, мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері оның құрамына енгізу туралы өтініш беруге құқылы, ол Комитеттің кезекті отырысында қарастырылады. Шешім Комитет мүшелері санынан отырыста қатысатын көпшілік дауыстарымен қабылданады.

Комитет құрамына кірмеген басқа да қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері кеңес беру дауысымен бірге Комитет жұмысына қатысуға құқылы.

4.2. Комитет Координаторы болып Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы болып табылады, ол:

- Комитет әрекетін ұйымдастырады;

- Комитет отырыстарын басқарады;

- Комитет отырыстарының күн тәртібінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізіп, оларды бекітеді;

- Комитет отырыстарының ұсыныстары мен хаттамаларына қол қояды;

- оның құзыретіне қатыстырылған басқа да сұрақтарды шешеді.

4.3. Комитет Координаторының орынбасары болып Комитет мүшелерінің бірінші отырысында қатысқан көпшіліктің дауысымен сайланған Қарағанды қалалық мәслихаты депутаттарының санынан Комитет өкілі болып табылады.

4.4. Комитет Координаторының орынбасары:

- Комитет жұмысын ұйымдастыруды бақылайды;

- Комитет отырыстары күн тәртібінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;

- Комитет Координаторының тапсырмаларын орындайды;

- Комитет құзыретіне жатқызылған басқа да сұрақтарды шешеді.

Комитет Координаторы жоқ болған кезде оның міндеттерін Комитет Координаторының орынбасары іске асырады.

4.5. Комитет өз құзыреті мерзімінде Басқарма құрады. Комитет Басқармасы Комитет әрекетін үйлестіріп, ол қабылдаған ұсыныстардың іске асуын бақылайтын орган болып табылады. Комитет Басқармасының құрамына келесілер кіреді:

- Комитет Координаторы;

- Комитет Координаторының орынбасары;

-Бірінші отырысына қатысатын Комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен Комитет құрамынан сайланатын қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері.

Комитет Басқармасын қайта сайлау туралы мәселесі Комитет Координаторының шешімімен немесе Комитеттің барлық мүшелері санының кем дегенде үштен бір бөлігінің шешімімен, немесе Басқарманың өз бастамасымен Комитет отырысына шығарылады.

Комитет Басқармасы мүшелерінің саны жетіден аспауы тиіс.

4.6. Комитеттің және оның органдарының құзыреті осы шақырылымдағы Қарағанды қалалық мәслихатының құзыреті мерзіміне орнатылады.

4.7. Комитет мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктері, саяси партиялары және мемлекеттік емес ұйымдары өз өкілдерін Комитет құрамынан шығарып алу құқығын өздеріне қалдырады.

4.8. Комитеттегі мүшелік өкілін жіберген қоғамдық бірлестік, саяси партия және мемлекеттік емес ұйымы әрекетінің тоқтап қалуына байланысты немесе Комитет мүшесінің жазба өтініші негізінде тоқтатылады.

4.9. Комитет отырыстарына Комитет Координаторының шақыруының негізінде мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа ұйымдар қатыса алады.

5. Комитет әрекетін ұйымдастыру

5.1. Комитет өз әрекетін осы Ереженің екінші тармағында тұжырымдалған мақсаттарға сай құрады.

5.2. Комитет Координатор, Координатор орынбасары, Комитет Басқармасы ұсынған немесе отырысқа қатысатын Комитет мүшелерінің кем дегенде үштен бір бөлігімен қолданған сұрақтар талқыланатын отырыстар өткізеді.

Отырыстар егер оларда Комитет мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан кезде заңды деп есептелінеді.

Комитет шешімдері отырысқа қатысқан Комитет мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

5.3. Комитет бекітілген күн тәртібіне және жұмыс жоспарына сәйкес отырыстар өткізеді. Комитет жұмысының жоспары Қарағанды қалалық мәслихатының келешек жұмыс жоспарын және Комитет мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып отырыстар өткізеді.

5.4. Комитет отырыстары тұрақты комиссиялар отырыстарында немесе Қарағанды қалалық мәслихатының сессияларында қарастырылуы мүмкін.

5.5. Комитет Координаторы Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты арқылы әкімдіктен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің өкілді тұлғаларынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, ұйымдардан Комитет құзыреті бойынша қажетті сұрақтарды сұрауға және алуға құқылы.

5.6. Комитет мүшесі күн тәртібін, жұмыс жоспарын, сонымен қоса, Комитет ұсыныстарын дайындауға, қарастыруға, талқылауға және бекітуге қатысады.

5.7. Комитет мүшелері Қарағанды қалалық мәслихатының сессияларына және тұрақты, уақытша комиссияларының отырыстарына қатысуға құқылы.

5.9. Комитет қажеттілік туған кезде отырыстар өткізеді. Комитет отырыстары Қарағанды қалалық мәслихатының отырыстар залында өткізіледі.

5.10. Комитет жұмысы туралы мәлімет Қарағанды қаласының әкімдігіне, облыстық мәслихат депутаттарына, бұқаралық мәлімет құралдарына жіберілуі мүмкін.

5.11. Комитет өз әрекетін Комитет мүшелерінің кем дегенде үштен бір бөлігінің немесе Қарағанды қалалық мәслихатының шешімімен тоқтатады.

5.12. Комитет әрекетінің құқықтық, ақпараттық, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратымен іске асырылады.

Қарағанды қалалық мәслихатының жанындағы

Қоғамдық сенім комитетінің дербес құрамы

1.

Оспанов

Қабдығали Нұрғалиұлы

Қалалық мәслихат хатшысы, комитет координаторы;

2

Сыздықова Сайран Биғалиқызы

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қорының» ҚФ атқарушы директоры, координатор орынбасары


Комитет мүшелері:


3

Аймағамбетов

Марат Сейфұллұлы

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы

4

Бадина

Юлия Викторовна

«Нұр Отан» ХДП Қарағанды қалалық филиалы төрағасының орынбасары

5

Бижанова

Гүлнара Қадыржанқызы

10 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, құқықтық бақылау департаментінің директоры

6

Борисенко

Александр Васильевич

6 сайлау округі бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Абсолют Қазақстан» ЖШС президенті

7

Бойко

Дмитрий Макарович

Зейнеткер, Қарағанды қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі

8

Буздалина

Ольга Ивановна

«Салтанат» ЖШС директоры

9

Гусаков

Юрий Анатольевич

Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылықты қорғау бойынша бюроның ҚОФ директоры

10

Долинский Виталий Иванович

«ВИД» ЖШС директоры

11

Доскенов

Талғат Қазкенұлы

Қазақстандық кәсіпкерлер ассоциациясының президенті

12

Еркаева

Нина Федоровна

«Білім беру және даму» ҚБ директоры

13

Жазықбаев

Ерғазы Садвақасұлы

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы

14

Жұмабеков

Бейсембай Қуанышұлы

Қарағанды облыстық мәслихат хатшысы

15

Ивкин Александр Михайлович

«Лайықты өмір» мүгедектерді қалыпқа келтіру орталығы ҚБ төрағасы

16

Козаченко

Надежда Вениаминовна

«Кредо» ҚБ директоры

17

Калмыков

Дмитрий Евгеньевич

«ЭкоМұражай» ҚБ директоры

18

Кистанов

Сергей Павлович

Облыстық туристік клубының директоры

19

Красникова

Наталья Васильевна

«Детство» МЕҰ директоры

20

Құрбанбаева

Гүлнар Түретайқызы

«Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

21

Литвинов

Владимир Игнатьевич

«ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының мүшесі

22

Медведева

Галина Ивановна

«ҚР ардагерлер ұйымы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының мүшесі

23

Москвитин

Валерий Леонидович

«Қазақстанның коммунистік партиясы» ҰБ ҚОФ бірінші хатшысы

24

Олжабаев

Амангелды Рақымұлы

«АЗАТ» ҚДП ҚОФ төрағасы

25

Оспанова

Майра Мажкенқызы

№ 58 ОМ директоры орынбасары

26

Оспанова

Қадиша Базарбайқызы

«Нур Отан» ХДП ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары

27

Полещук Сергей Васильевич

№3 сайлау округі бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Эргономика» ЖЗҚ ЖШС директоры

28

Селиванова

Татьяна Алексеевна

«Қазақстанның коммунистік партиясы» ҚБ ҚОФ хатшысы

29

Сухорукова

Наталья Евгеньевна

№11 сайлау округі бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Шахтер» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры

30

Фролов

Сергей Павлович

«Медиалайф» ҚБ әлеуметтану саласындағы маман



Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының блогі

Қарағанды қалалық мәслихатының karmaslihat.kz веб – сайтына қош келдіңіздер!


Сенім телефоны
Қазақстан республикасының
мемлекеттік нышандары






Контактная информация
  Адрес: г. Караганда, Бейбiтшiлiк бульвары, 39А
Телефон: 8-7212-420234
E-mail: info@karmaslihat.kz
Создание и сопровождение сайта
Hoster.KZ